Өндірістік тәжірибе өту барысында АО «Казахтелеком»
Мазмұны
Кіріспе 3
1 «Қазақтелеком» мемлекеттік мекемесіне мінездеме 4
1.1 Шаруашылық субъектіндегі ұйымның есебі және бухгалтерлік құрылымы 4
1.2 Ақша қаражатының есебі және есеп айырысу 6
1.3 Материалдық емес активтер және негізгі құралдар есебі 8
1.4 Тауарлы-материалдық қорлар есебі және жеткізушілермен есеп айырысу 12
1.5 Еңбек ақы есебі және оны төлеу 16
1.6 Меншікті капитал және қаржылық көрсеткіштер есебі 21
1.7 Қаржылық есеп беру 28
2 Кәсіпорынның аудиторлық негіздері 31
2.1 Аудиторлық функциялардың ұйымдағы жұмысы және құрылымы 31
2.2 Материалдық емес активтер аудиті 33
2.3 Негізгі құралдар аудиті 36
2.4 Ағымдағы активтер аудиті 37
2.5 Кассалық операция аудиті 38
2.6 Міндетті аудит 40
2.7 Еңбек ақымен есеп айырысу есебі 42
3 Кәсіпорынның қаржылық есеп беруі және экономикалық талдау негіздері 47
3.1 Шаруашылық субъект ісіндегі қаржылық есеп берудің әдістемесі және мазмұны 47
3.2 Шаруашылық субъектісіндегі қаржылық есепті талдаудың жағдайы 49
3.3 Шаруашылық субъектіндегі кірісі мен шығынын талдау 50
Қорытынды 52
Қолданылған әдебиет 54
Кіріспе
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып тұтынуды таратуды айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерін негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметінің құрылымды ұйымның нысанынан айрықша ерекшелігімен есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Бұл орайда шаруаға қырсыздыққа кәсіпорынның материалдық құндылықтарының ақшалай қаражаттарын және басқа да ресурстардың заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәні айрықша бағалауға болмайды.
Есепке алынған ақпараттың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін экономикалық даму заңдылықтарымен зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.
Экономикалық саласында мамандар,оның ішінде6бірінші кезекте бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін ,нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақталуы керек.
1 «Қазақтелеком» мемлекеттік мекемесіне мінездеме
1.1 Шаруашылық субъектіндегі ұйымның есебі және бухгалтерлік құрылымы
Мен Степногорск қаласының, Мақсат колледж мекемесінің ЭБА-31 тобының студенті Капаев Касен «Қазақтелеком» мемлекеттік мекемесінде өндірістік тәжірибеден өттім. «Қазақтелеком» мемлекеттік ұйымының орташа жылдық жұмысшылар саны 2550 адамнан аспайтын және активтердің жалпы құны жылына орта есеппен 50 мыңдық айлық есептік көрсеткіштен аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылады.
Серіктестік өз атынан шарттар жасасады, мүліктік және жеке мүліктік емес құқыққа ие болады, міндеттер атқарады, сот органдарында жауапкер және талапкер бола алады
Серіктестік өз қызметіне ҚР да қолданылатын заңдарын, осы Жарғыны басшылыққа алады. Серіктестіктің өзіне тиісті дербес балансы, банк мекемелерінде есеп айыру және басқа да шоттары, өз атауы көрсетілген мөр дөңгелек мөртабан, фирмалық бланктарын иеленеді және иелен алады.
1.2 Ақша қаражатының есебі және есеп айырысу
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау, мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектісінің кассасы болады.
Кассир– материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс.
Кассадағы операциялар есебі 10 – «Кассадағы қолма–қол ақша» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
1010 – «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» және 1020 – Кассадағы валютамен ақша қаражаты» шоттарында жүргізіледі,
«Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Аударылған жолдағы ақшалай қаржылар есебі.
Аударылған, бірақ әлі кәсіпорынның шотына келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған ақша қаражаттары жолдағы ақшалай қаржылар болып саналып, ал олардың есебі 1030 – «Жолдағы ақша теңгемен қаражаты» – деп аталатын шотта жүргізіледі. 1030 – «Жолдағы ақша теңгемен қаражаты» шотында ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай құжаттар болуға тиіс:
Саудадан немесе басқа да операциялардан түскен түсімді банкінің қабылдағанын дәлелдейтін құжат.
1.3 Материалдық емес активтер және негізгі құралдар есебі
Материалдық емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі:
Материалдық емес активтер - өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын (1 жылдан астам) физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді.
Материалдық емес активтер физикалық негізсіз және оларды материалды және материалды емес активтер құрамына кіргізуге болады.
Материалдық емес активтерге: лицензиялық келісім; компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету; патенттер; авторлық құқық; басқа жақтан алынған тауар белгілері; фирма атауы; ноу-хоу; табиғи ресурстарды пайдалану құқығы және тағы басқалары жатады.
