Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Ауырлатылған жағдайда қасақана адам өлтіру


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І БӨЛІМ. Кісі өлтірудің түсінігі және сипаттамасы 5
1.1 Кісі өлтірудің түсінігі 5
1.2 Кісі өлтірудің құқықтық сипаттамасы 10
ІІ БӨЛІМ. Кісі өлтірудің жауаптылықты ауырлататын түрлері 15
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында «ең қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - деп жарияланған. Осыған орай Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды.
Мен бұл бітіру жұмыс ретінде осы тақырыпты таңдаған себебім, ауырлатылған жағдайда адам өлтіру қазіргі заманның қатігез шындығы, өзекті мәселе. Демографтардың айтуы бойынша жер бетіндегі халықтың жартысы өздерінің уақытынан бұрын қайтыс болады, олардың көбісі зорлықпен қаза табады. ХХ ғасырдың 90 жылдары бүкіл әлемде зорлықпен қайтыс болған адамдар саны 750 мың.

І БӨЛІМ. Кісі өлтірудің түсінігі және сипаттамасы
1.1 Кісі өлтірудің түсінігі
Ең басты, ең қорқынышты адамға төнетін қауіп – соғыс. Екіншіден, ол – адамды өлтіру. Бұл қылмыстардың бәрі ашылды деп айтуға болмайды, тіпті тіркелмеген адам өлтіру қылмыстары бар. Сонымен қатар хабарсыз кеткен адамдар саны қаншама, ал жиі кездесетін өзін - өзі өлтіру қылмысын инсценировкалау. Алдын – ала тергеу органдарының тергеу тәжірбиесінде өзін - өзі өлтіру инсценировкасын жасау көп кездеседі. Бұл мынамен түсіндіріледі: өзін-өзі өлтіру куәларсыз жасалады, сондықтан қылмыскер оқиға болған кезде жәбірленушінің жанында болмағанын айтады, өз-өзіне қиянат жасау инсценировкасында өлікті оқиға болған жерден тасымалдаудың қажеті жоқ, қылмыскер оқиға болған жердің қоршаған ортасын өзгерте алады. Қылмыскер әртүрлі себептермен өзін-өзі өлтіру инсценировкасына жүгіне алмаса, инсценировкалардаң басқа түрлерін былай келтіреді: тұрмыстағы, құрылыстағы немесе көліктегі жазатайым оқиғалар.

1.2 Кісі өлтірудің құқықтық сипаттамасы
Қылмысты квалификациялау үшін қылмыстық заңдағы жекелеген қылмыс түрлерінің қылмыстық құқықта белгіленген ерекшеліктерін немесе оларды өзге қылмыстардан ажырататын белгілер тобымен жақсы таныс болу керек. Әрбір қылмысты білдіретін белгілер тобының жиынтығы арқылы ғана жеке қылмыс құрамдары өзге құрамдардан ажыратылады және нақтыланады. Қылмыс құрамы деген ұғым «құрам» деген сөздің қолданылуының өзінен-ақ, оның белгілі – бір элементтерден, белгілерден құралып бір ұғымды білдіретінін көрсетеді.
Қылмыстық құқықта қылмыс құрамдарының элементтері ретінде қылмыстың объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы және субъектісі аталады.
Адам өлтіру қылмысының объектісі адамның өмірі. Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айыруға бағытталған іс-әрекеттің және соның зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік байланыстың болуын айқындау қажет.

ІІ БӨЛІМ. Кісі өлтірудің жауаптылықты ауырлататын түрлері
Қылмыстың қоғамға қауіптілігін ауырлататын құрам көпшілік жағдайда баптың кейінгі бөлімінде келтіріледі. Бұл құрамдардың негізгі құрамдармен салыстырғанда ауырлатушы объективтік немесе субъективтік белгілері диспозициясында тікелей көрсетіледі. Кісі өлтірудің ауырлататын құрамдардың белгілері қылмыстың объектісінің көлеміне, іс - әрекеттің белсенділігіне, зардаптың түрі мен көлеміне, қылмыстың жасалу орны, уақыты, тәсілі, жағдай, құралына, ниеті мен мақсатының немесе қылмыс субъектісінің түріне қарай ауырлатады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Мен осы бітіру жұмысымды жазу барысында адам өлтірудің ауырлататын жағдайларын зерттеп, тәжірбиеде кездесетін адам өлтіру қылмыстарының қалай сараланатынын анықтадым. Бұл өте қатігез қылмыс болғанымен, өмірде, біздің қазіргі заманымызда орын алуда.