Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Психология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 18 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Отбасын құру және оның проблемалары


Жоспар
Кіріспе 3
1 Отбасын құру және оның проблемалары 5
1.2 Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу 8
1.2.1 Жас отбасылардың қатынастарын бұзушы факторлар 8
1.3 Мемлекет тарапынан жас отбасыларына қолдау көрсету 11
1.3.1 Студенттік отбасылар 11
1.3.2 Жас отбасылардың мемлекет тарапынан қолдауы 12
Қорытынды 16
Пайдаланылған әдебиеттер 18

Кіріспе
Отбасы дегеніміз - некеге қарағанда күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, онымен қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды да біріктіреді. Отбасы - бұл әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінезқұлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы - некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.

1.2 Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу
1.2.1 Жас отбасылардың қатынастарын бұзушы факторлар
Қазіргі еуропалық отбасында психологиялық ажырасу - бұл тұрақты некелік қарым-қатынастардың ғана бұзылуы емес, сондай-ақ тұрақты өмірлік тіршіліктің бұзылуы.
Ажырасудың өсу себептері:

1.3 Мемлекет тарапынан жас отбасыларына қолдау көрсету
Қазақстанда жасы 29 жасқа толмаған ерлі-зайыптылар жұбы жас отбасы болып саналады.Сонымен қатар 29 жасқа толмаған оның ішінде айырылысқан не жесір қалған баланы ата-аналардың біреуі жалғыз тәрбиелейтін толық емес отбасы болып саналады.
Әдетте берік материалдық іргетассыз отбасын құрайын деп жатқан жас адамдарға көп дәйекті ескертулерді тыңдауға тура келеді. Бірақ бұған қарамастан, жас жұбайлардың материалдық жағынан қамтамасыз етілгендігін міндетті деп санайтындарға қарағанда, жас отбасын құруда рационалды дәйектер басым болады Мұндай мақұлдаудың дәлелі ретінде жастардың бір-біріне деген махаббаты мен шын, адал сезімдерін келтіруге болады.

1.3.1 Студенттік отбасылар
Студенттік отбасы деп ерлі-зайыптылардың екеуі де студент болып табылатын отбасын айтамыз. Мұндай жас отбасында ерлі-зайыптылардың жасы 25- тен, ал отбасылық стажы 5 жылдан аспайды.
Жастардың жалпы көзқарастарының байланыстылығына, қызығушылықтарына, жалпы мақсаттары мен дүниеге деген көзқарастарына қарамастан, олардың көпшілігі отбасылық өмірдің алғашқы сәттерінен бастап ажырасуға әкеп соқтыратын мәселелерімен қақтығысады. Әл-ауқаттың жағдайсыздығы, тұрақсыз табыс, бөлек баспананың болмауы - мұның бәрі жас отбасылардың ішінде арақатынастардың бұзылуын тудыратын себептер. Бірақ жас студенттік отбасылардағы ең маңызды мәселе - баланың тууы болып табылады.Себебі оқуды баланы тәрбиелеу, тұрмыс және отбасын құру мәселелерін шешумен бірге қиыстыру үлкен өмірлік тәжірибе мен шыдамдылықты қажет етеді. Жас отбасының барлық қиындықтарды жеңудегі жетістігі мен бұдан былайғы тіршілігі негізінен мемлекеттің демеуі мен ықыласына байланысты болады.

1.3.2 Жас отбасылардың мемлекет тарапынан қолдауы
Жас отбасыларды мемлекеттік қолдау аймақтық және салааралық бағдарламалармен айналысатын жерлердегі меморгандары арқылы жүзеге асады.
Қолдаудың шаралары жас отбасылардың әлеуметтік мұқтаждықтарына сараптама жасау негізінде белгіленеді.
Қазіргі кезде жас отбасыларының қолдауын қамтамасыз етуде, сонымен қатар жастардың арасында некелерін сақтау үшін қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында мемлекет тарапынан келесі іс-шараларды өткізу жоспарлануда:

Қорытынды
Тіпті ілуде біреу десек те болады. 1950 жылдары Қазақстанда некеге тұрған 100 жұптың арасында бір шаңырақ иелері ғана түсініспеушілікпен екіге бөлініп, өз өмір жолдарын қайта бастайды екен. Дегенмен сол мезгілден бері ажырасу қарқыны жыл санап артып келеді. Бұған дәлел мынау: егер әрбір онжылдықты бөліп алып қарайтын болсақ, 60-жылдары 30 отбасыдан біреуінің, 1970 жылдары – алты, 1980 жылдары – төрт, ал 1990 жылдары үш отбасының бірі ажырасып тынған екен. Қазір тіпті бұл көрсеткіш деңгейі бұрынғыдан да көтеріле түскенін аңғаруға болады.