Шығындардың толық таратылуымен және өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнның калькуляциясы
Жоспар
1 Шығындардың толық тарату мен өзіндік құнды калькуляциялау әдісінің мағынасы және мәні 3
2 Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуяциялау 5
3 Екі әдістің пайда мөлшер әсерінің салыстрмалы талдауы 6
Әдебиеттер 8
1 Шығындардың толық тарату мен өзіндік құнды калькуляциялау әдісінің мағынасы және мәні
Дәстүрлі отандық есеп үшін өндіру және сатумен байланысты кәсіпорынның барлық шығындарын өзіне енгізетін әдісін толық өзіндік құнның калькуляциясы әдісі деп атайды.
Жалпы алғанда есептің бұл жүйесі, әсіресе отардық тәжірибеде өндірістік есеп ретінде қолданылатыны туралы: Безруких П. С., Козлова Е. П., Парашутин В. Ф., Бабченко Т. Н., Радостовец В. К., Кондраков Н. П., Ткача В. И., Палий В. Ф., Сатубалдин С. С., Стукрв С. А. Новодворский В. Д. және басқа да көптеген ғалымдардың еңбектерінде жан – жақты зерттелген.
Калькуляциялаудың бұл жүйесін негізінен күрделі құрылымы бар ірі шаруашылық субъектілерінде қолданылады. Бұл әдістің мәні отандық кәсіби әдебиеттерінде өте жақсы зертелгеніне байланысты, біз оны қысқартылған нысанында қарастырамыз. Бірінші кезекте өндіріске кеткен шығындар есебінің кезеңдерін анықтайық.
2 Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуяциялау
Қазіргі кезде бәсекелстік күрестің сипатты, әсіресе халықаралық нарықта, жаңа бағдардың негізінде көріне бастады. Осы бәсекелестің негізгі факторы – технологияның даму деңгейіне байланысты сонымен бірге, тауарлардың қозғалысында қарапайым, капиталдар мен қызмет көрсетулер де, сондай – ақ ақпараттармен алмасуында кездесетін бөгеттер де біртіндеп жойылуда. Бәсекелестік бүтін әлемдік сипатқа ие болып ол жаңа салдар ретінде күшейе түсуде. Осы орайда ШС бірінші кезекте өзінің өнімінің бағасына басты назарды аударуы керек.
3 Екі әдістің пайда мөлшер әсерінің салыстрмалы талдауы
«Директ-костинг» жүйесі өзіне тек тікелей шығындарды ғана енгізеді. Бұл арада олар өнімді өндірумен тікелей байланысты шығыстардың негізінде калькуляцияланады. Әрбір жағдайда өзіндік құнға енгізілетін шығындардың деңгейі әр түрлі болады. Бірақта жалпы алғанда осы тәсіл үшін, ондағы кейбір өнімді өндіру мен сатуға тікелей қатысы бар шығындар да түрлері калькуляциялауға қатыспай-ақ табыстың есебінен өтілетіндігі белгілі.