Туризм саласындағы бәсекелестік және Робинзон фирмасының стратегиясы курстық
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І-ТАРАУ. ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері 5
1.2 Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторлар 8
ІІ-ТАРАУ. «РОБИНЗОН» ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ДЕҢГЕЙІ 15
2.1 Туристік фирманың жалпы сипаттамасы 15
2.2 Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау 22
2.3 Туристік фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктері 25
ІІІ –ТАРАУ. ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БӘСЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ 35
3.1 Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі 35
3.2 Бәсекелестік стратегияны іске асыруға бағытталған ұйымдық құрылымды қалыптастыру 41
3.3 Туристік қызметтердің бәсекелестігін көтерудің ұйымдық-экономикалық механизмдері 43
ҚОРЫТЫНДЫ 49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 56
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда туризм экономикамыздың дамуының әлеуеті мен болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Туризм деп жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын атаймыз. Атаулы қызмет көрсету түрі адамзаттың игілігіне арналған және экономиканы көтерудің бірден бір ыңғайлы құралдарының бірі болып танылады.
Жұмыстың мақсаты: туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының қалыптасуы мен дамуын қарастыру болып танылады. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндеттер анықталды:
І-ТАРАУ. ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК ЖӘНЕ БӘСЕКЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние жүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.
1.2 Туристік фирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі және оны ажырататын факторлар
Кез келген саланың құраушы бөліктері мен құрамдас бөлшектері арасында бәскелестік туындайды. Бұл экономикамыздың дамуының басты шарты болып келеді, себебі, бәсекелестік бар болған жағдайда тауар мен қызмет көрсетудің сапасы да , бағасы да тиімді болмақ. Бұл ретте бәсекелестік құраудағы негізгі факторлар әр түрлі болып келеді. Әрине, ол ең алдымен кәсіпорынның өнімінен басталып, ары қарай технологиялар дамыған сайын, халықтың сұранысы мен тұтынушының қоятын талаптары жоғарылаған сайын жалғасып жатады. Осыған орай біз туризмнің ұйымдық нысандары мен түрлерін қарастыруды жөн көрдік.
Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып танылады.
Халықаралық туризмге біз келесілерді жатқызамыз:
ІІ-ТАРАУ. «РОБИНЗОН» ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ДЕҢГЕЙІ
2.1 Туристік фирманың жалпы сипаттамасы
Туризм құрамында қамтылған қызмет көрсетулерге, оларды беру жеріне, қызмет көрсетілген халқына байланысты ішкі және халықаралық деп бөлінеді.
Ішкі туризм - туризмнің берілген мемлекеттің территориясында сол елдің тұрғындарымен (ішкі туристер) іске асырылуымен байланысты қызмет.
Халықаралық туризм - туризмді бір елдің халықының басқа елдің территориясында іске асырумен байланысты қызмет. Мұндай туристер шетел туристері категориясына жатады. Басқа мемлекет территориясында туристерге туристік қызмет көрсетулерді ұсынку мен қызмет – көшпелі туризм деп аталады да, шетел туристеріне мемлекеттің территориямһсында көрсетілген туристік қызмет кірме туризм деп аталады.
Айта кететін жағдай, неғұрлым жалпы категорияларға «туристерді жіберу» мен «туристерді қабылдау» ұғымдары жатады. Олар бірдей деңгейде ішкі және халықаралық туризмге қатысты болып келеді. соынмен қатар туризм статистикасында туристік келу деген ұғым орын алған. Сол себептен туристік келулерге қарай туристік ағымдар бағаланады. Туристің ішкі табиғатынан келесі түсінік туындайды: турист келгендіктен, ол қайтадан кетуі тиіс.
2.2 Туристік фирманы ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау
Туризмді ұйымдастыру формалары мен негізгі категорриялары.
