Экономика ғылымының элементтері
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І Экономика ғылымының мән мағынасы 4
1.1 Экономика ғылымының даму кезеңдері 4
1.2 Экономикалық теория пәнінің функциялары мен әдістері 7
1.3 Экономикалық жүйелердің мәні мен түрлері 8
1.4 Тұтынулар, игіліктер, ресурстар және факторлардың түрлері, өзара байланыстары мен мәні 9
1.5 Қоғам алдында тұрған экономиканың негізгі проблемалары 10
1.6 Экономикалық жұмыс айналымы 11
1.7 Экономикалық заңдар мен категориялар: мәні, түсінігі 12
1.8 Қоғамдық өндіріс және оның құрылымы 12
1.9 Меншіктегі экономикалық қатынастар және оның негізгі формалары 14
1.10 Қоғамдық шаруашылық және түрлері 15
ІІ ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ 17
2.1 Тауар және оның қасиеттері 17
2.2 Ақшаның мәні 17
2.3 Ақшаның қызметтері 19
2.4 Ақшаның түрлері 20
2.5 Нарықтың мәні және құрылымы 21
2.6 Инфляцияның мәні және түрлері 23
2.7 Нарықты құру заңдары 26
2.8 Экономикалық өсу 27
2.9 Экономикалық өсуді өлшеудің әдістері 27
2.10 Халықаралық сауда 28
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
КІРІСПЕ
Көптеген ежелгі ғалымдар мен данышпан адамдардың айтуынша өмір деген қозғалыс деп түсіндіріледі. Қоғамның экономикалық өмірі де табиғат сияқты үнемі қозғалыста болады. Бұл қозғалыс сапалық және сандық өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер өндірістік қатынастарға ғана емес сонымен еңбек өнімділігіне де әсерін тигізеді. Ал еңбек өнімділігінен өз кезегінде қоғамға қажетті экономикалық игіліктер туындайды. Яғни экономикалық өсу өндірістің және экономикалық игіліктердің өсуі немесе ұлғаюы деген мағынаны береді.
Курстық жұмыста экономикалық өсу теориясы қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес экономиканың толық деңгейде дамуы немесе өсуі үшін мемлекетте өндірілетін ресурстар толығымен және үнемді қолдануы керек. Мұнда ресурстар қатарына тек шикізаттар ғана емес, сонымен қоса экономиканың потенциалы, мемлекеттегі еңбек күші және тағы басқалар жатқызылады. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы мен экономиканы тұрақтандыру саясаты статистикалық немесе қысқа мерзімді факторларға негізделген.
І Экономика ғылымының мән мағынасы
1.1 Экономика ғылымының даму кезеңдері
Экономика – көне ғылымдардың бірі болып саналады. Оның тамырлары б.э.д. 5-3 ғ.ғ. Көне Шығыс елдерінде Әлемдік қоғам дамуының үшінші сатысы қалыптаса бастаған кездерде жатыр.
Өндірістік қызметтер туралы мәліметтердің жинақталуына және олардың дамуына Ежелгі Грек ойшылдары Аристотель мен Ксенофонт өте үлкен үлес қосқан. Нәтижесінде, (б.э.д. 384-322жж) Аристотель «экономия» терминін қолданысқа енгізген (оның тура аудармасы грек тілінен аударғанда «үй шаруашылығын жүргізу туралы ғылым»), кейіннен одан экономика термині де шықты.
Мағынасына атауы жақсы сәйкес келеді. Ойкономия – гректерде үй мен шаруашылықты жүргізу туралы ойлар мен пікірлердің ортаға салынуы болып табылады. Бұл жерде «үй» деген сөз астарында құлиеленушілік шаруашылық мағынасы жатыр, ал басты мәні құлдардың арзан күшін пайдаланып, «үйдің» байлығын көбейтуді қамтамасыз ету.
1.2 Экономикалық теория пәнінің функциялары мен әдістері
Экономикалық теория пәнінің 5 негізгі қызметін бөліп көрсетуге болады:
• Ғылыми-танымдық функ. Адам эконом. Ғылымды зерттеу барысында қоғам өмірінің негізі болып табылатын өндіру, бөлу және материалдық игіліктер мен қызметтерді пайдалану сияқты процестерді таниды. Яғни түрлі эконом. фактілердің, құбылыстардың және процестердің сипаттамасы.
