Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 68 стр.

Год: 2006

Полный просмотр работы

Ұйымдардың міндеттемелерінің есебі және аудиті


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I-ТАРАУ. ҰЙЫМДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ 5
1.1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 5
1.2 Ұйымның есеп саясаты және оны құрудың мақсаты мен маңызы 6
II –ТАРАУ. АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЩ ЕСЕБІ 16
2.1 Бюджетпен есеп айырысулардың есебі 16
2.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу 42
2.3 Басқа да кредиторлық борыштардың есебі 46
III –ТАРАУ. МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ АУДИТІ 49
3.1 Аудиторлық тексерудің міндеті мен мақсаты 49
3.2 Ағымдағы міндеттемелердің аудиті 50
3.3 Ұйымның міндеттемелерін экономикалық талдау 64
ҚОРЫТЫНДЫ 66
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТТЕР 68

КІРІСПЕ

Бухалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші ұйымдардың және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқарушы үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін есепке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындар өзінің қызметі барсында меншікті капиталмен қатар қатыстырылған капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.

I-ТАРАУ. ҰЙЫМДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ

1.1 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Ұйымдағы бухгалтерлік және салық есебін ұйымдастыру үшін ұйымның басшысы жауапты. Ұйымның басшысы осы ұйымдағы бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін, барлық қызмет бөлімшелерінде қызметтің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуін, бас бухгалтерден мәліметтерімен құжаттар есебін дұрыс құруын және мерзімінде беруін қадағалап, қажетті жағдай жасауға міндетті.
Ұйымдағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтердің басқаруымен бухгалтерияда жүргізіледі. Бас бухгалтер осы ұйымның басшысымен тікелей жұмысқа алынады.
Ұйымның бас бухгалтері бухгалтерлік және салық есебін ҚР-ғы заңдылықтар мен жарлықтарға сәйкес әдістемелік принциптерге сай жүргізеді және оған жауапты болады. Бас бухгалтер ұйымдағы барлық шаруашылық операцияларды БЕ шоттарында дұрыс көрсетілуін бақылайды, оперативті мәліметтерді беру және көрсетілген мерзімде бухгалтерлік және қаржылық есептілікті дайындап, ұйымның қаржы шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жасауға міндетті. Бас бухгалтер ұйым басшысымен бірге ТМҚ мен ақша қаражатының кіріс ету, шығыс ету құжаттарын сонымен қатар қаржылық есеп, несиелік міндеттемелердің құжаттарына қолын қояды. Осы көрсетілген құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз жарамсыз болып табылады. Ұйым басшысы әр бөлек құрылым бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларына бас бухгалтердің келісімімен құжаттарға қол қойып, шешім қабылдануына рұқсат береді.

1.2 Ұйымның есеп саясаты және оны құрудың мақсаты мен маңызы

«Казпочта» акционерлік қоғамының филиалы «Почтажабдықтау» (бұдан әрі – Филиал) «Казпочта» акционерлік қоғамының оқшауланған бөлімшесі болып табылады және оған есеп береді. Филиал заңды тұлға болып табылмайды, өз қызметін «Казпочта» АҚ атынан және оған «Казпочта» АҚ берген өклеттіктер шегінде жүзеге асырады. Филиал өз қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, «Казпочта» АҚ нормативтік актілерін, оның ішінде «Казпочта» АҚ Басқармасы Төрағасының бұйрықтарын, өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады. Филиалды «Казпочта» АҚ Басқармасы Төрағасы қызметке тағайындайтын және босататын директор басқарады. Филиал орналасқан жері бойынша заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді жүргізетін органда есептік тіркелуге жатады. Филиал қызметінің мақсаты мен нысаны заңдарда белгіленген тәртіппен «Казпочта» АҚ өндірістік мақсаттағы өнімдермен материалды-техникалық қамтамасыз етуді «Казпочта» АҚ үшін жабдықтар мен басқа да материалды-техникалық ресурстарды жеткізіп беруге өтінімдерді орналастыру, пайдаланылатын материалдық ресурстарды есепке алу және «Казпочта» АҚ бөлімшелерінің материалдық ресурстарды пайдалануына бақылауды, көлік құралдарының барлық түрлерін қолдану арқылы ірі көлемді пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және жеткізіп беруді жүзеге асыру арқылы жеке және заңды тұлғаларға пошта байланыс қызметтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Ережемен көзделген өзге де қызметтерді жүзеге асыру болып табылады.