Туризм – бұл негізгі қызмет көрету. Бірақ қызмет көрсету барысында туристік қызмет көрсетулер бір реттен емес, бірте-бірте бірінің артынан көрсетіліп отырады. Бұл оның ерекшелігі ретінде саналады. Мысалы, көліктік қатынас қызметі туристерді жылжу үшін көлікпен қамтамасыз етеді, қонақ үйлер жатын бөлмелер мен тамақтаныу орындарымен қаматамасыз етеді.
Сонымен қатар кез келген кәсіпорынды құру кезінде ең алдымен оның құрылымының негізін ұстаушы болып өндірген тауарлар мен қызмет көрсетулерін адлдыға жылжыту әрекеттері саналады.
Осы орайда келесі сызбаны қаратырайық:
2.3 Туристік фирманың ұсынатын қызмет ассортиментінің ерекшеліктері
Халық шаруашылығының саласы ретінде туризм сұраным мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиіс өнім шығарады. Осыған қатысты шетелдік тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған ішкі рыноктың ара жігін ажырата білу қажет.
Халықаралық туристік рынок бүгінгі күні миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестікте орасан зор механизмді білдіреді, сондықтан, бірінші кезекте міндет Қазақстанға ғана тән ерекшелігі бар және сұраныс болатын туристік өнімді (турөнім) анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерінде қазақстандық турөнімнің жарқын болашағы бар екені көрінетін болады.
ІІІ –ТАРАУ. ТУРИСТІК ФИРМАНЫҢ БӘСЕЛЕСТІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруі
Стратегиялық шешімдерді қабылдау әдістерін жетілдіруін ең алдымен атаулы салада қызмет етуші субъектінің қызмет трлерінге лицензия берілуіне негізделеді.
Лицензия мынадай туристік қызмет түрлерінің әрқайсысына беріледі:
• туроператорлық;
• турагенттік;
• экскурсиялық;
• туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі.
Лицензия субъектіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі және бір данада беріледі; лицензия жоғалған жағдайда, лицензиаттың жазбаша өтініш бойынша төлқұжат алуға құқығы бар. Бұл ретте лицензиат туристік қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін алым (бұдан әрі - лицензиялық алым) төлейді.
Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері өзгерген жағдайда, ол бір ай ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттарды қосып, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиат он күн ішінде лицензияны қайта рәсімдейді.
3.2 Бәсекелестік стратегияны іске асыруға бағытталған ұйымдық құрылымды қалыптастыру
Бәсекелестік стратегияны іске асыруға бағытталған ұйымдық құрылымды қалыптастыру туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың әртүрлі санаттарын даярлау (спорттық туризмнің барлық түрінің нұсқаушылары, туристік құтқарушылар және басқалар) ережесіне негізделеді.
Белгіленген стратегияны іске асыруға бағыталған құрылыды қалыптастыру туралы айту үшін туристік кадраларғане жатанының білуіміз жөн. Оларға біз келесілерді жатқызамыз:
3.3 Туристік қызметтердің бәсекелестігін көтерудің ұйымдық-экономикалық механизмдері
Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары біздің д.д. үшінші мың-жылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО-ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен бірге, Қазақстанның бірқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдениағарту жұмысы жүйесі элементтерінің бірі болып самалды және оның басым рөліне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жоғарыда айтылғғандардың бврлығын қорыта келіп, келесі біршама ой-түйіндеулерге келуге болады:
Ең алдымен туризмді дамытудың негізгі бағыттарын анықтау қажет:
Мақсаттар мен міндеттерге сәйкес туристік саланы дамытудың мынадай негізгі бағыттары белгіленеді:
• Туристік қызметті мемлекеттік реттеу
• Туризмдегі мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру туристік қызметті жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтік-экономикалық жағдайларға толық жауап беретін мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етеді. Бүгінгі таңда атқарушы билік органдары мен туризм саласында әрекет ететін ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды реттеудегі мемлекеттің рөлін арттыру қажет. Саланы орталықтандырып басқару Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне жүктеледі.
• Туризмді кешенді дамытудың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта, саланы мемлекеттік реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс: