Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарих

Тип: Реферат

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Тәуекел хан (1582-1598 ж.ж. билік құрған)

XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588-жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды.

1598 жылы Тәуекел Шайбани ұрпақтарының мемлекетіне жаңа шапқыншылық жасайды. Абдаллах хан Тәуекелді өзіне лайықты қарсылас деп санамай, оған қарсы шекаралас өңірлер сұлтандарының, әмірлерінің әскерлері мен өз әскерінің бір бөлігін жіберген. Ташкент пен Самарқанд арасындағы бір жерде шайқас болған. Абдаллах әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Абдаллах өлгеннен кейін хандық саяси дағдарыс кезеңіне енді.

1598 жылы наурызда Абдолла хан қайтыс болып, Абдылһұмин хан болды. Иран шахы аббас оған жаулық ойлады. Осыны пайдаланған Тәуекел ханшапқыншылық соғыс қозғап, жүз мыңнан астам қазақ әскерімен Мауараннахрға басып кіріп, Ахси, Әндижан, Ташкент, Самарқанд қалаларын басып алды. Тәуекел хан өзінің туысы Есім сұлтанды 20 мыңдай әскермен Самарқанда қалдырып, өзі 70-80 мың әскерімен Бұхараны алуға аттанды. Қазақ әскерлері Бұхараны 20 күн қоршады. Қала бекінісі түбіндегі бір шайқаста Тәуекел хан ауыр жараланып, Ташкентке қайтып келіп қаза болды.

Әдебиеттер:
1. Байболұлы Қ. Тәуекел хан: Дастан // Байболұлы Қ. Төле би: Дастандар.- Алматы, 1991.- Б. 21-35
2. Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі. Тәуекел хан тұсында // Қазақтың көне тарихы.- Алматы, 1999.- Б. 255-256
3. Қазақстанның Россияға қосылуының тарихи алғы шарттары. Тәуекел хан // Сабырханов А. Ұлы бетбұрыс.- Алматы, 1981.- Б. 15-19
4. Мағауин М. Тәуекел хан заманында: [інісі Ораз-Мұхамед хан туралы] // Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі.- Алматы, 1995.- Б. 150-177
5. Мағауин М. Тәуекел – Бахадүр ханның ұлы жеңісі // Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі.- Алматы, 1995.- Б. 30-41
6. Тәуекел хан // Қазақтар: Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық.- Алматы, 1998.- Т.2. Тарихи тұлғалар.- Б. 72
7. Әбусейітова М. XVI-XVII ғасырдағы қарым-қатынастар және Тәуекел ханның тұсындағы кезеңдер // Егемен Қазақстан.- 1998.- 25 қараша
8. Мағауин М. Тәуекел хан заманында // Қазақ әдебиеті.- 1995.- 25 шілде (№14).- Б.10-11.