Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 47 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Өнеркәсіпте инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 5
1.1 Инновациялық қызмет түсінігі, мәні және оның түрлері 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті ұйымдастыруда мемлекеттің ролі 11
2 «HIGH TECH LOGISTIC» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ТАЛДАУ 14
2.1 Инновациялық инфрақұрылымның ұлттық экономикада алатын орны 14
2.2 Кәсіпорынның шаруашылық-экономикалық қызметін талдау 28
2.3 Кәсіпорынның инновациялық үрдісін бағалау 30
3 ӨНЕРКӘСІПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ 34
3.1 Ғылыми әлеуеттi дамыту 34
3.2 Инновациялық инфрақұрылымды дамыту 41
ҚОРЫТЫНДЫ 45
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 47

КІРІСПЕ

Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз. Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту, біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриялық-инновациялық стратегияны іске асыруымыз керек. Бұл болашақтың бағдарламасы.
Біз бәсекге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салдарды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық.
Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтық туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материлдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы. Ел экономикасының шикізаттық амес салалрдағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болады.
Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесі – ұлттық инновациялық жүйе жасауды қолға алдық.

1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Инновациялық қызмет түсінігі, мәні және оның түрлері

«Инновация» термині көп ғалымдардың айтуы бойынша XV ғ. пайда болған. Жалпы алғанда «инновация» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «innovation» «жаңарту», «заттарды бөлудің жаңа жолы», «жаңалық енгізу» деген сөздерді білдіреді.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында австриялық ғалым Й. Шумпетер инновация түсінігін экономика ғылымына енгізген. Ол инновацияны жаңа туынды тауарларын пайдалану, жаңа өндірістік және транспорттық қорларды ұйымдастырудың формалары мен нарықты өндіріске енгізу мақсатында қолданылды. Й. Шумпетер бойынша нарықтағы анықтаушы рөл болып, экономикалық теңдікке, технологиялық үрдістерге өнім ассортименттерінде және экономиканың ұйымдастырушылық құрылымдарға, өзгеріс енгізетін кәсіпкерліктің қызметтерінде болады.
Әлемдік экономикалық әдебиеттерде, «инновация» жалпы қабылданған термин ретінде қолданылады.

1.2 Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті ұйымдастыруда мемлекеттің ролі

Біздің еліміздің болашағы оның интеллектуалды қоры, ғылым және инновация жетістіктерінде. Бұл сөздер Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауында айтылған болатын. Өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы ғылыми жетістіктеріне сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халық өмірін жақсартуға қабілетті. Сондықтанда, ғылымға және ғылыми-техникалық және инновациялық саясатқа ерекше көңіл бөлінуі тиіс.
Ғылыми-техникалық әлеует кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық даму, көркеюдің негізгі жолы негізгі жолы – ғылыми-техникалық және инновациялық салада көшбасы болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құрылуына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтан бүкіл дүние жүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал мемлекет өз тарапынан ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп отырады. Өйткені мемлекет ғылыми-техникалық және инновациялық саясат – ғылыми-техникалық жетістіктерді адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат өмір сүру жағдайларын сапалы түрде жақсартуға бағытталған.

2 «HIGH TECH LOGISTIC» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ТАЛДАУ

2.1 Инновациялық инфрақұрылымның ұлттық экономикада алатын орны

Инновациялық жүйе әрқайсысы тиiсiнше осындай элементтердi қосып алатын төмендегідей негiзгi кiшi жүйелерге бөлiнедi:
1. Ғылыми әлеует коммерциялық пайдалану деңгейiне дейiн iргелiк әзiрлемелердi «жетілдiрудi» жүзеге асыратын қолданбалы зерттеулердiң дамыған саласын құру жолымен инновациялық даму үшiн сөзсiз қажеттi фактор қалыптасады;
2. Мемлекеттiк ғылыми ұйым – ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғарғы оқу орындары, жобалық институттар;
3. Ұлттық компаниялар жанындағы ғылыми ұйымдар, iрi кәсiпорындар жанындағы зертханалар;
4. Жеке ғылыми-зерттеу және жобалық институттар;
5. Ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсiпкерлiктер;
6. Ғылыми кадрлар және дербес өнер тапқыштар;
7. Материалдық-техникалық база.
Инновациялық кәсiпкерлiк төмендегілерді қамтиды:

2.2 Кәсіпорынның шаруашылық-экономикалық қызметін талдау

Мен өзімнің тақырыбымды талқылауда «High tech logistic» атты компаниялар тобын және құрамына кіретін «ДАМУ» индустриалды-логистикалық орталығын қарастырғым келеді.
«High tech logistic» компаниясын қарастырайық. Компанияның қызмет көрсету деңгейі сапасының жоғарылылығы оны Қазақстан Республикасының логистика сферасында лидер екенін көрсетеді. Тауарларды сақтау, транспорттау, өңдеу және кедендік тіркеудің барлық мәселелерінің шешілуіне толық әсер етеді.
Компанияның үлкен, кең көлемді ғылым базасы мен бай тәжірибесі бар және де ол логистика сферасындағы ең жаңа, ең күшті жетістіктерін пайдалануда.

