Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 72 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау


Жоспар
Кіріспе 3
1-тарау. Жергілікті бюджеттің экономикалық ролі 6
1.1 Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексіне» шолу 6
1.2 Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары 19
2-тарау. Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау 38
2.1 Жергілікті бюджет шығыстарын жоспарлаудың негізгі бағыттары 38
2.2 Мемлекеттік резервтерді жоспарлау 46
2.3 Әлеуметтік қамсыздандыру 53
Қорытынды 69
Пайдаланылған әдебиеттер 72

Кіріспе
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.
Нарықтық механизмге көшуге жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды,кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жіктерін, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

1-тарау. Жергілікті бюджеттің экономикалық ролі
1.1 Қазақстан Республикасының «Бюджет кодексіне» шолу
Осы кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды реттейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражаттарының құрылуы мен пайдалануының негізгі ережелерін, принциптері мен тетіктерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы кодекске көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

1.2 Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары
Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс - бұл тепе-теңдік,бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын -профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бүл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды.

2-тарау. Жергілікті бюджеттің шығыстарын жоспарлау
2.1 Жергілікті бюджет шығыстарын жоспарлаудың негізгі бағыттары
Жергілікті бюджеттің шығыстары - бұл аумақтық тұрғыда жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Жергілікті бюджеттің шығыстары - аумақтық тұрғыда қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Жергілікті бюджет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан жергілікті бюджет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.

2.2 Мемлекеттік резервтерді жоспарлау
Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар - бұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын күрделі жұмсалымдар - материал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы алады.
Күрделі жұмсалымдардың құрамына:

2.3 Әлеуметтік қамсыздандыру
Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған және төтенше оқиғаға байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру (сақтандыру) сияқты екі оқшауланған нысанада іс-әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен - халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерлеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді.

Қорытынды
Жергілікті бюджеттің шығыстары - бұл аумақтық тұрғыда жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Жергілікті бюджеттің шығыстары - аумақтық тұрғыда қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Жергілікті бюджет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан жергілікті бюджет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.