Қазагромаркетинг АҚ маркетингтік іс қызметін талдау
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ. КОНСАЛТИНГ – ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ 6
1.1 Консалтингілік қызмет көрсетудің мәні мен мазмұны 6
1.2 Кеңес берушінің қызметі және консалтингілік қызмет өнімі 8
1.3 Консалтингілік қызметтің жұмыс істеу қажеттілігі мен тиімділігі 12
1.4 Қазақстан Республикасындағы консалтингілік қызмет нарығының қалыптасуының экономикалық және ұйымдастыру алғы шарттары 20
2 ТАРАУ. «КАЗАГРОМАРКЕТИНГ» АҚ МЫСАЛЫНДА ӘСІПОРЫННЫҢ КОНСАЛТИНГІЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ 26
2.1 «КазАгроМаркетинг» АҚ ҚР АПК нарығындағы қызметі 26
2.2 «КазАгроМаркетинг» АҚ консалтингілік қызметінің өнімі 27
2.3 «КазАгроМаркетинг» АҚ консалтингілік қызмет нарығындағы әрекеттерінің нәтижелерін талдау 31
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОНСАЛТИНГІЛІК ҚЫЗМЕТ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ 36
ҚОРЫТЫНДЫ 41
ҚОСЫМША 43
КІРІСПЕ
Консалтинг – жұмыс орынын ауыстырғысы келетін жас мамандардың, жоғары оқу орыны түлектерінің және тәжірибелі кәсіпқойлардың арасындағы қызметтің ең танымал түрлерінің бірі. Электрондық бизнес пен жоғары технологиялық компаниялардың тартымдылығының төмендеуімен байланысты, көптеген университеттер мен бизнес-мектептердің түлектері, оны мансаптық өсу жоспарындағы жұмысорынының келешектілерінің бірі (мүмкін, ең келешекті) деп есептейді. Бұл сала өте жылдам дамуда, оған ықпал етушілер: консалтингілік қызметке сұранымның өсуі және кеңес берушілер қызметіне талапкерлер санының артуы. Жыл сайын мыңдаған ізденушілер, он мыңдаған өзінің қарсыластарын бәсекелестік күресте жеңіп шығып, ашылып жатырған бос орындарға ие болады. Мұндай қатаң бәсекелестік, кандидаттарды әңгіме өткізудің әрбір кезеңіне шындап дайындалуға мәжбүр етеді. Бұл кітап, басқарушы консалтингтің осындай ерекше қызық және динамикалық әлеміне кіргісі келетіндерге пайдалы болады деп үміттенеміз.
1 ТАРАУ. КОНСАЛТИНГ – ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕУДІҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1 Консалтингілік қызмет көрсетудің мәні мен мазмұны
Жетпісінші жылдардың ортасынан бастап, дүниежүзілік нарықта консалтингілік қызметтің көлемі күрт жоғарылады, ол өткен жиырма жылмен салыстырғанда оншақты ретке өсті және ары қарай қарқынды өсуде. Мысалы, АҚШ-та 1993 жылы, өздерінің қызметі үшін 17 млрд. дол, алған 80 мыңға тарта кеңесшілер болды, ал 1996 ж. айналым 20 млрд. дол., өсті. Ұлы¬британияда 1995 жылы басқармалық кеңес беруде 23 мың адам тіркелді, 1994 жылы 12,1 мың адам тіркелген болатын.
Қазақстан мен ТМД елдерінде бұл салада басқадай жағдай пайда болды. Зиялылық меншік пен ресурстардың отандық сатушылары, өзінің тауарын нарықта көрсетуге және тиімді сатуға толық дайын емес. Мұндай жағдайлар көптеген себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, көптеген шаруашылық басшылары консалтинг пен оның мүмкіндіктері туралы толық білмейді; екіншіден, консалтингілік қызметтің отандық нарықта дамуы жеткіліксіз; үшіншіден, консалтингілік компаниялардың қызметінде маркетингілік әдістердің енгізілуі әлсіз екені белгіленеді.
Консалтинг — нарықты экономиканың ұғымы, ол мамандар жағынан фирманың жетекші қызметкерлеріне басқару бойынша, жұмыс істеу және даму проблемаларын шешу және талдауда, кеңестер, ұсыныстар, тапсырыскерлермен бірігіп әзірленетін шешімдер нысанында жүзеге асырылатын, кәсіптік көмекті көрсетеді.
Консалтингілік фирма немесе кеңесші консалтингілік қызмет нарығының негізгі субъектісі болып табылады. Ол, өзінің қызметін коммерциялық бастамада жүзеге асырады және қызмет көрсетудің тәуелсіз өндірушісі болып табылады.
