Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 31 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кәсіпорынның табысы және қаржылық жағдайы


Мазмұны

Кіріспе 3

1 Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы 5
1.1 Кәсіпорын табысының экономикалық мәні 5
1.2 Табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі және функциялары 7
1.3 Кәсіпорын табысының қалыптасуы және орналастырылуы 9

2 Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау 12
2.1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау 12
2.2 Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері 15
2.3 Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі 19

3 Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері 24
3.1 Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары 24
3.2 Қаржылық тәуекелдердің кәсіпорын табысына әсері 27

Қорытынды 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі 31

Кіріспе

Нарықтық қатынастар жағдайларында кәсіпорынның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан кәсіпорынды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.

Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі мен оны арттырудық жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:
- кәсіпорын табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
- кәсіпорын табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
- кәсіпорындардағы табыстың артуын түрлі факторлардың және қаржылық тәуекелдердің әсерін анықтау.
Зерттеу объектісі ретінде кәсіпорынның өндірістік, инвестициялық, қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорынның табысының жалпы ұғымына және оның кәсіпорын қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады.
Екінші тарау барысында кәсіпорындардың табыстылық деңгейін талдаудың әдістемесі және рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері зерттеуге алынады. Сонымен қатар, кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі де қарастырылады.
Үшінші тарауда қазіргі таңдағы кәсіпорындардың табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары қарастырылады.
Курстық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.

1 Кәсіпорын табысының ұғымы және маңызы

1.1 Кәсіпорын табысының экономикалық мәні

Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.
Біз білетіндей, кәсіпорын табыстары оларды алудың және қолданудың сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:
- негізгі қызметтен алынған табыс;
- өзге де табыстар.

1.2 Табыстың кәсіпорын қызметіндегі ролі және функциялары

Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей, жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс табу кез-келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез-келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал салымдары банктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.

1.3 Кәсіпорын табысының қалыптасуы және орналастырылуы

Кәсіпорын табысының қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі, пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады.

Кәсіпорынның жалпы табысы оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады. 1.1-суретте кәсіпорынның жалпы табысының қалыптасу үлгісі берілген.
Жалпы табыстың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған табыстары кіреді. Бірінші кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге, өткізуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.
Екіншіден, жалпы табыстың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан алынған табыс, яғни кәсіпорынның балансында есептелетін қосалқы өндірістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің, көлік шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың) табыстары кіреді.
Үшіншіден, жалпы табыстың құрамына негізгі қорларды және өзге де мүліктерді сатудан түскен табыс кіреді.
Сондай-ақ, жалпы табыс өткізілімнен тыс алынған табыстар мен шығындарды, яғни тауарды немесе қандай-да бір активті сатудан тыс операциялардың нәтижесін, қамтиды.

2 Кәсіпорын табысын талдау және жоспарлау

2.1 Кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін талдау

.Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішке аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші - өнімді (қызметтерді, жұмыстарды) өткізуден алған табыс. Ол қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдерді, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құнын, сату және баға шегерімдерін алып тасталып көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлесті өнімдер мен тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және басқа да факторлармен анықталады.
Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлық-материалдық қорлардың тым артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.
2.1-кестеде өнімді өткізуден түскен табысты алу жоспарының негізделуін тексеру жөнінде мәліметтер келтірілген.

2.2 Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштері

Табыстылықтың негізгі көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану секілді мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін (рентабельділігін) сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.
Басқару тиімділігінің көрсеткіші ретінде өндіріске салынған капиталдың табыстылық деңгейі оның сапасының индикаторы болып табылады. Кәсіпорынның инвестициялауға қажетті табысты жеткілікті көлемде алу мүмкіндігін білдіретін өлшеуіш ретінде, салынған жалпы капиталдың табыстылық деңгейі кәсіпорынның ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығының сенімді көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты ол инвесторлар мен несие берушілердің үлкен назарына ие болады.

Кестеден байқағанымыздай, аталған кәсіпорында жалпы активтердің табыстылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 1,03 пунктке артып және 17,55%-ды құрайды. Алайда, бұл көрсеткіштің деңгейін білу жеткіліксіз. Оның қандай факторлардың есебінен құрылғанын және активтердің табыстылық деңгейін өсіру және сақтау үшін бұл факторлардың сенімділігін талдау, әлдеқайда маңызды болып келеді.
Арнайы оқулықтарда бұл көрсеткіш деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларға және оларды есептеуге қатысты екі түрлі көзқарас кездеседі. Факторларды сандық және сапалық етіп бөлу және активтерді есептеу, дәстүрлі көзқарас болып табылады. сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және соңына есептеліп, екіге бөлінген активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады.
Бұл екі фактордың талданып отырған көрсеткіш бойынша алыған ауытқуға (+1,03) ықпалын анықтау үшін өткен жылғы табыс және есепті жылғы жалпы активтер бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициенттерін есептейміз: (5040:37254•100), бұл біздің мысалымызда 13,53%-ды құрайды. Одан өткен жылғы табыстылық коэффициентін алып тастау арқылы, жалпы активтер өзгерісінің ықпал ету мөлшерін анықтаймыз. Бұл фактордың талданып отырған көрсеткішке кері әсері 2,99 пунктті құрайды (13,53 – 16,52). Таза табыстың 1498 мың теңгеге өсуі зерттеліп отырған көрсеткішті 4,02 пунктке (17,55-13,53) өсірді. Бұл екі фактордың жиынтық әсері өткен жылғы мәнімен салыстырғанда жалпы активтердің табыстылық деңгейінің оң нәтижелі ауытқуын беріп отыр (-2,99 + 4,02 = +1,03).
Екінші көзқарас бойынша кәсіпорынның табыстылық деңгейінің өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларғ келесілер жатады:

