Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Менеджмент

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 48 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Өнімнің бәсекелестік қабілетін арттырудың теориялық мәселелері 6
1.1 Өнімнің бәсекелестік қабілетінің негізгі түсінігі, ерекшеліктері 6
1.2 Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау көрсеткіштері 11
1.3 Өнімді стандарттау және сапаны басқару 16
2 «Нурлыбаев К» ЖШС-нің экономикалық қызметін және бәсекелестік қаблетін талдау 22
2.1 Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау 22
2.2 Кәсіпорынның баға саясатын талдау 26
2.3 Өнімнің бәсекелестік қабілетін талдау 30
3 Өнімнің бәсекелестік қабілетін жақсартудың жолдары 34
Қорытынды 45
Қолданылған әдебиеттер көзі 48

Кіріспе
Ондаған жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға көшу экономикалық жаңа ұғымдардың пайда болуына әкелді. Жекелей алғанда «Өнімнің бәсекелестік қабілеті» ұғымы кең қолданысқа түсті. Өнімнің сапа және бәсекелестік қабілеті мәселесі қазіргі жағдайда әмбебап сипатты иеленуде. Өнімнің бәсекелестік қабілеті ұғымында негізінен оған нарықта сәтті өндірілуі мен таратылуына жағдай жасайтын барлық шарттар қарастырылады. Кей кездері бәсекелестік қабілет ұғымы тек экономикалық объект қасиеті үшін ғана емес, сонымен қатар сапаны бағалау сипатында қолданылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып, өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарымен оның бағалау әдістемесін меңгеру.
Соған байланысты өнімнің бәсекелестік қабілеті – бұл тұтынушылардың өнімге қоятын техникалық-функциялық, экономикалық ұйымдастырушылық деңгейін сипаттайтын талаптардың жиынтығы. Бәсекеге қабілетті өнім болып тек қана әртүрлі табиғи көрсеткіштерді иеленетін және бәсеке жағдайында нарықта өз орнын иеленетін тауар ғана саналады.
Кез келген өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау үшін қазіргі жағдайдағы маркетингтің әдістері арқылы нарықты кешенді зерттеу керек. Осының нәтижесінде тұтынушы өзінің қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын өнімді сатып алуға жағдай жасайды.

1 Өнімнің бәсекелестік қабілетін арттырудың теориялық мәселелері
1.1 Өнімнің бәсекелестік қабілетінің негізгі түсінігі, ерекшеліктері
Өнімнің бәсекелестік қабілеті – бұл оның нарықтағы сәттілігін анықтайтын тауардың тұтынушылық және құндық сипатының жиынтығы. Бұл тауарға сәйкес нарық шарттарымен, тұтынушылардың техникалық, эстетикалық сипаттарымен қоса сапасы бойынша, сонымен қатар оны таратудағы экономикалық және коммерциялық жағдайларын сипаттайтын күрделі категория, көп функциялы ұғым.
Өнімнің бәсекелестік қабілеті қатысты өлшем болып табылады және нарықта бәсекеге түсетін тауарларды салыстыру нәтижесінде көрінуі мүмкін.
Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау және болжау – бірнеше этаптардан тұратын күрделі жұмыс. Алғашқы этапта бәсекелестік қабілеттің мақсаты анықталады. Нақты шарттарға тәуелді олар келесідей болуы мүмкін:

1.2 Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау көрсеткіштері
Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау кезінде нормативтік параметрлердің әдістемелік есебінде индексті енгізумен қамтамасыз етіледі. Ол екі мағынады болады бірнеше нөл. Тауардың міндеті стандарттарға, шарттарға сәйкес болғанда индекс бірге тең. Жалпы көрсеткіш нормативтік параметрлер бойынша бірлік көрсеткішінің әрбіреуін бейнелейді:

1.3 Өнімді стандарттау және сапаны басқару
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.
Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты – баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте – бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.
Өнімнің сапасы – бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалығы тек маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны – бұл жалпы алғанда тауардың пайдалығы болса, ал өнімнің сапалығы – бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

