Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 9 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Бухгалтерлік балансты әкономикалық оқу. Экспресс – талдау

Қаржылық есепті тексеру барысында аналитикалық шаралардың жүргізілуі қойылған мақсаттарға, сондай-ақ әр түрлі ақпараттық, мерзімдік, әдістемелік, кадрлық және техникалық қамтамасыз ету факторларына байланысты болады.
Аудитордың аналитикалық қызметінің логикасы оны, яғни талдауды екі модульдік құрылым түрінде ұйымдастыруды көздейді:
- қаржылық есепті экспресс-талдау;
- қаржылық жағдайды тереңдетіп (нақтылап) талдау.
Экспресс-талдаудың мақсаты шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы мен даму динамикасын көрнекті түрде және қарапайым бағалау болып табылады.
Экспресс-талдаудың үш кезеңде жүргізілуі орынды:

Баланс валютасының абсолюттік өзгерісін анықтаумен қатар, оның өсу қарқынын өнімді сату және жиынтық (таза) табыстың өсу қарқынымен салыстыру керек. Баланс валютасының өсу қарқынының сату және жиынтық табыс көлемінің өсу қарқынынан асып түсуі, берілген кәсіпорында қаражатты пайдаланудың жақсарғандығын көрсетеді және керісінше, баланс валютасының өсу қарқынынан өндіру, сату және жиынтық табыс көлемінің өсу қарқынының артта қалуы кәсіпорынның қаржыны пайдалануының нашарлағандығын көрсетеді.
Бухгалтерлік балансты оқу процесінде әрбір бапты екі аспектіде қарастыру қажет: