Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Реферат

Объем: 15 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Бірлігі жарасқан тәуелсіз елім


Жоспар

1 Бірлігі жарасқан тәуелсіз елім 3
1.1 Қазақстан Республикасы 3
1.2 Қазақстан тарихы 4
1.3 Қазақстан тәуелсіздігі 5
1.4 Мемлекеттік рәміздер 5
1.5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы 5
1.6 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы 6
1.7 Мемлекеттік әнұраны 7
1.8 Мемлекеттік рәміздер 8
1.9 Халқының көшбасшысы 9
1.10 Қазақ тілі туралы 10
1.11 Астана – Қазақстан Республикасының елордасы 10
1.12 Астана - Қазақстан Республикасының елордасы 12
1.13 Астана – арман қаласы 12
1.14 Қазақстанның табиғаты 13
1.15 Қазақстан өнеркәсібі 13
Әдебиеттер 15

1 Бірлігі жарасқан тәуелсіз елім

1.1 Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 2724,4 мың шаршы км. Халқы – 16. 004, 8 мың адам (2009 жылғы санақ бойынша). Мемлекеттік тілі – қазақ тілі, орыс тілі де мемлекеттік тілімен қатар қолданылады.
Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Елдің бас қаласы – Астана. Мемлекет басшысы – Президент, ал атқарушы органы – Үкімет. Ақша бірлігі – теңге.
Қазақстанда 14 облыс, 87 қала (оның екеуі республикалық дәрежеде), 159 аудан, 195 аудандық деңгейдегі елді мекен, 2150 ауылдық әкімшілік округ бар. 1991 жылы 16 желтоқсанда қазақ халқы азаттық жолындағы екі жарым ғасыр бойғы үздіксіз күрестен кейін мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

1.3 Қазақстан тәуелсіздігі

1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды.
Заңда «Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл үкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, оны жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде ҚР халықаралық деңгейге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады» деп жазылған.

1.5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

1992 ж. маусымның 4-інде қабылданған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (1996 ж. қаңтардың 24-інде) белгiленген.

1.6 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.
1992 ж. маусымның 4-інде қабылданған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (1996 ж. қаңтардың 24-інде) белгiленген.
Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбаның негiзi - шаңырақ. Ол - елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ - мемлекеттiң түп-негiзi - отбасының бейнесi. Шаңырақ - Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ - киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.

1.7 Мемлекеттік әнұраны

Жаралған намыстан қаһарман халықпыз… (бірінші тармағынан шыққан атау) - 1993-2006 жж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны ретінде қолданған ән.
Әнін 1944 ж. композиторлар Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди жазған. Сөзін 1992 ж. ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзәлиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева ұсынған.
2006 ж. қаңтар айынан бастап «Менің Қазақстаным» әнінің жаңа нұсқасы әнұран етіп қабылданды.

1.8 Мемлекеттік рәміздер

2 нұсқа
ҚР мемлекеттік рәміздері 1992 жылы қабылданды. Олар – біздің еліміздің тәуелсіздігінің белгілері.
ҚР Мемлекеттік туы –тік бұрышты (ені – 1 метр, ұзындығы –2 метр) көгілдір мата. Көгілдір түс –бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың және ашық аспанның нышаны. Тудың ортасында жарқырап шыққан шұғылалы күн орналасқан. Бұл – бейбітшіліктің белгісі. Күннің астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнеленген. Дала құсы - дарқандық пен қырағылық және биікке самғау белгісі. Тудың сол жағында қазақ халқының ұлттық өрнегі бейнеленген. Өрнек қазақ халқының салт- дәстүрін, мәдениетін және ұлттық өнерін білдіреді. Күн, қыран құс және өрнек алтын түспен берілген. Алтын түс - молшылықтың, байлықтың, құт- берекенің белгісі. Тудың авторы - суретші Шәкен Ниязбеков.

1.9 Халқының көшбасшысы

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi. Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларус ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1.10 Қазақ тілі туралы

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі Қазақстанда ғана емес, басқа елдердің жерінде тараған тіл (Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Түрікменстан, Ауғанстан, Қытай, Иран, Түркия, Моңғолия т.б.).
Қазақ тілі түркі тілдердің қыпшақ тобына жатады, соның ішіндегі қарақалпақ, ноғай, қарағаш тілдерімен бірге кыпшақ-ноғай топшасын құрады. Тағы да татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарай, қырымлы (қырым-татар) тілдеріне жақын.

1.11 Астана – Қазақстан Республикасының елордасы

1 нұсқа
Астана – Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Қаланың атауы қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие.
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды.

1.12 Астана - Қазақстан Республикасының елордасы

2 нұсқа
Астана - Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады. 1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды.

1.13 Астана – арман қаласы

3 – нұсқа
Мемлекетіміздің астанасы – Астана қаласы. 1998 жылға дейін астанамыз әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі Алматы болып келді.
Астананы ауыстыру көптеген (экономикалық, саяси, демографиялық, географиялық) жағдайларға байланысты туындады. Біріншіден, Астана қаласы республиканың орталық аймағында орналасқан.

1.14 Қазақстанның табиғаты

Қазақстанның табиғат жағдайлары әр алуан. Онда гүлденген жазиралы, шетсіз-шексіз дала да, кұнарлы жер мен тамаша жайылымдар да, шөл мен тау бөктерлері де, бедерсіз қу тақыр да кездеседі.
Республиканың солтүстіктегі шеткі нүктелері Мәскеу жатқан ендікте, ал оңтүстіктегі сондай нүктелері Мадрид, Стамбұл және Баку жатқан ендікте орналасқан. Қазақстан аймағының ауқымдығына қарай ауа райы әртүрлі болып келеді. Оңтүстік аудандарда өрік гүлдеп, солтүстік аудандарда әлі де аяз тұрады.

1.15 Қазақстан өнеркәсібі

Қазақстанның жер көлемі 2756000 шаршы км. Оның 40 % –өзен, көл, теңіз. Жерінің 50 %ы шөл және шөлейт аймақтар алып жатыр. Ал 10 % – таулы жер. Осы ұлан-байтақ республика жерінің ауа-райы, жер бедері, геологиялық құрылысы, өсімдік құрамы, топырағы, жануарлары алуан түрлі болып келеді.

Әдебиеттер

1 Тарихи тұлғалар – Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушылар : Тоғысбаев Б., Сушикова А. – Алматы : «Алматы кітап» ЖШС, 2006. – 376 б.
2 «Қазақтар». Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Тарихи тұлғалар. – 2-ші басылым. – Алматы: «Білік» баспа үйі, 2003. – 2. Т. – 373 б.
3. «Қазақтар». Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Тарихи тұлғалар. – 2-ші басылым. – Алматы: «Қазақстан даму институты, 1998 ж. – 533 б.