Жұмыссыздықтың мәні және оның экономикалық проблемалары
Мазмұны
Кіріспе 3
І-ТАРАУ. Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары 8
1.1 Инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері 8
1.2 Инфляция деңгейін анықтау жолдары 20
1.3 Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері және мемлекетке қарсы шаралар 25
ІІ-ТАРАУ. Жұмыссыздықтың мәні және оның экономикалық проблемалары 37
2.1 Жұмыссыздық нысандары және түрлері 37
2.2 Жұмысдық мәселесінің Қазақстандағы кейбір ерекшеліктері 47
2.3 Қазақстандағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары 56
Қорытынды 73
Қолданылған әдебиеттер 76
Кіріспе
Жұмыссыздықтың өзекті мәселесін табиғи деңгейі еңбек нарығының құралымымен анықталады. Бірақ та жұмыссыздықтың деңгейін сақтау, инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат үнемі оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, осы мәселені қайтаруымызға болады. Айталық жұмыссыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін төмендегенде де бағалардың өсуі бірдеп тоқталмайды, керісінше бірден тоқталмайды, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса беруі мүмкін.
Берілген бітіру жұмысымның мақсаты инфляцияны тежеу, экономиканың «қызып кетуінің» теріс салдарын болдырмау, инфляцияның теріс салдарын төмендету және экономикалық өсуді ынталандыру үшін нақты айырбас бағамының қажетті икемділігінің ұстау, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге Үкімет пен Ұлттық Банктің экономикадағы ақша ұсыныстарын реттеуді, бәсекелестікті дамытуды және ішкі тауар нарықтарының теңгерімділігін арттыруды, тариф және сауда саясаты жөніндегі іс – шараларды жүргізуді болжайтын инфляцияға қарсы кешенді саясатын қалыптастыру және іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.
Жұмыстың тәжірибелік мәні;
- толық жұмыспен қамтуды қамтамасыздандыруға бағытталған айқын саясат ұстау.
- жұмыспен қамтуды қамсыздандыруға бағдарланған жеделдетілген өсу.
- Адам дамуын қамтамасыз етуге қаражаттарды біртіндеп жүйелі бағыттау – біліктілік деңгейін көтеруге, өнімділік пен жолақыны өсіруге апаратын жол. Сонымен қатар инфляция мен жұмысыздықты тежеумен байланысты мемлекеттік бақылау және оны реттеу маңызды. Себебі, бұл екі құбылыстың әлеуметтік экономикалық салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
І-ТАРАУ. Инфляция мен жұмысыздықты мемлекеттік басқарудағы жолдары
1.1 Инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері
Инфляцияның мәні – ол тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция қоғамдық ұдайы өзгерістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынның үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез – келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – ісу, қампаю, қабару деген сөзді білдіреді. Инфляция тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 – 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. ХIХ ғасырда бұл термин Англиямен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20 – жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі – Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіну жеткіліксіз. [1400-411б-б]
Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән «ғажайып» құбылыс емес. Ол - күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы.
1.2 Инфляция деңгейін анықтау жолдары
Ұлттық валюта енгізілген кезден бастап ұлттық валютаның салыстырмалы бағасы мен теңгенің эквивалентінің жасанды инфляциялық құнына дисэквивалент үздіксіз енгізіліп отыр. Ақшаның (қағаздың) қызметі – ол экономикалық қатынастарды белгілеу, тіркеу, бірақ оның қызметіне жаңа құн жасау кірмейді. Ақша табиғатының бұрмалануы және мойындалмауы олардың айырбас құралына жаңа жасанды құн жасау құралына айналуына, өзінің жеке құнына ие болуына және осы құнды аластап алу құралы болып өзгеруіне әкеліп соқты. Сондықтан, нарықтық өзгерістердің бас кезінде елдің қаржы, несие құрылымдары өз назарларын аса рентабельді қаржы – қаражат саласына шоғырландыра отырып, өндірістік қызметті қаржыландыру мен несиелендіруден бойларын аулақ ұстайды.