• Практикалық (құрылымдық). Шаруашылық қызмет процесінде істейтін адамға эконом. заңдар мен принциптердің ықпалы жоқ. Эконом. саясатты қалыптастыру үшін экономистердің алға қойған байлықты арттырып, жақсы қоғам қалыптастыру б.т.
• Критикалық (идеологиялық). Эконом.өмірдің формаларына не объективті не позитивті баға беретін; белгілі проблемаларды шешу, ағымдағы эконом.жүйенің әділетті - әділетсіздігін тексеретін, оны не жетілдіру, не алмастыру қажеттіліктерін қарастырады.
1.3 Экономикалық жүйелердің мәні мен түрлері
Жүйе – оның ішіндегі элементтер арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастардың негізінде белгілі біртұтас құрайтын көптеген элементтер.
Экономикалық жүйелер (economic systems) бүтін нәрсені, қоғамның экономикалық құрылымын; экономикалық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну кезінде пайда болатын қарым-қатынастар бірлігін құрайтын, өзара байланысқан эконом. элементтер жиынтығы. Қазіргі заманда экономикалық жүйенің дәстүрлі экономиканы қоспағанда үш негізгі түрлері бар: Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика.
Дәстүрлі экономика – атауының өзінен белгілі; Не? Қалай? Кім? деген сұрақтарға жауап елдің салт-дәстүрлеріне беріледі. Мысалы, Үндістанда осы эконом. жүйе түрі: егер әкесі көпес болған жағдайда, мұра етіп қалып баласы да көпес болып іс жалғастырады.
1.4 Тұтынулар, игіліктер, ресурстар және факторлардың түрлері, өзара байланыстары мен мәні
Экон. теория ең алдымен экон. тұтынулар мен оларды қанағаттандыру тәсілдерін зерттейді. Экономикалық тұтынулар – экономикалық қызметтерге тартатын адамның ішкі қалаулары. Олар екі түрге бөлінеді: бастысы, ол адамның өмір қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұтынулары (тамақ, киім және т.б.); қосалқы, оған қалған тұтынулар жатады (бос уақытты өткізу, көрмеге, киноға бару және т.б.).
Басты тұтынулар бірін-бірі алмастыра алмайды, қосалқылар алмастыра алады.Бірақ қоғам дамуына қарай басты және қосалқы тұтынулар да, сондай-ақ олардың арақатынасы да өзгеріске ұшыраған. Қоғамның экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты үй шаруашылығының жалпы шығындарына қараса, азық-түлікке кететін шығындар қысқарып, ал техникаға, қыдыруға арналған шығындар өсіп келеді.
1.5 Қоғам алдында тұрған экономиканың негізгі проблемалары
Экономиканың алдында тұрған басты проблема – шексіз материалдық тұтынулар және оларды мүмкіндігінше қанағаттандыруға ресурстардың шектеулігі мен сиректігі. Оны шешу мақсатымен өндіріс факторларын дұрыс бөлудің дұрыс жолдарын табу болып табылады. Кез келген қоғам өзінің өндірістік мүмкіндіктерін біле тұра келесі үш сұраққа жауап бере алуы тиіс:
• Қандай тауарлар мен қызметтер қандай мөлшерде өндірілуі тиіс?
• Оларды Қалай өндіру керек?
• Ол тауарлар мен қызметтерді тұтынуға (пайдалануға) Кім сатып алады?
Жеке адам өзін қажетті тауарлармен түрлі жолдар арқылы қамтамасыз ете алады: оларды өзі өндіру; басқа игіліктерге айырбастау; оларды сыйлыққа алуына болады. Ал жалпы қоғам барлығын бір мезгілде ала алмайды.
