Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 3 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

«Ақ Жайық» шығармасындағы антропонимдердің ұлттық ерекшеліктері

Қазақ тілінде ұлттың этникалық сипатын айғақтайтын тілдік деректер аз емес. Солардың бастысының бірі - тарихи ономастика. Атап айтқанда ру, тайпа, ел тарихын зерттеуде батырлар жыры, әр түрлі сипаттағы тарихи шығармалардың мазмұнындағы этнонимдік, антропонимдік, топонимдік атаулардың ұлт болмысын тану үшін маңызы зор. Осы кезге дейін ол деректер көбіне поэтикалық жүйе шеңберінде немесе тарихи - лингвистикалық, лексикологиялық құрылымға қатысты қарастырылған. Жазушы шығармасындағы антропонимдердің мәнін, олардың этномәдени табиғатына тереңдеу арқылы тарихи сабақтастықта анықтау бұл зерттеудің негізгі мақсатын айқындайды.

Қазақ халқы да көптеген басқа халықтар секілді даналығын, дүниетанымдық көзқарасын, салт - дәстүрін т.б. тілінде түйіндеген. Оларды тұтас құрылым жүйесінде анықтасақ, халық өмірінің, мәдениетінің бейнесі немесе «дүниенің тілдік бейнесі» деп сипаттауға болады. Осы тұрғыдан қарастырылатын материалдық мәдениет атаулары да рухани мәдениетпен қатар адамдардың тіріліктері мұқтаждықтарын өтейтіні белгілі, себебі сол қоғамның этикалық, әлеуметтік, эстетикалық, символдық тәжірибесін көрсететін заттық атаулардың рухани өмірімен байланысы «материалдық мәдениет өнімдері рухани қажеттіліктерден туындайды» деген пікірді нақтылай түседі.

Гүлбаршын. Әбілғазы шежіресіндегі атауы - Баршын. Қорқыт жырларында - Бану Шешек, этникалық тегі - салор (Баршын - салор), әкесі - Қармыш бай, күйеуі - Мамыш бек, мазары Сыр бойында, оны өзбектер Көккесене деп атаған. Оның этимологиясы туралы пікірлер әртүрлі. Оны парчин (парча - мата атауы) деп ұғынатындар бар, қыздардың сұлулығын, нәзіктігін гүл, жібекке теңеу түркі тайпаларында кең етек алған үрдіс десек, бұл пайымдауының негізі болуға тиіс. Бірақ антропонимдік тұлғадағы көне атауды бір ғана эпитет деңгейінде ұғыну жеткіліксіз болар еді. Оның «көк» деген мәнін де назардан тыс қалдыруға болмайды.