II –ТАРАУ. АҒЫМДАҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДЩ ЕСЕБІ

2.1 Бюджетпен есеп айырысулардың есебі

Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
2001-жылгы 12-маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» (өзгертулермен жөне толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке жөне заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.

2.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу

Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім-шартқа отырады.
Демек, кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 671 «Төлеуге шоттар» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 671-шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша - есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

2.3 Басқа да кредиторлық борыштардың есебі

Жалдық міндеттемелердің есебі. Бұл міндеттемелер есебі «жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жылға алушы ұйымның негізгі құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табылады. Ал «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық(аналитикалық) есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.
Төленуге тиісті сыйақы есебі. Алынған несие, жалдық келісім-шарт және шығарылған бағалы қағаздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың (проценттердің) есебі «Төленуге тиісті сыйақы» деп аталатын шотта жүргізіледі.
Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі. Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сонда-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнетақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайдыларда кәсіпорындар өсім сомасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайда айыппұлдар салынуы мүмкін.

III –ТАРАУ. МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ АУДИТІ

3.1 Аудиторлық тексерудің міндеті мен мақсаты

Аудиттің негізгі мақсаты ұйымның бухгалтерлік есебін тексеру болғандықтан, оның ең негізгі көзі болып бухгалтерлік құжаттар саналынады. Ақпарат көзі ретінде есеп кестелері ерекше орын алады, себебі қандай есеп болса да есеп көрсеткіштері есеп жасау үшін кестелер арқылы бір жүйеге келтіріледі. Өз кезегінде есеп көрсеткіштері кестелер арқылы бір жүйеге келтіріледі. Өз кезегінде есеп көрсеткіштері кестелердің топталған екі жақты жазу әдісін қолданып негізделген мәліметтер арқылы жасалынады.
Аудит жұмысы барысында бухгалтерлік есеп кестесінің алатын орны ерекше. Себебі, есеп көрсеткіштері кестелер арқылы жүйеге келтіріледі. Есеп кестелерінің түрі, мазмұны есеп формаларына сәйкес әр түрлі болады. Қазіргі кезде компьютерлік есеп жүргізу көп қолданылғанымен алғашқы есеп құжаттарын жүйеге келтіру үшін есеп кестелері, кітап, ведомость ретінде қолданылып отыр. Ондағы мақсат сол есеп кестелері арқылы бухгалтерлік есеп ақпаратын бір жүйеге келтіру, олардың мазмұн-мағынасын есеп жүргізу талабына сәйкес келтіру, сонымен қатар заң талабына сәйкес есеп ақпаратын топтау.

3.2 Ағымдағы міндеттемелердің аудиті

Ағымдағы міндеттемеге банктың қысқа мерзімді несиелері қысқа мерзімді займдар және кәсіпорынның кредиторлық қарыздары жатады.
Банктың қысқа мерзімді несиесі бір жыл мерзімге беріледі. Қысқа мерзімді несиені алу мен қайтарумен баланысты есепті - несиелік операциялар 601 «Банктердің қарыздары», 602 «Банктен тыс мекемелердің қарыздары» және 603 «өзгелер» шотында жүргізіледі. Әрбір осы шоттарда субшот бар: «Қысқа мерзімді несиелер». Бүл шоттар пассивті, сальдо есепті кезеңнің басындағы қайтарылмаған қарыздар сомасын көрсетеді, Дт бойынша айналым-кредитті қайтаруға аударылмаған сома, Кт бойынша айналым-несиеге алған сома алынған несиелер сомасы корреспондецияда мынадай бөлімнің шоттарымен көсетіледі: 42, 43, 44, 64, 67. Қайтарылған несие сомасына 60 бөлімнің тиісті шоттары дебеттеледі.
Қысқа мерзімді несиелердің аналитикалық есебі несиенің банктің түрлері бойынша және жеке кредиторлар түрі бойынша жүргізіледі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Бухгалтерлік есеп мәліметтері басқару жүйесінің негізі болып табылады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» заңының талаптарына сәйкес ұйымның басшылары өз қажеттеріне сай келетін есепке алу жүйесін, бухгалтерлік есеп беруді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындар өзінің қызметі барсында меншікті капиталмен қатар қатыстырылған капиталды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Кез-келген ұйымның қызметін көрсетуі мен шаруашылық операцияны жүргізу барысында біршама міндеттемелері пайда болады. Міндеттеме дегеніміз ұйымның пайда табу және қызметін одан әрі дамыту мақсатындағы алған ұзақ және қысқа мерзімді қарыздары. Ұйымның қысқа мерзімді қарыздары бухгалтерлік есепте ағымдағы міндеттеме деп аталады.