1.4 Тауарлы-материалдық қорлар есебі және жеткізушілермен есеп айырысу
Тауарлы-материалдық қорлар - өндірістік циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады. Түгендеу материалдарға жауапты адамдардың қатысуымен міндетті түрде қайта есептеу, қайта өлшеу жолымен жүргізіледі. Іс жүзінде тексермей, материалдық жауапты айтуымен түгендеу тізімдемесіне жазуға болмайды.
Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық қорларға мыналар жатады:
Мысалға, кәсіпорында есепті кезең барысында мына пайыз бойынша есептік бағасы көрініс тапқан:
Есептік кзеңнің соңында және калькуляциялық процесс аяқталғаннан кейін дайын өнімнің өзіндік құны анықталды, ол мынаны құрады:
- А бұйымы – 230 000 теңге;
- Б бұйымы – 870 000 теңге.
Ауытқудың пайызы мынаны құрады:
Ауытқу пайызын есептеу және ауытқу сомасына бухгалтерлік есепте келесі жазбалар жазылады:
- қызыл жазу әдісімен: 1330 шоты дебеттеледі де, 8010 шоты кредиттеледі – 20 000 теңгеге;
содан соң осы операциялардан бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1330 шоты кредиттеледі – 13 600 теңгеге.
- өнімнің нақты өзіндік құнына жеткізу үшін әдеттегі (дағдылы) жазу жазылады. Ол кезде 1320 шоты дебеттеліп, 8010 шоты кредиттеледі, - 70 000 теңгеге. Содан соң осылар бір мезгілде 7010 шоты дебеттеліп, 1330 шоты кредиттеледі – 5 0715 теңгеге.
1.5 Еңбек ақы есебі және оны төлеу
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгіленген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі.
1.6 Меншікті капитал және қаржылық көрсеткіштер есебі
Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түірімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үщін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары және алашақгары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс жәнеде ол сол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан улестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза табысы және сондай-ақ басқа да кездерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен есіп отырады.
1.7 Қаржылық есеп беру
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражатының болашақтағы ағымдарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
2 Кәсіпорынның аудиторлық негіздері
2.1 Аудиторлық функциялардың ұйымдағы жұмысы және құрылымы
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді,серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді,оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайда тұрақтандыруға,шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңды және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін аңықтау болып табылады.
2.3 Негізгі құралдар аудиті
Күрделі жөндеу шығындары бухгалтерлік есеппен құндыққа байланыста салық есебіндегі негізгі құралдардың тиісті тобы активтің жағдайын алғашында есептелген нормативтен артық өнімділікті арттырып, жақсартқан кезде ғана объектілердің бастапқы құнын ұлғайтады.
Негізгі құралдардың қолда барысының, сақталуы және пайдалану аудиті бағдарламасының құрамдас элементтері болып келесі тексерістер табылады:
2.4 Ағымдағы активтер аудиті
Есеп айырысуды бақылаудың ықпалды тәсілі дебиторлық және кредиторлық берешектердің кірістік құжаттарды тіркеудің дұрыстығына функционалдық аудитті уақытылы өткізу, тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда, кірістік ордерлер бойынша алынған ақшаны сіңіріп кетуді жеңілдететін жағдайларды анықтау қажет. Кассалық ордерлерді төлегенде және төлеушінің қолына құжат беруді тіркеудің жоқтығы немесе шоттардың төленбеуін атап өту маңызды.
Қысқа мерзімді қарыздарды алу мен өтеуге байланысты есептеу операциялары 4010 - 4030 шоттарында ескеріледі. Бұл шоттардың әрқайсысында «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоты бар. Бұл шоттар пассивті, олардың сальдосы есепті кезең басындағы өтелмеген берешек сомасын, дебет бойынша айналым –қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым – қарызға алынған соманы көрсетеді.
2.5 Кассалық операция аудиті
Кассада сақталатын ақша «Ұлттық валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар» және «Шетелдік валюта түрінде кассадағы қолда бар ақшалар», «Кассадағы қолда бар ақшалар» шотында ескерілуге тиісті. Осы шоттардың дебитінде - кассаға түсетін ақша, ал кредитінде – кассалық есептен шығаратын ақша жазылады. Бұл шоттар бойынша жазбалар кірістік және шығыстық кассалық ордерлер негізінде жасалады.
Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілері мыналар:
2.6 Міндетті аудит
Кредиторлық берешек – ол кәсіпорындағы басқа да заңды және жеке тұлғалардың міндетті сомасы.Олар мамандар бойынша мінезделеді дұрыс және ақталмаған болып екіге бөлінеді.
Дұрыс кредиторлық берешек келесі түрде кәсіпорынның бизнес жоспары, сонымен қатар істегі фирма есеп айырысу. Оларға қатысады акцептік құжаттар бойынша жеткізіп берушінің қарызы құжаттар мен есеп айырысу оны төлеу уақыты қаржылық органдардың бюджетік төлемдер бойынша мерзімі өтпеген қарыздар төлемі.
