Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 17 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік шаралары


Жоспар
Кіріспе 3
1 Негізгі бөлім 5
1.1 Мүгедектің ұғымы және оның топтары 5
1.2 Мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың психологиялық ерекшеліктері 7
1.3 ҚР Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты 9
1.4 Мүгедектік мәселелерін шешу аспектісі 12
Қорытынды 14
Қосымша 15
Пайдаланылған әдебиеттер 17

Кіріспе

Елдің реформалану жағдайларында, нарықтық қатынастардың қалыптасуы кезінде миллиондаған адамдар (зейнеткерлер, мүгедектер, жетім балалар, босқындар, т.б.) жедел әлеуметтік көмекті және қорғауды қажет етеді. Әлемде әлеуметтік жұмыстың, соның ішінде халықтың бөлектенген топтарымен әлеуметтік жұмыстың үлкен тәжірибесі жинақталды. Біздің елімізде де аз тәжірибе жинақталған жоқ. Қазіргі кезде еліміздегі әлеуметтік жағдай күрт өзгеріске ұшырады, әлеуметтік қатынастардың шиеленісу үрдістері мағына беруді және талдап қорытындылауды талап етеді. Халықпен әлеуметтік жұмыстың ғылыми негізделген тұжырымын, сонымен қатар әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру мен жүргізудің түсінікті де сенімді тәсілдерін, әлеуметтік технологияларын жасау қажет.
Әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік жұмысқа әсер ететін және адамдардың, топтар мен бөліктердің қызығушылықтарын, олардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты қазіргі кезде экономикалық қиын жағдайларға байланысы халықтың аз бөлігінің ғана қызығушылықтарын қанағаттандырады. Сондықтан әлеуметтік қорғауды теңдестірудің қажеті жоқ. Әлеуметтік қорғауды қазіргі кезде халықтың көптеген бөлігі қажет етеді және де ол халықтың көп бөлігіне қатысты нақты жүзеге асады немесе әлеуметтік қорғау қоғамның аз қорғалған «әлсіз» бөліктеріне ұсынылады.

1 Негізгі бөлім

1.1 Мүгедектің ұғымы және оның топтары

Мүгедектік мәселесі, ал жайлы ұғым социология және әлеуметтік жұмыста басты зерттелу және талқылану тақырыбы болып табылады. Мүгедектік сырқатпен, зақымданумен, жарақатпен байланысты пайда болады, бұл мүгедек деп танылған адамның қабілетсіздігін түсіндіреді. Осыған байланысты қандай да бір жалпы - қабылданған әрекеттер орындалуы керек, яғни халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуші мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелер тарапынан мүгедек деп танылған балалар мен азаматтарға әлеуметтік қорғау көрсетіледі.
«Мүгедек» - Қазақстан Республикасы «Мүгедектердің әлеуметтік қорғалғандығы туралы» заңында айтылғандай - сырқат, жарақат, зақымдану салдарынан пайда болған, өмір сүру шектелуіне әкеліп соқтырған, оны әлеуметтік қорғау қажеттілігін туындататын, ағза қызметінің күшті бұзылуынан денсаулығы бұзылған адам.
Өмір сүру шектеулігі - бұл адамның өзіне-өзі қызмет көрсету, өзіндік қозғалу, бағдарлау, басқалармен қатынасу, өз әрекетін бақылау, білім алу және еңбек қызметімен айналысу қабілеттілігімен мүмкіндігін жартылай немесе толық жоғалтуы.

1.2 Мүгедектермен әлеуметтік жұмыстың психологиялық ерекшеліктері

Психологиялық құбылыс мүгедектің тұлғалық - психологиялық бейімделуі ретінде, сонымен қатар қоғамның мүгедектік мәселесін эмоционалды - психологиялық қабылдауы ретінде де бейнеленеді. Мүгедектер мен зейнеткерлер халықтың аз ынталанған тобына жатады және қоғамның аз қорғалған, әлеуметтік әлсіз бөлігі болып табылады. Бұл, ең алдымен, мүгедектікке әкелген, аурумен шақырылған, олардың физикалық жағдайының кемшіліктеріне байланысты. Одан басқа, бұл топтардың әлеуметтік қорғалағандығы, көп мөлшерде, олардың қоғамға қарым-қатынасын қалыптастыратын және олармен байланысты қиындататын психологиялық фактордың бар болуымен байланысты. Психологиялық мәселелер мүгедектердің сыртқы әлемнен алшақтауы кезінде пайда болады.

1.3 ҚР Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты

Әлеуметтік-экономикалық мәселелер микроәлеуметтік ортамен (отбасы, еңбек тобы, тұрғын үйі, жұмыс орны және т.б.) және макроәлеуметтік ортамен (ақпараттық орта, әлеуметтік топтар, еңбек нарығы және т.б.)байланысты сұрақтарды қамтиды.
Мүгедек адам бар отбасымен жұмысты ұйымдастыру кезінде мемлекеттің әлеуметтік бөлімдері берілген отбасының әлеуметтік тобын анықтауы керек, оның құрылымын белгілеуі қажет(толық, толық емес). Көрсетілген факторлар мағынасы белгілі, олармен отбасымен жұмыстың әдістемесі байланысты, олардан отбасы қажеттіліктерінің әртүрлі сипаты көрінеді.

1.4 Мүгедектік мәселелерін шешу аспектісі

Мүгедектерге қатысты заңдылық Қазақстан республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің әлеуметтік қорғалғандығы туралы» базалық заңның ережелеріне негізделеді. Мүгедектер өмір сүруінің әр түрлі саласындағы қоғамдық қатынастарды басқару үшін сәйкес арнайы заңдылықты актілер қабылданған, сонымен қатар мүгедектердің ерекше дәрежесі «салалық» актілерде көрсетілген.
Заңға сүйене отырып, мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы жолындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, жүзеге асырылу жолдарын қарастырамыз.
Заңның бір бөлігін мүгедектерді медициналық қорғау, мұндағы жеңілдіктер мен тегін көмектерге мүгедек азаматтардың құқықтарын анықтау сұрақтарына арналған.

Қорытынды

1991-1992 ж. Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастар экономикасына өтуімен сипатталады. Осындай өтпелі кезеңде мемлекеттің әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құрастыру қажеттіліктері пайда болды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1- бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды; оның ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі; құқықтары мен бостандықтары; деп жазылған. Осыған байланысты, Қазақстанда, өркениетті мемлекет ретінде, экономика индивидтің материалды, әлеуметтік және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға мақсатталуы керек.
Әлеуметтік бағытталған экономикалық негізгі мақсаты болып мемлекеттің экономикалық өсуінің қалыптылығы, халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, сонымен қатар көп сұрақтардың ішіндегі ең маңыздысы мүгедек азаматтар мәселесінің шешілуі болып табылады.
Мүгедектік мәселесі қазіргі кезеңде оған қоғам тарапынан көмек көрсету қажеттілігіне негізделеді. Педагогикалық әдебиеттер талдауы көрсеткендей мұндай көмек мемлекеттің мүгедектерді қорғау саясаты мен әлеуметтік жұмыстың нәтижелігі арқылы жүзеге асады.