2.3 Кәсіпорынның инновациялық үрдісін бағалау

«High tech logistic» компаниясының жаңа проектілері.
«Икар» кедендік-қоймалық терминалы.
Көлемдері мен технологиялары:
- көлемі – 25000 паллето орын;
- жүктерді қораптар мен паллетерде өңдеу;
- жүктерді биіктігі 2 метр болатын паллеттерде сақтау;
- теміржол рампасы;
- 150 жүк машиналарын сыйдыратын автотұрақ;
- қоймаларды басқару жүйесі (Warehouse management system);
- жүк сақтаудың негізгі режимдері бір шатырдың астында: СВХ, кеден және
дәріхана қоймалары.
«Первомайский» кедендік-қоймалық терминалы
Көлемдері мен технологиялары:
- көлемі – 35000 паллето орын;
- 7 ярус;
- жүктерді қораптар мен паллетерде өңдеу;
- жүктерді биіктігі 2 метр болатын паллетерде сақтау;
- 13 вагонды бірден қабылдау мүмкіндігі бар теміржол рампасы;
- офистер ауданы 500 шаршы метр;
- қоймаларды басқару жүйесі (WMS);
- бейнебақылау жүйесі;
- климатты бақылау жүйесі;
- тәулігіне 2500 паллетті өңдеу;
- паллеттелген жүктің бір тракын түсіру және жүктеу уақыты – 30 минут.
Ал, енді «Даму» индустриалды-логистикалық орталығын қарастырайық.

3 ӨНЕРКӘСІПТЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

3.1 Ғылыми әлеуеттi дамыту

Ғылыми әлеуеттi дамыту жөнiндегi шаралар қолданбалы ғылымның өндiрiске, бизнеске барынша жақындауы, ҒЗТКЖ-дың нәтижелерiн өндiрiске енгiзу, оларды коммерциялық пайдалануға лицензияларды сату нысанындағы түпкілiктi нәтижеге толық бағдарлауға бағытталатын болады. Қолданбалы ҒЗТКЖ-ды қаржыландыру үшiн бағдарламалық-мақсатты әдiс технологиялық проблемаларды шешу және энергиямен жабдықтау, қоршаған ортаны қорғау және т.б. саладағы жеке кәсiпорынның бәсекеге қабiлетiн көтеру үшiн үлкен мәнге ие нақты жобаларды қаржыландыру үшiн мемлекет қаржылық көмек көрсету үшiн қолданатын әлемнiң озық елдерiнiң тәжiрибесiн пайдалану қажет. Төменде мазмұндалған қағидаттар мен тетiктер қоғамдық ғылымдарға, iргелiк ғылыми-зерттеулерге қажеттi емес екенiн атап кету қажет. ҰИЖ-дың ғылыми-техникалық әлеуетiн дамыту жөнiндегi барлық iс-шаралар төмендегідей қағидаттарға сүйене құрылатын болады:

3.2 Инновациялық инфрақұрылымды дамыту

Қазақстанның ҰИЖ инновациялық инфрақұрылымының негiзгi ұйымдық институттары ұйымдық құрылымы бар, инновациялық дамудың барлық кезеңдерi мен процестерiне жәрдемдесу үшiн қажеттi және жеткілiктi қаржылық, кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлген технологиялық парктер (технопарктер) және технологиялық бизнес-инкубаторлар болады.
Шетелдiк тәжiрибе көрсететiндей инновациялық саладағы шағын және орта кәсiпкерлiк өнеркәсiптi дамыған елдердiң инновациялық әлеуетiнiң алғашқы бұқаралық және неғұрлым серпiндi құрылым. Шағын және орта инновациялық фирмалар экономиканың пайда болатын салаларында, рыноктың жаңа сегменттерiн ашатын, жаңа өндiрiстi дамытатын, өндiрiстiң ғылыми сыйымдылығын және бәсекеге қабілетiн арттыратын және сонымен, жаңа технологиялық тәртiптi қалыптастыруға жәрдемдесетiн технологиялық көшбасшылар болып табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Біз бәсекге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салдарды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық.
Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясында Қазақстан мынадай бiрқатар проблемалармен кезiгедi: экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен елеусiз ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) шығыстардың төмендігі және т.с.с. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргесi болуға қабiлетті бiлiмдерге негiзделген бәсекеге қабiлетті экономиканы құруы керек.