Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 33 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қаржылық бақылау


Жоспар
1 Қаржылық бақылау 2
1.1 Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары 2
1.2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы 7
1.3 Аудиторлық бақылау (аудит) 13
1.4 Қаржылық бақылаудың әдістері 17
1.5 Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері 21

1 Қаржылық бақылау
1.1 Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаттары
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қаржылық қызметінің ажырағысыз құрамды бөлігі қаржылық бақылау болып табылады. Қаржылық бақылау - қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет және қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржылы оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімдері, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады. Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді ендіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам, ен алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтарын регламенттегенде шындыққа айналады.

1.2 Қаржылық бақылаудың сыныптамасы
Қаржылық бақылауды сыныптау субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, субъектілері, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субьектілерге қарай (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) жалпы мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады (1.1 сызбаны қараңыз).
1.1. сызба. Түрлері бойынша қаржылық бақылаудың сыныпталуы

1.3 Аудиторлық бақылау (аудит)
Рыноктық қатынастардың қалыптасуы жағдайында қаржылық бақылауды жетілдірудің аса маңызды бағыттарының бірі аудиторлық қаржылық бақылауды дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік емес шаруашылық органдар санының көбеюімен және тиісінше қаржы, бақылау, есеп санында қызметтің сан алуан түрлерінің өсуімен байланысты болып отыр.
Аудиторлық бақылау (аудит) - бұл кәсіпкерлік кызмет түрлерінің бірі — тәуелсіз аудиторлық ұйым мен кәсіпорын, компания, банк, сақтық компаниясы иесінің (меншіктенушінің) жасасқан келісімшарт (контракт) негізінде қаржылық-шаруашылық кызметінің жай-күйін тексеру. Оны біліктілік комиссиясы аттестаттаған «аудитор біліктілігінің берілуі» туралы куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ акционерлік коғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық кызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық құқықтық нысанда құрылған коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.

1.4 Қаржылық бақылаудың әдістері
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметі нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру), инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру), қадағалау (кәсіпорында қаржылық қаражаттардың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржылық-шаруашылық кызмет туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді. Мысалы, құжаттық тексерісте құжаттарды үстеме (ыңғайласпа) тексеру, ақшалай қаражаттар мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепке алуды қалпына келтіру, бақылау мақсатында салыстыру және басқалары.

1.5 Қаржылық бақылауды ұйымдастыру негіздері
Қаржылық бақылаудың тиімділігі көп жағдайда оны ұтымды ұйымдастырумен, бақылаудың субъектілерін, олардың құқықтары мен міндеттерін айқын етіп анықтаумен, қаржылық бақылауды жүргізудің нысандарын және әдістерін дұрыс ұйымдастырумен анықталады.
Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жобасын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларда қараған кезде жүзеге асырады. Өкілетті органдардың жоспарлық - бюджеттік және салалық тұрақты комиссиялары манызды бақылау функцияларын орындайды, олар сессияның басталуына дейін алдың ала бюджеттің жобасы мен оның атқарылуы туралы есепті қарайды.