Терроризм және бантитизм
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар, терроризмнің жалпы сипаттамасы 6
1.1 Терроризмнің пайда болуы және оның мәні 6
1.2 Террордың тәлкегі 9
1.3 Терроризм үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері 11
2 Терроризмді басқа қылмыс құрамдарынан ажырату 15
2.1 Терроризм және қасақана кісі өлтіру 15
2.2 Терроризм және бандитизм 17
2.3 Терроризм және диверсия 19
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 23
КІРІСПЕ
Терроризм және діни экстремизмнің не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымына джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды, тіпті Исламның өзін қамтиды. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Бұл сөз Құранда жиі колданылады. Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін бұзбакер ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Оның зерттеу объектісі адамдар арасы.
Зерттеу жұмысының объектісі, терроризм болып табылады. Ұсынылған зерттеу жұмысының заты, терроризмнің қылмыстық – құқықтық мінездемесі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты, терроризм мен діни экстремизммен күресті жалғастыру, айыптыларды жазаға тарту, осы арқылы қоғамда теріс әрекеттерден аулақ болуға шақыру. Тұрғындар арасында тыныш өмірді қалыптастыру, теріс көзқарастағы діндерден сақтануға үгіттеу. Қазақстан Республикасының заңдары негізінде жұмыс алып баруға бағыт көрсету.
Мақсатына орай тапсырмалар қарастырылған:
1. Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар, терроризмнің жалпы сипаттамасы
1.1 Терроризмнің пайда болуы және оның мәні
Исламиятта фундаментализм, экстремизм, терроризм деген нәрселер жоқ. Бұл Исламияттың өзегіне сәйкес келмейді, өйткені, Ислам дегеннің өзі бейбітшілік, тыныштық деген сөз. Исламның басты мұраты адамдар арасында бейбітшіліктің болғаны. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталған топтардан діннен басқа себептерді, мақсаттарды іздеу керек. Олардың саяси, экономикалық, әскери т.т. мақсаттары, ойлары болғанын тексеру керек. Екінші мәселе, сондай саяси-экономикалық топтар туралы айтқанда не жазғанда міндетті түрде «Исламдық террористер» деген тіркеуді қосатындардың ойы бөтен. Егер, олардың мақсаты терроризмді, экстремизмді қаралау болса, онда тек террористтерді немесе экстремистерді айыптар еді олар, Ислам сықылды бәшериет жаралғалы бері жеткен ең жоғары өркениет дәрежесіне, ең таза имандылыққа тіл тигізбес еді олар.
Террорист ұйымның мүшесі қандай бір мұсылман елдің азаматы болса болғаны, әлгі бұлақтар дереу «мұсылман террористтер» дей салады. Ал, басқа діндегі террорист топтар туралы болғанда, олардың діні айтылмайды да басшысының ғана аты немесе шыққан жерінің аты, ең болмағанда саяси көзқарасы ғана айтылады.
1.2 Террордың тәлкегі
Интерполдың хабарлауынша, бүгінде халықаралық іздеуде жүрген терроршылардың қақ жартысына жуығы - әйелдер. Мамандар әйел-терроршыларды еркектерге қарағанда аса қауіпті санайды, сондықтан халықаралық тәжірибеге сәйкес, қанішер әйелдердің көзін алдымен жою керек деп есептейді. Мұның өзі әйелдер қолымен жасалған террорлық әрекеттерге көз жұма қарап, оларды кездейсоқтық деп бағалауға мүлдем болмайтындығын аңғартады. Бұған өткенде Қырғызстандағы қанды оқиғалар кезінде сырттан жалдамалы мерген әйелдер пайдаланылғанын қосып қойыңыз.
1.3 Терроризм үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері
Қазақстан Республикасы Қылмыстақ Кодексінің 9-тарауында қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар туралы баптар жазылған. 233-бап терроризм туралы. «Жаралас жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін әрекеттер жазаға тарлылады» .
Террорлық әрекеттердің таралуына негіз жоқ. Террор – алуан түрлі кейіпте көрініс беретін, халықаралық ауқымда қатер төндіретін аса қауіпті және алдын ала болжауы қиынға соғатын күрделі құбылыстардың біріне айналып бара жатқаны жасырын емес. Уақыт өткен сайын террорлық әрекеттердің де түрлері көбейе түсуде.