1.6 Экономикалық жұмыс айналымы
Экономикалық игіліктер өз беттерімен қозғалысқа түспейді. Олар фирмалар үй шаруашылығының, мемлекет пен оның бөліктерінің арасындағы байланыстарды орнататын құрал болып табылады. Экономикалық агенттер осы эконом. игіліктер арқылы өзара қарым-қатынас құрайды. Олардың қозғалысы белгілі бір экономикалық жұмыс айналымын құрайды.
Экономикалық айналым – шығындар мен түсімдердің ақшалай ағымдарымен жүретін, нақты экономикалық игіліктердің айналым қозғалысы. Нарықтық экономиканың ең негізгі субъектілері үй шаруашылықтары мен фирмалар.
1.7 Экономикалық заңдар мен категориялар: мәні, түсінігі
Экономикалық ғылым экономикалық заңдарды зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Экономикалық заңдар – бұл эконом. құбылыстар мен процестердің ішкі мәнін көрсететін тұрақты қайталанып отыратын себеп-салдарлық байланыстар.
Экономикалық заңдар табиғи заңдар сияқты адам қатысуынсыз қалыптасады, яғни нарықта сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік және құн заңдары нарық қатысушылары олар туралы білсе де, білмесе де бар бола береді.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясын басқаратын экономикалық заңдар. Олар жеке құбылыстар немесе процестерде емес, солардың ұзақ уақыт мерзіміндегі біртұтас жиынтығынан көрінеді.
Бұл заңдар адам санасына тәуелсіз болғанмен де, олар адам қызметімен ретке келетін дүние. Олар адамның өндірістік шаруашылық қызметінің және қоғамдық қозғалыс заңы болғандықтан олар тек адам қоғамында ғана орын таба алады.
1.9 Меншіктегі экономикалық қатынастар және оның негізгі формалары
Меншік нарықтық экономиканың бір белгісі болып табылады. Меншік дегеніміз – заңдық мағынада адамдар арасында мүліктік қатынастардың орнауы. Біріншіден, белгілі субъектінің иелігінде болатын зат анықталады; екіншіден, заңда көрсетілген мүліктің иегері болатын меншіктеушінің түрі анықталады. Меншікке келесілердің құқығы бар:
1.10 Қоғамдық шаруашылық және түрлері
Кез келген экономикалық жүйе белгілі бір шаруашылық формасына сүйенеді. Адамзат тарихы екі негізгі қоғамдық шаруашылық түрлерін біледі: заттық және тауарлы шаруашылық.
Заттық шаруашылық - өндірген өнімін өзі пайдаланып, өз тұтынуларын қанағаттандыру үшін өнім шығаратын шаруашылық түрі. Оның негізгі белгілері:
ІІ ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1 Тауар және оның қасиеттері
Ең алдымен тауар дегеніміз ол игілік. Әр тауар да натуралды өнім сияқты адамдардың белгілі тұтынуларын қанағаттандыратын пайдалылығымен ерекшеленеді. Бірақ та пайдалы зат не табиғаттан, не өңделу барысында адам еңбегімен шығарылады. Табиғаттан шыққан зат тауар бола алмайды. Тек адам еңбегімен жасалған зат қана тауар бола алады. Жалпы айтқанда, тауар дегеніміз – сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Тауардың екі қасиеті бар: тұтыну құны және айырбас құны.
Тұтыну құны – адамның кез келген тұтынуын қанағаттандыру мүмкіншілігі, пайдалылығы. Оны нақты еңбек жасайды.Ол мынадан байқалады:
2.2 Ақшаның мәні
Ақша – адамның ең бір керемет табысы. Ақшаның шығуы б.з.д. 7-8 мың жылда алғашқы қауымдастықта кез келген азықты басқа керекті азыққа айырбастауына байланысты.
Ақша өз пайда болуына қарай – тауар болып табылады. өйткені тура тауар сияқты 2 қасиеті бар: төменде көрсетілген тұтыну құны (эстетикалық тұтынуды қанағаттандыратын зат ретінде) және айырбас құны (алтынды қазып алуға да қоғамдық еңбектің міндетті мөлшері қажет).