Консалтингілік қызмет көрсетудің негізгі сипаттамалары келесідей:
1.2 Кеңес берушінің қызметі және консалтингілік қызмет өнімі
«Адвокат», «сәулетші» немесе «дәрігер» сияқты кәсіптердің дәстүрлі аттарында кеңінен белгілі ұғымдар тұрады. Бірақ адамдар «кеңесші» дегенді естігенде, ол туралы былай ойлайды:
1) ірі компаниялардың жоғары басқарушы аппараты дағдарыс жағдайларды шешу үшін тартатын төтенше маңызды, үлкен қабілеттілігі бар, айқын тұлға деп;
2) немесе, басқа маңызды бірнәрсе тапқанша ақша тапқысы келген, жай жұмыссыз.
Бірақ осы анықтамалардың бірде-бірі шындыққа жатпайды.
Кеңесші — басқаларға ақылы көмек көрсететін кез-келген маманның қызметін баяндауға арналған әмбебап термин. Кеңесшілер қызметтің кез-келген аясында бар, мысалы графикалық дизайн бойынша, үйлену тойларын ұйымдастыру бойынша, сән мәселелері бойынша, мансап таңдау бойынша кеңесшілер. Осының бәрі — кеңінен таралған консалтингілік қызметтің түрлері. Одан өзгеде мамандар бар, мәнділігі бойынша олар кеңесшілер болады, атап айтқанда: талапкерді жоғары оқу орынына түсуге дайындаушы репетиторлар, жақсы мамандарды бір фирмадан екіншісіне қызықтырып әкетуші мамандар, туристік бюроның агенттері және жылжымайтын мүліктермен операциялар жасаушы агенттер. Тізімді шексіз жалғастыра беруге болады. Жайғана өнеркәсіп саласының немесе қызмет түрінің атауын алып, оған «консалтинг» сөзін қосыңыз — сіз оның тағы бір түрін аласыз. Басқарушылық консалтинг — бары–жоғы консалтингтің бір түрі, бірақ сонымен байланысты жалғыз кәсіптік емес.
Басқару бойынша кеңесшілер немесе айналысады (ары қарай, қысқалық үшін, біз «кеңесші» терминін қолданамыз)? Олардың негізгі міндеттеріне бизнестің проблемарын айқындау, диагностика және бизнес проблемаларын шешу жатады. Табысы төмендей бастаған компания, осы беталысты жеңу бойынша стратегия әзірлеу үшін консалтингілік фирма қызметкерлерін тарта алады. Өз кезегінде, өсудің жылдам қарқынындағы және жоғары пайдалылықты компанияда, табыс толқынында қалу үшін кеңесшілерді жалдайды. Басқа жағдайларда жұмыс процесінде кеңесшілермен жасалған қорытындылар, олардың келешекте қызмет көрсететін ұйымдары үшін, өте маңызы. Басқару мәселелері бойынша кеңесшілер әртүрлі проблемалардың пайда болу мүмкіндігін көруі және компанияға нарықтағы жағдайлардың өзгеруін бақылауға көмектесуі керек.
Тізілген міндеттерден өзге, басқару бойынша кеңесшілерге басқа функциялардыда жүзеге асыруға тура келеді:
1.3 Консалтингілік қызметтің жұмыс істеу қажеттілігі мен тиімділігі
Қазіргі нарықтық жағдайларда, барлық экономика тұтас, яғни жеке кәсіпорындардың және ұйымдардың қызметі үлкен өзгерістерге ұшырағанда, әрбір басшы, бұрын не өзі неболмаса штатқа кіретін мамандар кездеспеген, проблемалардың көп мөлшеріне душар болады.
Алдыңғы шептегі жайғасымды жеңіп алу үшін және сақтау үшін, басқарушылық консалтингі саласындағы мамандарды кәсіпорынға өз уақытында шақырумен, проблемалық жағдайды дербес анықтау мен сипаттауға әрекет жасауды ұштастыру қажет. Бұл кәсіпорындағы жағдайды кешенді диагностикалау міндетін шешуге, мүмкіндікті өзекті проблемаларды ашуға, сонымен қатар жоспарлаудың тиімді жасау мен қажетті өзгерістерді ендіруге көмектеседі.
Проблема деп басқарылатын объектінің нақты күйінің, тіленетін немесе жоспарланған күйге сәйкес келмеуі түсіндіріледі. Белгілі бір сандағы проблемалардың болуы, кәсіпорындар мен фирмаларға мейлінше кеңесшілерді жиі шақыруының немесе тіпті олармен абонементтік қызмет көрсетуге шарт жасасуының қажеттігі туралы көрсетеді.