2 Терроризмді басқа қылмыс құрамдарынан ажырату
2.1 Терроризм және қасақана кісі өлтіру
Терроризм – қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады.Мұндай қылмыстар көп жағдайда ұлттық шектен шығып халықаралық сипат алуда.Терорлық әрекеттер арқылы қоғамға үрей,қорқыныш орнатады.
Қазақстан Республиксының Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі 1-тарау «Жеке адамға қарсы қылмыс» туралы жазылып, оның 96-бабында адам өлтіру жағдайы атап өтілген. Адам өлтіру бабанда 14 жолы көрсетілген.
ҚР ҚК адам өлтірудің негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайда адам өлтірудің құрамы бір бапқа біріктірілген. Негізгі құрам – бұл осы қылмыстың ауырлататын түрде (96-баптың 2-тармағы) жатпайтын құрам. Негізгі құрамға (96-баптың 1-тармағы) мынадай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан, төбелес кезінде немесе ұрыс-керіс үстінде (бұзақылық себептер болмағанда), жәбірленушінің заңсыз әрекеттеріне байланысты, жеке қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты болған адам өлтіру оқиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру – Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағында көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл жағдайларды топтарға бөлу қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі әртүрлі. Топқа бөлу үшін көбінесе қылмыс құрамының элементтері пайдаланылады.
2.2 Терроризм және бандитизм
Террорлық әрекеттер әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктірген екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі терроризм – мемлекеттік өкімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі – терроризмді жүзеге асыру арқылы яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы тұрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық сезімін туғызу болып табылады. Ал, терроризмнен бандитизмнің өзіндік айырмашылығы бар. Бандитизм – аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жал өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілігі сол, банды құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланға топ болып, аса ауыр қылмыстар жасайды.
2.3 Терроризм және диверсия
Терроризм – қазіргі заманымыздығы дінді сылтау ете отырып жарылыстарымен ел тыныштығын бұзатын ең ауыр қылмыс болып табылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 5-тарауы «Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар» мәселесі көрсетілген. Осы тараудың 171-бабында диверсия әрекеттрі көрсетілген.
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтіруге, кәсіпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін қиратуға, немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе энидемиялар және эипзоотиялар арату – мүлкі тәрткіленіп немесе 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығанын айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынана айыруға жазаланады.
Террорлық қылмыстың тікелей объектісі – қоғамдық қауіпсіздігі қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар. Азаматтардың өмірі, денсаулығы, меншігі немесе сезім мүдделері осы қылмыстардың қосымша тікелей объектісі болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Терроризм мен діни экстремизм – адамзат баласына қайғы мен қасірет әкелетін жаман қағидат. Оны өздеріне пайдаланушы арам пиғылды топтар алла мен адам ұрпақтары алдында үлкен күнәға батуда. Адамзатты қырып-жоятын бұл тәсіл белгілі топтарды байытуға, өз мүдделерін үстем етуге, жан рахатын табуға қаратылған көзқарас ниеттер болып табылады.
Қазіргі кезеңде әлемде кең етек алып отырған бұл індетті материалдық қана емес, рухани мешеуліктің, адамдар бойындағы гуманистік сезімдердің тұрпайылануының салдары деп ұғынған жөн. Сондықтан да бұл ғасыр қасіретімен күресте осыны басты назарда ұстауымыз керек.
Адамзат өркениеті, тарих тегершігін кері шегініс жасауға тиіс емес, өйткені ғаламшардағы тіршілік прогреске құрылған, әлем ертеңге деген үлкен үмітпен өмір сүреді.
Терроризм – жаңа құбылыс емес. Билікке, қоғамдағы ахуалға қарсы топтар әр жерде-ақ бас көтерді. Кісі өлтірумен айналысып, үйлерді өртеді, осылай қылмыстарының ізін жасырғысы келді, олар дүниені қайта құруды мақсат етті. Бұл үшін құпия саяси ұйымдар құрды, билікке қарсы күресті.