Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Көліктік машиналардың жетегіне арналған ауа турбиналы қондырғылар

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Жеңіл автомобильдің құрама күш қондырғысын құрастыру және басқару жүйесі


Жоспар
1 Жеңіл автомобильдің құрама күш қондырғысын құрастыру және басқару жүйесі 3
1.1 Ауа соратын құбыр құрылғысын орналастыру 3
1.2 Артқы жетектегі автомобильді құрастыру 4
1.3 Алдыңғы жетектегі автомобильді құрастыру 5
1.4 Ауа турбинасы қондырғысын басқару жүйесі 8
1.5 Ауа турбинасы қондырғысының түйіндерді құрамдастыру бойынша және басқару жүйесі жөнінде қорытынды 11
Әдебиеттер 12

1 Жеңіл автомобильдің құрама күш қондырғысын құрастыру және басқару жүйесі
1.1 Ауа соратын құбыр құрылғысын орналастыру
Ауа соратын құбыр құрылғысын орналастырудың ең қолайлы жері автомобильдің алдыңғы бөлігі болып табылады, өйткені ағынның толық тоқтау нүктесінің аймағындағы жоғары артылған қысым және автомобильдің алдыңғы өсінің астындағы аймақтағы қысымның төмендеуі қысымның үлкен ауыспалылығын қамтамасыз етеді.

1.2 Артқы жетектегі автомобильді құрастыру
Автомобильдің беріліс күшінің түйіндері артқы жетекте орналасқан кезде (4.2 сурет) турбина 6 озбалы муфтамен 5 бірге негізгіге параллель, іштен жану қозғағышынан 1 және беріліс қорабынан 2 тұратын, өзара дифференциалды механизммен (ДМ) 3 байланысқан, басты беріліске 4 айналдырушы иінді күшті беретін күш сызығын құрайды. АТҚ-ға турбинадан басқа ауа соратын құбыр 8, басқару жетегі бар 9 сопло аппараты 7 кіреді. Турбина доңғалағының кері қозғалысын болдырмау үшін, мысалы, жабық тиек 9 кезінде озбалы муфта 5 қарастырылады. ІЖҚ-дан және АТҚ-дан айналдырушы иінді күш екі күш ағынымен жинақтаушы механизмге 3 келіп түседі, онда олар механизмнің бір түйінінде біріктіріледі.

2 сурет – Артқы жетектегі автомобильді құрастыру

Өшіп тұрған АТҚ кезінде механизм қарапайым планетарлық түрінде жұмыс істейді, мұның өзінде түйіндердің біреуі блокқа түскен (5.1 тармақ). Планетарлық қатарды пайдалануға байланысты трансмиссия сатыларының беріліс қатынасына түзету жүргізу қажет, ал ДМ үлгісін таңдау кезінде планетарлық қатардың беріліс қатынасы олардың шамаларына маңызды өзгерістер енгізбеу қажет.

1.3 Алдыңғы жетектегі автомобильді құрастыру
Автомобильдің беріліс күшінің түйіндері алдыңғы жетекте орналасқан кезде (4.3. сурет) шығу ұштары қораптың қарама-қарсы жағынан орындалған бірінші білік 2 және беріліс қорабының 12 жетектегі (екінші) білігі 11 басқару муфталары 3 арқылы ДМ 4 сәйкес жетекші және жетектегі біліктердің біреуімен қосылады. Мұның өзінде АБҚ сөндірулі, ІЖҚ келген айналдырушы иінді күш бірінші білік арқылы тікелей ДМ кіру білігіне келіп түседі. Екінші жетекші білік қарама-қарсы бағыттағы турбина білігінің 6 айналуын болғызбайтын озбалы муфта арқылы 5 АТҚ білігімен қосылады. Осылайша, екі күш ағымы АБҚ жетектегі білігімен 11 байланысқан ДМ шығу түйінінде қосылады, одан кейін иінді күш басты беріліске 13 және жүріс доңғалағына 14 келіп түседі.

3 сурет – Алдыңғы жетектегі автомобильді құрастыру

Әдетте, елді мекен аралығында қала аралық өтуді және тасуды жүзеге асыру кезінде АТҚ КМ тегіс жол бойында көлік берілісінде қозғалысқа түскен кезде қосылады. Машина қозғалысының жылдамдығы 25 м/с (90 км/час) кем емес. Қондырғыны реттеу сопло қалақтарының 8 бұрылуы арқылы жүзеге асырылады.

1.4 Ауа турбинасы қондырғысын басқару жүйесі
Жүйеге турбинаға түсетін ауа шығынын реттеуге мүмкіндік беретін, басқару механизмі және сопло қалақтары бар бұрылысты бағыттайтын аппарат кіреді.
Тісті секторы бар қалақ цапфаларында бекітілген және шошақ формалы тісті доңғалақпен қосылған бұрылысты бағыттайтын аппарат 4.4 суретте көрсетілген.

4 сурет – Крайслер фирмасының А-381 ГТҚ төмен қысымды турбинаның бұрылысын бағыттайтын аппарат

Бұрылатын тісті сақинаның орнын ауыстырудың екі нұсқасы бар: 4.4 суретте көрсетілгендей бұрылатын тісті сақинаға сервомеханизмнің тікелей әсер етуімен немесе бір жетекші қалаққа сақина арқылы қалған қалақтарды бұратын механизмнің әсер етуімен жүзеге асыруға болады.