Бұл жерде екі маңызды жағдайды белгілеу керек:
1.4 Қазақстан Республикасындағы консалтингілік қызмет нарығының қалыптасуының экономикалық және ұйымдастыру алғы шарттары
Нарықтың дамуы бәсекелестіктің қатаңдануына әкеледі және компаниялардан кәсіптік тәсілдемелерді талап етеді. Көптеген кәсіпкерлер мен басшылар, оған кеңесшінің болуы артық болмайтыны туралы ойлана бастады. Кеңесшіні өзіңе қай уақытта шақыруға болады? Сол үшін салған ақша босқа кетпейтіндей кеңесшіні қайдан алға болады? Оның жұмысының тиімділігін қалай анықтауға болады? Осы сұрақтардың барлығы осы зерттеу шолуында қарастырылады.
Консалтинг – тәуелсіз кеңес беру және басқарушылық мәселелері бойынша көмектесу, оларды өткізуде сәйкес шаралар мен көмектер ұсыну.
Ішкі және сыртқы кеңес берушілер болып бөлінеді.
2 ТАРАУ. «КАЗАГРОМАРКЕТИНГ» АҚ МЫСАЛЫНДА ӘСІПОРЫННЫҢ КОНСАЛТИНГІЛІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 «КазАгроМаркетинг» АҚ ҚР АПК нарығындағы қызметі
Келешектегі экономикалық жаңғырудың логикасы, агробизнестің рационалдық құрылымын қалыптастырумен, агротехнология деңгейін жоғарылатумен, ауыл шаруашылық өндірісінің маркетингілік стратегияға өтуімен, ішкі нарықта импорттың орынын басумен, таяу және алыс шетелдерге экспортты белсендірілдірумен байланысты, аграрлық саладағы өсудің жаңа сапаға өтуін талап етеді.
Үлкен проблеманы, Қазақстанның ДСҰ қосылуымен байланысты, шығындар мен артықшылықтардың жалпы балансының бағалануы көрсетеді. Басты міндет – халықаралық саудадағы құқыққа қысым жасалуын болдырмау және тауарлар мен қызметтің дүниежүзілік нарығына енудің нақты жақсаруын қамтамасыздандыру, және бұл кезде азық-түлік қауіпсіздігі мен елдің аграрлық секторының тиімді даму мүмкіндігін сақтай отырып.
Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы нарықты бағдарланған экономика заңдылықтара сәйкес жүреді, сондықтан өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері, отандық тамақ өнімдерінің бәсекелестік қабілеттіктері, олардың сапасының халықаралық сапалар талабына сәйкестігі басымды болуы қажет.
Агроөнеркәсіптік кешеннің жұмыс істеу ерекшелігі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыздандыру, экономиканың басқа салаларына қарағанда, мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік қолдаудың үлкен роль атқаруын керек ететін, агро өнеркәсіптік саясатты жүргізуді талап етеді.
2.2 «КазАгроМаркетинг» АҚ консалтингілік қызметінің өнімі
Маркетингілік және бағалық ақпараттың ИМС таратылуы оны ҚР Веб-сайтында орналастыру арқылы және БАҚ арқылы таратылу жолымен жүзеге асырылады.
Берілген ақпаратты оперативті режимде алу үшін, қажетті компьютерлік жабдықтарды сатып алуды және Интернеттің дүниежүзілік ғалами желісіне қосылуды ұсынамыз, немесе келесі ақпараттық – талдау бюллетеніне ҚР МСХ «АгроИнформ», газеттер «Аграрный Казахстан» және «Ауыл» жазылуларыңызды ұсынамыз, онда осы ақпарат апта сайын басылып тұрады.
Одан өзге, «Казагромаркетинг» АҚ электрондық тарату қызметі жұмыс істейді (СЭР), ол Сізді электрондық жәшігіңізге ақпаратты тарату арқылы, елдің нарығындағы бағалық конъектураның өзгерісі туралы хабар береді.
СЭР тіркеу үшін Сіз администраторға хабар бересіз.
Табысты агробизнес жүргізу үшін, бірінші кезекте, керекті ақпаратқа оперативтік шығу мүмкіндігіңіз болуы қажет, нарық конъюнктурасын түсіну керек, дүниежүзілік экономиканың аграрлық секторында өтіп жатқан өзгерістерді байқау және ағымдағы және ғалами келешектерді бағалай білу керек.
Бұл сұрақтардың көбісін шешуді үйрену, меншікті өндіріс өнімдерін өткізудің дүниежүзілік нарығына шығу, Сіздің өніміңізді өткізуден түсетін табысқа делдалдар мен маклерлердің ықпалын төмендету үшін, қазіргі прогрессивті технологияны ендіру және оны тиімді қолдануға үйрену өте маңызды.
Сонымен бірге, аудандық және ауылдық деңгейлерде, ақпараттық технология, маркетингілік және консалтингілік қызметтер және т.б. саласында кадрлық тапшылық проблемасы бар.