2.7 Еңбек ақымен есеп айырысу есебі
Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 3430 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекақы төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы, жұмыс істеген уақыт есебі табелі мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары еңбек демалысына төлемді есептеу, нормативті құжаттар, бұл операцияны реттейтін Қазақстан Республикасы «Еңбек туралы» заңы, Қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа олардың еңбек ақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және тағы басқа басшылыққа алынады. Сонымен қоса, жұмыс берушілер жеке не ұжымдық келісім-шартында вахталық әдіс бойынша да еңбек ақы төлеуді қарастырады.
Слесарь Калмыков В.Н. мамыр айында толық жұмыс істеген, яғни 21 күн, 168 сағат.
Кәсіпорында аптаның бес күні жұмыс күні етіп белгіленген және 1-ші разрядтың мөлшері 15 000 теңге құраған.Ағымдағы айда Калмыковқа негізгі жалақысының 75% мөлшерінде сыйақы есептелінген.
Сонымен, Калмыковтан ұсталатын алименттің сомасы мынаны құраған:
1. Алынған табыстың сомасын есептеу:
3 Кәсіпорынның қаржылық есеп беруі және экономикалық талдау негіздері
3.1 Шаруашылық субъект ісіндегі қаржылық есеп берудің әдістемесі және мазмұны
Алғашқы есептік кезеңге жасалатын есеп берудің формасынан басқа қаржылық есеп берудің барлық көрсеткіштері бойынша олардың өткен кезеңдегі мәні келтірілуі керек. Егер өткен кезең мәліметтері есептеген кезеңнің ұқсас көрсеткіштерімен сәйкеспектің болса, оларды түзету керек. Әрбір түзетудің себебі есептеу және бағалау әдістері түсіндірме хатта ашық көрсетілуі тиіс.
Активтердің (А), меншікті (акционерлік) капиталдың (МК) және міндеттемелердің (М)өзара байланысы негізгі бухгалтерлік теңдікпен тұлғаланады:
А=МК+М
Бұл формула бухгалтерлік есептегі қосарлы жазба тұжырымдамасына негізделеді. Міне, нақ осы теңдеуге мыналар сүйенеді: есептік –талдамалы процедуралар, баланс пассиві мен актив баптарын жіктеу, басқа формадағы қаржылық есеп берулердің көрсеткіштері және т.б. Мәселен, акционерлік қоғамдарда меншікті капиталдың (ӨК) шамасы жарғылық капиталдың (ЖК), қосымша төленген капиталдың (ТК), резервті капиталдың (РК),және бөлінбеген табыстың (БТ) мөлшерлерімен анықталады:
ӨК =ЖК+ТК+РК+БТ
Бұл жағдайда негізгі бухгалтерлік теңдеуді былайша жазуға болады:
А=ЖК+ТК+РК+БТ+М
Қаржылық көрсеткіштерді есептеумен тікелей байланысты элементтерге кірістер мен шығыстар жатады.
3.2 Шаруашылық субъектісіндегі қаржылық есепті талдаудың жағдайы
Олардың айырмашылық сатысы барлық экономикалық жағдайлардың меншікті капитал және менеджмент болып саналады. Кәсіпорынның экономикалық жағдайы оның кіріс алу және көп мөлшерде еңбек жұмыскерлерінің жағдайын жасау.
Экономикалық бағыттың ең негізгі 2 түрі бар:
Қорытынды
Мен өндірістік тәжірибені Степногорск қаласында «Қазақтелеком» мемлекеттік мекемесінде өттім. Онда шот-фактура, жұмысшыларға төленетін еңбек ақының ведомосын, сенімхат, журнал-ордер, табельдерді, кіріс және шығыс құжаттарын толтырдым. Бухгалтерия құрылымымен, есеп айырысу және валюталық шотының құқығымен, кассалық операция есебімен, банк шотындағы құжаттармен, негізгі құралдар және материалдық емес активтердің есебінің құжаттарымен, тауарлы-материалдық қорлардың құжаттарымен, материалдық құндылықтың классификациясымен және тағы басқа құжаттармен таныстым.
Қолданылған әдебиет
4. 28.06.2007жылғы № 234 – ІІІ «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы » ҚР – ның Заңы.
5. В.К.Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы, 2007 жыл.
6. В.Л.Назарова «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп», Алматы, «Экономика», 2007 жыл.
7. Қ.К.Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құайбергенова, А.Ә. Жантаева «Қаржылық есеп», Алматы, «Экономика», 2006 жыл
8. Аудиторлық іс – қызмет туралы: Қазақстан Республикасының 1998 ж. 20 қарашадағы Заңы (15.02.2003 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулар). – Алматы: Юрист, 2003. – 14 б.
9. Бухгалтерлік есеп стандарттары, әдістемелік ұсыныстар, шоттардың типтік жоспары: құжаттар жинағы. – Алматы: Раритет, 2004. – 320 б.
10. Қазақстан аудиттің халықаралық стандарттары.Алматы: Раритет, 2004.