Үкіметтік Емес Ұйымдардың азаматтық қоғам құрудағы алатын орны мен рөлі
Жоспар
Кіріспе 3
1 Үкіметтік Емес Ұйымдардың азаматтық қоғам құрудағы алатын орны мен рөлі 5
1.1 Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эволюциясы 5
1.2 Азаматтық қоғамдағы еріктілік 11
1.3 Үкіметтік Емес Ұйымдардың үшінші сектор ретінде дамуы 12
Қорытынды 19
Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер 20
Қосымша 22
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: ХХ ғасырдың 90 жылдардың басы адамзаттың даму тарихында үлкен зор дүбірлі өзгеріспен басталады. Тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасы алдында өзінің барлық экономикалық әлеуметтік мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы саясатта дұрыс бағыт белгілеп, бүкіл әлемдік даму үрдісіне тез арада қосылу міндетті тұрды. Осы кезде еліміздің саяси және әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша өзгерістерге ұшырады. Оның басты көрінісі топтың әкімшілік басқару жүйесінен, нарықтық қатынас даму моделіне өту болды. Бұл жүйелік өзгерістер 1993 ж. және 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясында және 1994 ж. Азаматтық кодексінде орын тапты. Сонымен Қазақстан қоғамының үш секторы құрылым заңдастырды. Нәтижесінде біздің елде заңды түрде үш сектор айқындалды. Олар мемлекеттік, коммерциялық және коммерциялық емес сектор. Соңғы коммерциялық емес сектордан Үкіметтік Емес Ұйымдар саяси беделін көтеріп аяғына нық тұра бастады.
1 Үкіметтік Емес Ұйымдардың азаматтық қоғам құрудағы алатын орны мен рөлі
1.1 Азаматтық қоғам түсінігі мен даму эволюциясы
Азаматтық қоғамнан бастайтын болсақ, онда оның өзі қиын әлеуметтік құбылыстың өзі, өзіне тән белгілі жүйесімен бірнеше мыңжылдық тарихы бар, өзінің қалыптасуы әр түрлі болып келетін күрделі құбылыстың бірі.
Қазіргі таңда азаматтық қоғамның дамуы ең маңызды даму жолы ретінде саяси трансформация жүргізіп отырған мемлекеттер үшін маңызы зор.
Бұл сала орта мамандар ескі демократия елдері мысалға АҚШ-та толығымен бұл құбылыс орнағанымен қалыптасып біткен жоқ. Демократия, адам құқықтарының сақталуымен толық байланысты бұл құбылыстың тарихына, қайнар көзіне көшетін болсақ. Өз бастауын ежелден алады. Азаматтық қоғам туралы алғашқы ойларын грек философтары жалпы түсінік берген болатын.
1.2 Азаматтық қоғамдағы еріктілік
Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың дамуы, белгілі бір шамада, еріктілік қозғалысымен байланысты. Еріктілер күш жігерін Халықаралық Ерікті Күш салу Қауымдастығынаң (IAVE) ынта білдіруімен 1990 жылы Парижде қабылданған декларациясы бойынша, еріктілік – жеке азаматтың адамзат қоғамдастықтары өміріне белсенді қатысу мәселесін ерікті таңдауы, ол қоғамдастықтар әділ және бейбітшілік қоғам құру жолында адамның негізгі қажеттіліктерін іске асыруға, баланс тандырылған экономиканың және әлеуметтік дамуға, жаңа жұмыс орындары және жаңа мамандықтар құруға мүмкіндік жасайды.
1.3 Үкіметтік Емес Ұйымдардың үшінші сектор ретінде дамуы
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап еліміздегі маңызды демократиялық процестердегі қоғамдық өзгерістерге үкіметтік емес ұйымдардың белсенді және тікелей қатысуы, қоғамның ажырамас үшінші секторына айналды. Әр мемлекет демократияның қалыптасуында өзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму деңгейіне, халықтың дәстүрлері мен діліне қарай өз даму жолын таңдайды. Қазір сарапшылар мен саясатшылардың басым көпшілігі, демократияның әділдік пен игіліктің ең ықтимал кепілдіктерінің бірі екендігін, ал оны практика жүзінде іске асыру механизмі азаматтық қоғам болып танылатынын бірауыздан құптайды.
Азаматтық қоғам – ол жеке тұлғаның негізгі құқықтары мен еркіндіктері заң жүзінде қамтамасыз ететінін және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесімді дамыған қоғам. Оны ішкі мемлекеттік қатынастардың дамуына ықпал жасайтын адамдар таптарының ұйымдасқан әрекеті ретінде де анықтауға болады.
Қорытынды
Қазіргі таңда азаматтық қоғам құру проблемасы біздің қоғамның басты проблемасына жатады. Бұрыннан грек ойшылдары азаматтық қоғамға анықтама беріп кеткен, бірақ қазіргі таңда азаматтық қоғам көбінесе аралас түрінде кездеседі. Ал оның дамуы біздің қоғамыздың көркеюіне бірден бір себеп.
Қазақстандағы еріктілік қызмет жете дамымай отыр, ол қазақстандық қоғам үшін осы институттың салыстырмалы жаңалығымен байланысты. Жұмыс істеп жүрген ҮЕҰ сияқты, сондай-ақ жаңа құрылатын ұйымдарда да, еріктілер қатысуының баламалы түрлерін әзірлеу керек, бұл орайда еріктіліктің әлеуметтік негізін кеңейту талап етіледі.