2.5-кестеден байқайтынымыз, өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі есепті жылы 9,32% құрайды, ал өткен жылы 7,75% болған, яғни оның көлемі 1,57 пунктке (9,32 – 7,75) өскен.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің өзгеруіне ықпал етуші факторлардың әсері келесі есептеулер бойынша тізбектеп ауыстыру әдісімен анықталады:
1) өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы таза табыстың көбеюі осы көрсеткіштің 2,82 пунктке өсуіне алып келеді (10,57 – 7,75), мұндағы 10,57 = 0,2821:(2,0427 – 0,6251) •100;
2) қор сыйымдылығының көбеюі, яғни негізгі өндірістік қорлардың қор қайтарымдылығының азаюы олардың табыстылық деңгейінің 1,27 пунктке (9,30 – 10,57) төмендеуіне алып келеді, мұндағы 9,30 = 0,2821:(2,4069 +0,6251) •100;
3) материалдық айналым қаражаттарын бекіту коэффициентінің азаюы, яғни олардың айналымының жылдамдауы, өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің 0,02 пунктке (9,32 – 9,30) өсуіне алып келді. Осылайша, факторлар бойынша өндірістік қорлардың табыстылық деңгейінің жалпы өсімі 1,57 пунктті құрайды (+2,82 – 1,27 + 0,02), ол өткен жылдың мәліметтерімен (9,32 – 7,75) салыстырғанда бұл көрсеткіш деңгейінің жалпы өзгерісіне сәйкес келеді.
Осылайша, негізгі құралдардың, жалпы активтердің табыстылық деңгейі немесе қызметтің барлық түрлерінің барлық табыстылық көрсеткіштері кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.

2.3 Кәсіпорын табысын жоспарлау әдістемесі

Табысты жоспарлау қаржылық жоспарлаудың құрамдас бөлігі болып табылады. Ол кәсіпорын қызметінің барлық түрлері бойынша жеке-жеке жүргізіледі. Табысты қызмет түріне қарай жекелей құру қызметінен алынған табысқа салық салу ерекшеліктеріне байланысты. Жоспарлау барысында табысқа әсер етуші барлық факторлар ескеріледі және қаржылық шешімдер қабылдаудың нәтижелерінің түрлі нұсқалары қарастырылады.
Жоспарлау объектісі ретінде, бірінші кезекте, өнімді өткізуден алынатын табыс қарастырылады. Табысты есептеудің негізі – сатылатын өнімнің болжамды көлемі болып табылады. Сатылым көлемі анықталғаннан кейін контрагенттермен жасалған келісім-шарттар негізінде өндірістік бағдарлама әзірленеді. Өндірістік бағдарлама өткізілетін өнімнің жоспарлы көлеміне және жоспарлау кезеңінің басындағы және соңындағы қоймадағы дайын өнім қалдықтарының көлеміне байланысты анықталады.
Әрі қарай өндірістік өзіндік құнға қосылатын өндірістік үстеме шығындардың сметасы құрастырылады. Бұл шығындардың сомасы олардың құрамына және өндіріс көлеміне байланысты болып келеді. Айнымалы және тұрақты шығындар жеке қарастырылады.

2.1-суреттегі үш негізгі сызық айнымалы шығындардың, тұрақты шығындардың және өткізуден алатын соманың өндіріс көлемінен тәуелді екенін көрсетеді. Өндірістің қауіпті көлемінің нүктесі өнімді өткізуден түскен соманың өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын өндіріс көлемін көрсетеді.

3 Кәсіпорын табыстылығын арттырудың негізгі мәселелері

3.1 Кәсіпорындардың табысын арттыру жолдары

Кәсіпорын табысын қамтамасыз ету барысында оның қандай факторлардың есебінен артатынын немесе азаятынын анықтау қажет. Жоғарыда біз табыстың өткізілген өнімнің көлемінен тәуелді екенін қарастырған болатынбыз. Өнімнің өзіндік құнында тұрақты шығындардың үлесі басым болса, өнімді өткізу көлемінің артуы табыстың өсуіне алып келеді. Сонымен қатар, табыс тауардың бағасы мен өзіндік құнының айырмасы ретінде анықталатындықтан, табыс көлеміне бағалардың өсуі мен өзіндік құнның төмендеуі де әсер етеді.
Инфляцияның жоғары қарқыны жағдайларында табыстың өсуі баға факторының есебінен қамтамасыз етіледі. Алайда, елімізде инфляция деңгейінің төмендеуі, отандық нарықтың тауарлармен толуы, кәсіпорындар арасындағы бәсекелестіктің артуы тауар өндірушілердің бағаны өсіру арқылы табыс табу мүмкіндіктеріне тосқауыл бола білді. Кәсіпорындардың қазіргі таңдағы табысты арттырудың бірден-бір әдісі - өндірістік шығындарды төмендету болып табылады.

Қорытынды

Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз – бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс – бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.
Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың кәсіпорын қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.
Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының 1995-жылдың 26-желтоқсанындағы Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Заңы
2. Балабанов И.Т., «Основы финансового менеджмента», Москва – 1998
3. Дүйсенбаев К.Ш., «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау», Алматы – 2001
4. Жуйриков К.К., «Финансовые риски и как они влияют на прибыль», Банки Казахстана, 2002, №2