2 «Нурлыбаев К» ЖШС-нің экономикалық қызметін және бәсекелестік қаблетін талдау
2.1 Кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
«Нурлыбаев К» кәсіпорыны Семей қаласы, Ауезов, 42 мекен – жайында орналасқан. Кәсіпорынның құрылуы 2001 жылы 5 ақпанда мемлекеттік тіркеуден басталып, осы жылдың мамыр айының аяғында толық іске қосылумен аяқталды.
Кәсіпорын негізінен жеке кәсіпкерлік түрінде ұйымдасқан. Ол қағаз өнімдерін соның ішінде әртүрлі бланкілер, этикеткалар, құтықтау қағаздары, спорттық дипломдар, кітаптар, жарнама қағаздарын шығарумен қоса, басып шығару түптеу, қаптау, түп негізді өңдеу сияқты бірнеше қызмет түрлерін көрсетеді. Осындай даму қысқа мерзімінде кәсіпорын нарықтың үлкен үлесін иемденіп, қазіргі таңда тұтынушылардың үлкен сұранысына ие. Өзінің даму барысында қағаз өнімдері бойынша кәсіпорын бірнеше көрмелерге қатысты: «Руками женщины», «Наурыз» т.б.

2.3 Өнімнің бәсекелестік қабілетін талдау
Өнімнің бәсекелестік қабілетін талдау үшін талданатын өнімнің негізгі техникалық-экономикалық параметрлерін үлгідей бәсекелестік кәсіпорынның тауар үлгісі алынады. Осы мақсатта өнімнің бәсекелестік қабілетінің бірлік, топтық және интегралды көрсеткіштері қолданылды.
Өнімнің бәсекелестік қабілетінің талдау әдістемесінің сызбасы келесі суретте.

3 Өнімнің бәсекелестік қабілетін жақсартудың жолдары
Бәсекелес өз қызметтерін жасауда бәсекелестік қабілетті жоғарлату үшін жаңдай жасайтыны сөзсіз. Басты мәселе – бәсекелестердің іс-жағдайына бақылау жасау күрделі. Сондықтан тура бәсекелестер болып табылатын және нарықта ұқсас стратегияның қолданылатын кәсіпорынды анықтау керек.
Портер зерттеуіне байланысты бәсекелестерді бәсекелестік қабілеттің 5 күшімен анықталады.
1) Сатулар арасында бәсекелестік
2) Басқа жағынан бәсекелес және ауыстыратын тауардың болуы
3) Жаңа бәсекелестердің пайда болуы қауіпі
4) Жеткізушілердің қабілеттері мен экономикалық мүмкіндіктері
5) Сатып алу мүмкіндіктері.
Аталған жағдайда фирманың бәсекелестік қабілетін талдауда келесідей әдістеме қолданылады.
Жиынтық қызметтің жиынтығында бәсекелестік құн келесідей белгілермен топтасады:

Қорытынды
Аталған курстық жұмыста нарыққа шығарылған өнімнің бәсекелестік қабілеті зерттеліп, оның жақсартудың жолдары қарастырылды.
Бірінші бөлімде өнімнің бәсекелестік қабілеті туралы оның тұтынушылық және құндылық сипаттары қарастырылды. Өнімнің бәсекелестік қабілеті қатысты өлшем болып табылады және нарыққа бәсекеге тауарларды салыстыру нәтижесінде көрінуі мүмкін. Өнімнің бәсекелестік қабілетін бағалау әдістемесінде бағалауға жататын параметрлер жиынтығы қолданылады.
Адам өмірінің өзі әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру процесінен тұрады. Осы процесті іске асыратын қоғамдық субъект – кәсіпорын болып табылады.
Екінші бөлімде «Нурлыбаев К» жеке кәсіпкерлігінің техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіліп, оның бәсекелстік қабілеті жоғарғы деген этикека өнімне бәсекелестік қабілетіне бағалау жүргізілді.