Социология ғылымының құрылымы
Жоспар
1 Социология ғылымының құрылымына қатысты әр түрлі көзқарастар 3
2 Социология ғылымының қызметі 6
3 Әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі социологияның алатын орны 8
Қолданылған әдебиеттер 17
1 Социология ғылымының құрылымына қатысты әр түрлі көзқарастар
Социология ғылымы бірыңғай емес, әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттеу деңгейлерінің түрліше болуына қарай оның құрамы аса күрделі әрі көп деңгейлі болып келеді.
Социология әлгі құбылыстар мен процестерді жалпы қоғам деңгейінде де, одан шағынырақ әлеуметтік қауымдар мен олардың өзара ықпалдастығы деңгейінде де, жеке адамдардың өзара қарым – қатынастары деңгейінде де зерттей береді.
Бұл жағдай социология ғылымын төмендегідей құрамдас бөліктерге бөліп қарастыруға негіз болады:
2 Социология ғылымының қызметі
Социологияның негізгі қызметтеріне гносеологиялық, болжамдық, праксеологиялық және идеологиялық міндеттер жатады.
Гносеологиялық қызмет бұл ғылымның танымдық құралдары жүйесінде жүзеге асады. Бұл орайда социологияда қоғамды тұтастай алғанда, сондай-ақ, оның жекелеген бөліктерінің өмір сүру, даму заңдарын ашатан жалпы және арнаулы теориялар қолданылады.
Таным құралдарына, сондай-ақ, алғашқы эмпириялық деректер жинаудың жолдары мен тәсілдері, мәліметтерді өңдеу, логикалық және математикалық фактілерді сипаттау және түсіндіру, жалпы айтқанда, жаңа әлеуметтік білімдерді қалыптастыру жатады.
3 Әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі социологияның алатын орны
Әлеуметтік ой-пікірлердің даму тарихын қарастыра отырып, біз социологияны ғылым ретінде анықтауға жақындай тустік. Социология жеке дара емес, басқа да әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста дамып отырады. Социологияның әлеуметтік философиямен, тарихпен, саясаттанумен және басқа да ғылымдармен арақатынасын, өзара әсерін зерттеу аса маңызды.