Мәшине бөлшектері мен тораптарын жобалау мәселелері
Жоспар
1 Мәшине бөлшектері мен тораптарын жобалау мәселелері 3
1.1 Мәшине бөлшектерінің конструкциясына қойылатын негізгі талаптар 3
1.2 Мәшине бөлшектерін есептеу жолдары 4
1.3 Беріктікке есептеу 4
1.4 Тұрақты күш түскенде беріктікке есептеу 5
1.5 Айнымалы күш түскенде беріктікке есептеу 8
1.6 Қатаңдық және орнықтылық 10
1.7 Тозуға төзімділік 11
1.8 Жылуға төзімділік 13
1.9 Дірілге төзімділік 13
1.10 Мәшинелердің сенімділігі 13
1.11 Мәшине бөлшектерін жасау технологиясының оңайлығы 15
1.12 Мәшине бөлшектері мен тораптарының жобалау жұмыстарын жүргізу негізі, орындау жолдары және оларды ұйымдастыру 16
Әдебиеттер 18
1 МӘШИНЕ БӨЛШЕКТЕРІ МЕН ТОРАПТАРЫН ЖОБАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Мәшине бөлшектерінің конструкциясына қойылатын негізгі талаптар
Мәшине бөлшектерінің конструкциясын ойластырғанда, біз ең алдымен оларға койылатын талаптарды біліп, одан кейін оларды сол талаптарға сәйкес жасауымыз керек. Ол талаптар мынадай:
1. Мәшине бөлшектері белгілі бір мөлшерде қондыру орнына сәйкес етіп жасалынуы қажет және сол мәшиненің жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз етуі керек.
2. Мәшине бөлшектері берік, қатаң, тозуға шыдамды, ыстық пен дірілге төзімді болуы және ұзақ уақыт сынбастан сенімді қызмет атқаруы қажет.
1.2 Мәшине бөлшектерін есептеу жолдары
Мәшине бөлшектерінің жұмыс істеу қабілеті және көпке шыдамдылығы олардың беріктігіне, тозуға төзімділігіне, қатаңдығына, ыстыққа және дірілге төзімділігіне байланысты болады. Әр түрлі бөлшектер түрлі жағдайда жұмыс істейді. Мысалы, егер сырғанау подшипниктері тозудан істен шығатын болса, ал бұрандалы болттар көбінесе сынады. Сондықтан сырғанау подшипниктері тозуға төзімді болуы және сол тозу төзімділігіне есептелуі қажет.
1.3 Беріктікке есептеу
Беріктікке есептеу үш түрлі жолмен жүргізіледі. Біріншіден, жоғарыда көрсетілген формулаларды пайдаланып қима ауданында сыртқы күштердің әсерінен пайда болатын кернеулердің ең жоғары мәнін анықтап, оларды мүмкіндік кернеумен салыстыру арқылы жүргізіледі.
1.4 Тұрақты күш түскенде беріктікке есептеу
Тұрақты күш деп шамасы мен бағыты өзгермейтін күшті айтады (1.1, а-сурет). Тұрақты күш әсер еткенде есептеу жолын білу үшін шоғырлану коэффициентімен таныс болу қажет. Егер бөлшекті қиып қарайтын болсақ, сол бөлшек қимасы әр түрлі болып келеді, себебі мәшине тетіктерінің атқаратын қызметіне сәйкес олардың пішіні әр түрлі болады. Сондықтан бөлшек қимасындағы күш кернеуі бірдей болмайды.
1.5 Айнымалы күш түскенде беріктікке есептеу
Егер денеге түскен күштердің шамасы және бағыты уақытқа байланысты өзгеріп отырса, ондай күштерді айнымалы күштер деп атайды. (1.1-сурет ).
Айнымалы күштер өздерінің шамасы мен бағытының өзгеруіне байланысты үш түрге: пульсирлік цикл, симметриялық цикл, айнымалы цикл болып бөлінеді.