2.3 «КазАгроМаркетинг» АҚ консалтингілік қызмет нарығындағы әрекеттерінің нәтижелерін талдау
ҚР МСХ №304 2003 ж. 2 маусымындағы бұйрығына сәйкес ақпараттық ресурстарды әкімшіліктендіру бойынша қызымет және ҚР МСХ ақпараттық-маркетингілік жүйесінің техникалық қабаттасуы «КазАгроМаркетинг» Акционерлік Қоғамына берілді.
Бұл жүйе екі қосалқы жүйеден тұрады: ведомстволық және маркетингілік.
2002 жылы ведомстволық қосалқы жүйе салалар бойынша ведомстволық статистикалық есеп-қисаптың 92 нысанын көрсетеді, олар аудан-область деңгейінде қалыптасты. Сол уақытқа қосалқы жүйеге барлығы 213 тен 110 территориалдық басқармалар және 179-дан 14 ауыл шаруашылық басқармалары енгізілді.
Қоғаммен келесі жұмыстар жүргізілді:
3 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОНСАЛТИНГІЛІК ҚЫЗМЕТ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Отандық және шетелдік эксперттер пікірі бойынша, бүгінгі күні, консалтингілік қызмет саласында нарықтың күрт өсуі беталысы белгіленеді. Қазірдің өзінде бизнесте, көп кәсіпкерлердің консалтинг қажеттілігін түсінбеуіне қарамастан, бұл қызметтерге артықша сұраным бар.
«Ұлттық экономиканың динамикалық даму дәуірінде, оның саудадан өндіріске қайта бағытталуында, Қазақстан консалтингтің дамуының «алтын ғасырына» енеді. Бизнестің ересектенуінің мұндай сатысы страны Батыс Еуропа мен АҚШ өтті. Біздің кезегімізде келген сияқты». Шамамен осындай оптимистік нотада нарықтың көптеген қатысушылары, қызметтің осы түрінің дамуын сипаттайды. Жәнеде, бұл негізсіз емес сияқты.
«Инталев-Казахстан» консалтингілік компанияның бас директоры Евгений Плужниктің бағалауы бойынша, жақын уақыттарда консалтингілік қызмет нарығында «жарылысты» өсу мүмкіндігі бар. Оның сөзі бойынша, «нарық көлемі 12 - 15 млн. доллар, АҚШ бағаланады. Талдамашылар, оның өсуі жылына 20% құрайды деп есептейді. Қазіргі уақытта ЖІӨ көлемімен консалтингілік қызмет нарығының көлемі арасында дисбаланс байқалады. Мысалыға, АҚШ-та бұл нарық 50 млрд. долларға бағаланады, бұл ЖІӨ қатынасы бойынша 0,5% құрайды. Ресейде бұл сан 0,095% құрайды. Қазақстанда оданда аз - 0,023%. өсу әлуеті сөзсіз, елдің экономикасының жаңғыру саласында биліктегілер бастамасын ескере отырып, толық басқарушылық циклін қолдауға ең прогрессивті кәсіпорын ұмтылысы келесідей болады: стратегия - жоспарлау - бақылау - талдау».
ҚОРЫТЫНДЫ
Біздің уақытымызды түбегейлі өзгерістер кезеңі деп есептеуге болады. Оны ғаламдану ғасыры, ақпараттану ғасыры немесе білім ғасыры деп атауға болады. Шын мәнінде не өтіп жатқанын анықтауды тарихқа тапсырып, бизнес әлемі сыртта қалмауы керек. Тәуекелділік деңгейі өте жоғары. Бұл өзгерістерді әлде біреу логикалық ой тұрғысынан түсінуі керек, және осы буырқанған күшті пайдалы арнаға бұру әдісін табуы керек. Бұл жерде теория аяқталады және тәжірибе басталады, және осы жерден кеңес берушінің жұмысы басталады. .
Меншікті кәсіпорындарының компанияларға айналу процесі кезіндегі қиындықтарда жасалған және сыналған жағдайлардан қайта жаратылған, Қазақстандық компаниялар мен кәсіпорындардың кәсіпкерлері мен басшылары, қазір нарықта салыстырмалы тұрақты жайғасымды ала отырып, кәсіпорынның табысын орнықтыру , ұжымның құрылымын жасау, басқару процесін құру туралы ойлана бастайтындай уақыт келді.
Отандық кәсіпорын мен компаниялардың басшылары экономикалық білімнің жеткілікті деңгейін ие бола бермейді, мысалы олардың техникалық білімді алуымен байланысты.
Компанияда немесе кәсіпорында барлық уақытта меншікті маркетингілік қызмет немесе оптималданған басқарушы жүйе құру жағдайы бола бермейді.