Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері
Жоспар
1 Азаматтық құқықтың жалпы ережелері 3
2 Мәміле ұғымы, түрлері және нысаны, жарамсыз мәмілелер 12
3 Өкілдік және сенімхат 16
4 Мұрагерлік құқық 20
Әдебиеттер 25
1 Азаматтық құқықтың жалпы ережелері
Азаматтық құқықтың пәні.
Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын – азаматтық құқық.
Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оның римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқық цивильді (jus cіvіle) құқық деп атаған.
Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының пәні - тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.
Сонымен қатар, мүліктік қатынасқа байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.
Азаматтық құқық реттелетін қоғамдық қатынастар негізінде мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен, мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен басқа да мүліктермен байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады.
2 Мәміле ұғымы, түрлері және нысаны, жарамсыз мәмілелер
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтың құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп аталады.
Мәмілелер бір жақты және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін.
Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет. Біржақты мәміле, мәміле жасаған адамға міндеттер жүктейді. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгіленген не сол адамдармен келісім болған реттерде ғана міндеттер жүктей алады.
3 Өкілдік және сенімхат
Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және жоқтатады.
Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін бел етін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.
4 Мұрагерлік құқық
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа адамдарға әмбебап құқық мирасқорлығы талаптарымен, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады.
Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады. өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, мұрагерлік заң бойынша орын алады.