1.6 Қатаңдық және орнықтылық
Қатаңдық дап, бөлшекке күш түскенде өзінің пішінін өзгертпей сақтап қалатын қабілетін айтады. Қыздырып және химиялық әдістермен өңдеу арқылы болаттың беріктігін және беттік беріктігін арттыруға болады, ал қатаңдығын өзгертуге болмайды, себебі қатаңдық тек қана серпімділік модуліне байланысты болады. Сондықтан көптеген бөлшектердің мөлшері қатаңдыққа есептеу арқылы табылады.
1.7 Тозуға төзімділік
Тозған бөлшектер көбінесе төмендегі бұзылу жағдайларына әкеп соғады:
1. Тозу нәтижесінде бөлшектердің беріктігі төмендейді және динамикалық күштердің шамасы артады. Бұл жағдай бөлшектердің сынуына әкеп соғады.
2. Приборлардың, өлшеу аспаптарының және станоктар бөлшектерінің тозуы, олардың дәлдігін кемітіп, қолдануға жарамсыз етеді. Қазіргі уақытта тозудың көптеген түрі анықталды. Тозу мәшине бөлшектерінің жанасу бетіне сырттан енген қаттылығы жоғары абразивтер түсуден, тотығудан, металдардың бірімен-бірі қабысып қалудан және қажудан пайда болады.
1.9 Дірілге төзімділік
Дірілге төзімділік деп, бөлшектердің зиянды тербеліссіз, өздеріне тән тербеліс режимдерінде жұмыс істеу қабілеттілігін айтады. Мәшине бөлшектерін діріл төзімділігіне есептеу іс жүзінде зиянды тербелістің немесе резонанс құбылысының пайда болу шарттарын есептеуге әкеп соғады.
1.10 Мәшинелердің сенімділігі
Мәшинелердің сенімділігі деп, олардың белгілі бір мерзімде ақаусыз бұзылмай жұмыс істеу қабілеттілігін айтады. Кейінгі кезде мәшинелердің сенімді, автоматтар неғұрлым күрделі болса, соғұрлым олардың бөлшектері де сенімді болуы қажет. Мысалы, автоматтандырылған механикалық цехтарда ондаған, жүздеген станоктарды бірімен-бірін тізбектеп қосып, олардың бір-біріне байланысты жұмыс істеуін талап етеді Ал мұндай жағдайда бір станоктың істен шығып қалуы бүкіл цехтағы автоматтың жұмыс істеуіне әсерін тигізеді. Сондықтан қазір мәшине бөлшектерін сенімділікке есептеу жолдары қарастырылуда.
1.11 Мәшине бөлшектерін жасау технологиясының оңайлығы
Мәшинелерге және оның бөлшектеріне қойылатын ең негізгі талаптардың бірі – оларды жасау технлогиясының оңай болуы. Жасау технологиясының оңай болуы мәшиненің құнын едәуір арзандатады. Берілген зауыт жағдайында аз еңбек және қаржы шығынымен дайындалатынын бөлшектің жасау технологиясы оңай және үнемді болып табылады. Конструкцияның технологиялығы төмендегілермен сипатталады:
1.12 Мәшине бөлшектері мен тораптарының жобалау жұмыстарын жүргізу негізі, орындау жолдары және оларды ұйымдастыру
Жобалау деп төмендегі этаптардан тұратын процесті айтады:
а) техникалық тапсырма. Бұл этапта мәшине конструкциясының схемасы қарастырылады;
б) кинематикалық, беріктік, жылулық және басқа жобалау және тексеру есептері орындалады;
Әдебиеттер
1. Серікбаев Д., Тәжібаев С. – Машина детальдары, Алматы, Мектеп, 1983, 5 – 37 беттер.
2. Тәжібаев С. Д. Қолданбалы механика, Алматы, білім, 1994, 136 – 180 беттер.
3. П.Г Гузенков. Детали машин, М.: Высш. Школа, 1982, 8-34 беттер.
4. П.Г. Гузенков, А.Г. Гришанов, В.П. Гузенков. Курсовое проектирование по деталям машин и подъемно-транспортным машиннам, М.: Высш. Школа, 1990, 3-68 беттер.