Инвестициялық қызметті құқықтық реттеудің кейбір ерекшеліктері
Кез келген экономикалық жүйенің тұрақты және кезектілікті дамуы қаржы салымдарынсыз мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан экономикасының стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге сәйкес реформалаудың маңызды ережесі болып осы үрдісті инвестициялық ресурстармен ұтымды қамтамасыз ету болып табылады. Тартылатын инвестициялардың аумағы мен көлемі, олардың келу жылдамдығы әлеуметтік-экономикалық ұғымдарға біріктірілген «инвестициялық климат» ретіндегі факторлар кешеніне байланысты болады. Инвестициялық климатты қалыптастыратын факторлардың бірі ретінде реттелу климаты болады, яғни заңмен бекітілген инвестиция үшін құқықтық жағдайлар. Экономикалық мағынада инвестиция дегеніміз - өнеркәсіпке, ауыл шаруашылыққа, көлікке және шаруашылықтың басқада салаларына ұзақ мерзімді капитал салымдары нысанында жүзеге асырылатын шығындардың жиынтығы, бұл шығындардың мақсаттары пайда (кіріс) алу және жағымды әлеуметтік жағдайға қол жеткізу болып табылады.
Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді қамтуы тиіс: - дайын өнім шығару арқылы экспорттық әлуетті арттыратын салалар дамуына басымдық беру; - ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және импортты алмастыратын өнім өндірісін кеңейту; - негізінен отандық өндіріс есебінен халық шаруашылығы барлық салаларының өндірістік аппаратын жаңарту; - халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету; - экономиканың аграрлық секторының дамуын тездетуге бағытталған қаржы және несие қорларын арттыру және т.б.
Бұдан көзделетіндей, бірінші кезекте, инвестицияларға деген қажеттіліктерді, яғни экономиканың басым бағыттарындағы мемлекеттің кезек күттірмес қажеттіліктері үшін тікелей инвестицияларға деген қажеттіліктермен ғана емес, сонымен қатар аймақтар мен кәсіпорындар деңгейіндегі өзге салалардағы қоржындық (портфельдік) инвестицияларға деген қажеттіліктерді айқындап алу қажет.
1. Көп деңгейлі мониторингтің заңды рәсімделген жүйесі қажет, яғни үздіксіз көп жылдық бақылау ол өзіне мыналарды енгізеді:
Инвестициялық қызметтің белсенділігін арттыруда коммерциялық емес тәуекелдерден сақтандыру ерекше рол атқаруы тиіс. Қазақстанның оларды саяси және өзге коммерциялық емес тәуекелдерден сақтандыруды жүзеге асыратын инвестицияларға кепілдіктер беру жөніндегі көп жақты агенттіке бірігуі (қосылуы) осы саладағы маңызды қадам болып саналады.
Жалпы сипаттағы шаралардың ішінен келесілерді атауға болады:
Қазақстан Республикасының инвестициялық жүйесін жалпы даму үрдісін, даму деңгейін қарастыра келе елдегі жалпы инвестициялық жүйені бір орталықтандырып қалыптастыру керектігі туындайды. Дамыған елдердің қаржыландыру жүйесі инвесторлардың тигізетін ықпалы жоғарғы деңгейде екендігі және соның арқасында алатын үлесі елдің экономикасын өркендетуіне ықпал ететіндігі анық.