Айта кеткен жөн, ақша – ерекше тауар:
2.3 Ақшаның қызметтері
Ақшаның әрбір функциясы тауар айналым процесінен туындайтын тауарөндірушілердің байланыс түріндегі ақшаның әлеуметтік-экономикалық сипаттарын беретін жағы болып табылады. Ақша белгілі 5 басты функцияны орындайды:
2.4 Ақшаның түрлері
Нақты ақшалар – номиналдық құны оның нақты құнына, яғни тиынның жасалған металл құнына сәйкес (беткі жағы – аверс, төменгі жағы – реверс, кесінді қырлары – гурт).
Нақты ақшалардың орынбасушылары (құн белгілері) – номиналдық құны оның нақты құнынан әлдеқайда жоғары, яғни оның өндірілуіне жіберілген қоғамдық еңбектің құнынан жоғары.
Қағаз ақшалар - айналымдағы алтын ақшалардың орнын басушы ретінде пайда болды. Бұл түр екі функцияны орындайды айналым және төлем құралы.
2.5 Нарықтың мәні және құрылымы
Нарық – тауарларды еркін қойылған бағамен сату-сатып алу процесі орындалатын жер; және нарық дегеніміз - өндіріс, бөлу, айырбас және тұтынулар жөніндегі сату мен сатып алу жүзеге асырылатын ұйымдардың экономикалық қатынастар жүйесі.қоғамдық ұдайы өндірісті бақылау процесінде нарық келесі қызметтерді атқарады:
2.6 Инфляцияның мәні және түрлері
«Инфляция» (латынша inflatio) термині қазақшаға аударғанда «қабыну, ісіну» деген сөзді білдіреді.
Инфляция – бұл бағаның өсі салдарынан, тауарлар тапшылығынан және тауарлар мен қызметтердің сапасының төмендеуінен туындайтын ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуін түсіндіреді.
Инфляция – бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тән объективті құбылыс. Инфляцияның себептері айналыс және өндіріс саласында орын алады.қазіргі инфляция келесі факторларға байланысты болып келеді:
2.7 Нарықты құру заңдары
Қазіргі кезде мемлекет сұраныс, ұсыныс заңдарын талдау арқылы нарықты бақылауға қол жеткізуде. Жоғарыда экономикалық заңдарға анықтама берілген болатын. Енді соларды жеке талдасақ.
Мысалы, сұраныс заңы бағаның (себеп) сұранысқа (нәтиже) кері тәуелділігін көрсетеді. Неғұрлым тауардың бағасы жоғары болса, соғұрлым сатып алушылардың оған деген сұранысы төмендейді. Мысалы, белгілі бір жазылу арқылы алынатын баспаның бағасы көтерілсе, жазылу көлемі кемиді. Бағаға қарай сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныстың иілгіштігін (эластикалық) көрсетеді. Бұндай өзгерісті сұраныс иілгіштігінің коэффицентімен (Кс) өлшеуге болады.
2.8 Экономикалық өсу
Экономикалық даму - әлемнің барлық елдерінің алдында тұрған басты проблема. Германия және Жапонияның екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі даму тарихы олардың экономикасының түгелдей дерлік қирағанын көрсетеді.
Қазір осы елдер тұрақты экономикалық өсудің үлгісі болып табылады. Экономикалық өсу – бұл ұлттық өнімнің сандық жағынан көбеюі және сапалық тұрғыда жетілуі. Әрбір елдің үкіметі экономикалық өсу қарқынын ішкі ақша жинауды және инвестицияларды көтермелеу, шетел инвесторларын қызықтыру, меншік құқықтарын сақтау және т.б. жолдармен арттыруға ұмтылады.
2.10 Халықаралық сауда
Халықаралық қатынастардың ең бастысы және ең ерте пайда болған түрі халықаралық сауда. Ол ХХ ғасырда әлемдік нарықтың негізі болады.
Халықаралық сауда – бұл мемлекеттер мен ұлттық шаруашылықтардың бір-бірімен тауарлар мен қызметтерді алмастыруы, яғни айырбастау.
Әлемдік нарық ұлттық шаруашылықтардың қаржылық-экономикалық және сауда жүйесінің біртұтас бөлігі болып табылады. Бұл нарықта әлемдік баға анықталады.