1.3 Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері және мемлекетке қарсы шаралар
Елдің еңсесін басқан қымбатшылық пен мемлекет қаржысының тақыл – тұқыл қалпы теңгенің тұрақты болуына мұршасын бермеді. Теңгенің айырбас бағамының ырыққа жіберілуі отандық өндірістің дамуына өзінің көмегі болуы тиіс деген үміттің жалған болғаны белгілі. Бұл шараны Үкімет пен Ұлттық банк біресе отырып жасаған. Олар сол кезден – ақ еліміздің алтын қоры теңге бағамын ұстап тұруға толық жетеді деген.
ІІ-ТАРАУ. Жұмыссыздықтың мәні және оның экономикалық проблемалары
2.1 Жұмыссыздық нысандары және түрлері
Еңбек ресурстары (экономикалық белсенді және берсенді емес халықтың жалпы саны) – жұмыс істемейтін І және ІІ топ мүгедектері ен зейнеткерлерден басқа еңбек жасындағы тұлғалар (16 жастан зейнеткерлік жақа дейінгілер). Сондай-ақ жұмысқа қабілетті жастан асқан және 16 жастан төмен жастағы жұмыс істейтін адамдар.
Экономикалық белсенді халық – жұрттың жұмыс күші ұсынымын қамтамасыз ететін экономикалық белсенділігін өлшеу үшін белгіленген жастағы бөлігі. Экономикалық белсенді халықтың жалпы санына экономикалық қызметтің барлық түріне қамтылған, сондай-ақ жұмыссыз адамдар кіреді.
Жұмыссыздар – бір мезгілде үш негізгі өлшемге сай келетін: жұмысы жоқ (табыс көзі жоқ), шарық ұрып жұмыс істейтін және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.
Жұмыссыздардың жалпы саны (жұмысқа орналастыру органдарында тіркелгендер мен өз бетімен жұмыс іздеушілер) есеп жүргізу арқылы анықталады. Ресми тіркелген жұмыссыздар саны Еңбек және халықты әлеуметті қорғау министрілігінің жұмысқа орналастыру органдарының дерегі бойынша анықталады.
Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық белсенді халық санындағы жұмыссыздар санының пайызымен өлшенетін үлесі.
2.3 Қазақстандағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары
Нарықтық қатынастар жағдайларында жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары өткір қозғалады. Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық құбылыс, осы құбылыс кезінде экономикалық белсенді халқының бір бөлігі біршама уақыт не тұрақты жұмыссыз немесе жалақысыз болды.
Жұмыссыздық түрлері олардың пайда болу себептеріне қарай өзгешеленеді:
Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты, осындай жұмыстағылар өздеріне және барлық жерде болады.
Қорытынды
Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты - инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауап керушілік Ұлттық банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіліктер мен құралдар бар.
Ақша кредит саясатының келесі міндеті –қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру,
Осы орайда Ұлттық қор маңызды рол атқаруға тиіс. Үкімет Қор маңызды қаражатының ашықтығын ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын.
Қолданылған әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық // Алматы «Санат», 1998-47 бет – 57 бет, 405-411 –бб.
2. Экономика оқу құралы /Дайын Я.Ә. Әубәкіров және т.б. // Алматы «Экономика», 1995-144 бет -60-61 б.
3. Көшенова Б.А. Ақша немесе банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы //Алматы «Экономика», 2000 – 328 бет -72-75 бб.
4. Қарақұсова А.Н. Ақша кредит саясаты және қаржы секторын дамыту //Егемен Қазақстан 2006 -29 мамыр.
5. Шокаманов Ю. Статистикалық баспасөз – Бюллетень N 1 // Алматы -2004-206-207 бб.
6. Шокаманов Ю. Статистикалық баспасөз – Бюллетень N 3 // Алматы – 2005 -76 б.
7. Кривко Н. Инфляционная ситуация в Республике Казакстан // Аль –Лари N 4 2005 -3 -11 б.