Қазақстан Республикасындағы туризм саласы
Жоспар
Кіріспе 3
І-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттері 7
1.1 Туристік қызметті лицензиялау ережесі 7
1.2 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау 15
1.3 Туристтік қызметтің экономикалық көрсеткіштері және тиімділігі 19
II-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы 26
2.1 Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және даму болашағы 26
2.2 Туризмды дамытудың негізгі бағыттары 35
Қорытынды 44
Әдебиеттер тізімі 46
Қосымшалар 48
Кіріспе
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық - адамның танымдық көкжиегін кеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз өлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық - бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
І-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту міндеттері
1.1 Туристік қызметті лицензиялау ережесі
Осы ереже «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы Заңына (бұдан әрі -»Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заң), «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі - «Лицензиялау туралы» Заң), өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және уәкілетті органның - лицензиардың туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензия беру тәртібін, шарттарын, есебін жүргізуін белгілейді.
1.2 Қазақстан Республикасындағы туризм саласын талдау
2001 жыл ішінде саяхат қызметін жүзеге асыратын 690 кәсіпорын (оның ішінде туристік фирмалар саны 531) есеп берді. Олар жыл бойы 146,9мың туристер мен экскурсанттарға қызмет көрсеткен (1999 жылы сәйкесінше 425 кәсіпорын есеп берді және олар 228,3 мың адамға қызмет көрсетті)
Саяхатшылар жалпы саны 1999 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1.6 есеге қысқарды, соның ішінде жекелеген турист категориялары бойынша қысқару мөлшері әртүрлі болды: бізге келген туристердің саны 2,1 есеге шетке шыққан туристер саны 1,6 есеге, ел ішінде демалғандар саны 1,3 есеге қысқарды. Төменде туризм түрлері бойынша қызмет көрсетілген туристердің саны туралы диаграмма келтірілген.
1.3 Туристтік қызметтің экономикалық көрсеткіштері және тиімділігі
Туризмнің қалыптасуы мен дамуында оны сала ретінде анықтаушы нақты экономикалық көрсеткіштері болады. Ол сапасы жағымен бірге туристік қызмет көрсетудің сандық көлемін көрсетеді. Туризмнің дамуының көрсеткіштері әр аймақ (мемлекет) үшін төмендегідей:
II-ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы туризм дамуының қазіргі жағдайы және болашағы
2.1 Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы: проблемалары және даму болашағы
Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда.
2.2 Туризмды дамытудың негізгі бағыттары
Мақсаттарымен міндеттерге сәйкес туристік саланы дамытудың мынадай негізгі бағыттары белгіленеді:
Туристік қызметті мемлекеттік реттеу.
Туризмдегі мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру туристік қызметті жүзеге асырудың өзгерген әлеуметтік—экономикалық жағдайларға толық жауап беретін мақсаттарына, қағидаттарына және міндеттеріне сай жаңа көзқарастарды талап етеді. Бүгінгі таңда атқарушы билік органдарымен туризм саласында әрекет ететін ұйымдардың арасындағы өзара іс-қимылды реттеудегі мемлекеттің ролін арттыру қажет. Саланы орталықтандырып басқару Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігіне жүктеледі.
Қорытынды
Қазіргі кезде Қазақстанда 270 лицензия алған туристік фирмалар жұмыс істейді. Оның 83 % халықаралық туризммен шұғылданады. Соған қарамастан Қазақстан кәсйжерлері туризмді қазірше жоғарғы табысты кызмет сферасы деп карамайды. Олар қаржы шығаруға жүрексінеді. Себебі өндіріс саласындағы салық салудың жеңілдіктеріне, жоғарғы табысқа қызығыды.
Қазақстан әлемде туристік бағытта элі де болса белгісіз ел. Сондықтанда Қазақстанның туристік бейнесін көтеру үшін бірқатар кең көлемде шаралар қажет. Негізгі шаралардың бірі туристік негізгі шаралардың бірі туристік фирмалар мен агентсволардың халықаралық туристік жәрмеңке, көрме конференция т.б. әлемдік деңгейдегі шараларға қатысуы және Қазақстан жерінде де өткізу.
Әдебиеттер тізімі
1. Авдокушин Е.Ф. Международные экономические отношения: Учеб. Пособие.-М.: ИВЦ Маркетинг, 1996.
2. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы -Алматы: Санат, 1998.-1926.
3. Бабин Э.П. Основы внешнеэкономической политики.-Учеб. Пособие.-М: ОАО Экономика, АОЗТ МИКО, 1997.
4. Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения -Учеб. Пособие.-М: Финансы и статистика, 1996.
5. Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика : Оқу құралы - Алматы: Экономика, 2000. - 886.
6. Друкер, Питер Ф. Нарық: топжарып, алға шығу: Практика мен принциптер. / Орыс тілінен аударғандар Р.Шаймерденов, Н. Бөлекбаев.-Алматы: Білім, 1994-3206.