Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 73 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Негізгі құралдардың талдауы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ 5
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі, және оның маңыздылығы 5
1.2 «АВК Капланбек» ЖШС-нің жалпы экономикалық сипаттамасы 10
1.3 Кәсіпорынның есеп саясаты 13
ІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ 21
2.1 Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру тәсілдері 21
2.3 Негізгі құралдардың түсу есебі 37
2.4 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі 43
ІІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТАЛДАУЫ 51
3.1 Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау 51
3.2 Негізгі құралдардың техникалық жағдайы мен тиімділік көрсеткіштерін талдау 65
ҚОРЫТЫНДЫ 71
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 73

КІРІСПЕ
Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп маңызды роль атқарады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарына және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылды және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорындардың күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.
Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін бағаламай кетпеуге болмайды.

І Бөлім. КӘСІПОРЫННЫҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі, және оның маңыздылығы
Бухгалтерлік есептің 16 «Негізгі құралдар» деп аталатын халықаралық стандарттарына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз – кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін пайдаланылатын және бір кезеңнен артық мерзім ішінде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға: қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалары жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив ретінде танылуға тиісті:

Кәсіпорынның өзінде шығарылған негізгі құралдардың құны активтерді сатып алу кезіндегі принциптердің негізінде анықталады. Егер кәсіпорын тура сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі барысында сатып-өткізу үшін өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, оның өзіндік құнына тең болады. Сөйтіп, кез-келген ішкі табыс ондай негізгі құралдардың құнын есептеу кезінде есепке алынбайды.
Кәсіпорын өздерінің негізгі құралдарының есебін 2400-шотының бөлімшелерінде, яғни мына активты шоттарда жүргізіледі:
2411-шот – жер;
2412-шот – үйлер мен ғимараттар;
2413-шот – машиналар мен жабдықтар;
2414-шот – көліктер құралдары;
2415-шот – компьютерлер, перифирициялық қондырғылар және деректерді өңдеу жөніндегі жабдық;
2416-шот – кеңсе жиһазы;
2417-шот - өндірістік құрал саймандар мен керек жарақтар.
Бұлар активті болғандықтан дебетінде негізгі құралдарының кірісі, яғни көбеюі, ал кредитінде негізгі құралдардың азаюы, яғни есептен шығарылуы көрсетіледі. Негізгі құралдардың есебі шаруашылық субъектісінің орталық бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың аналитикалық есебі әрбір инвентарлық объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Инвентарлық объект деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды, өздерінің құрылымы бойынша жекеленген немесе бірімен бірі құрылымы бойынша біріктірлген, яғни қосылған, бір зат болып саналып белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.

1.2 «АВК Капланбек» ЖШС-нің жалпы экономикалық сипаттамасы
Капланбек шарап заводының негізі 1934 жылы құрылған.1994 жылға дейін мемлекет меншігінде болып өнім беріп келген.Кеңестер одағы тарағасын 1994 жылдан бастап завод жекешелендіріліп «Капланбек Агровинкомбинат» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі болып қайта құрылды.
Міне содан бері 13 жыл көлемінде шарап түрлерін өндіріп өз алдына жеке құрылып өндірістің көптеген қыр-сырын игеріп шарап өндіру мен сатып-өткізудің тәжірибелік сырларын игерді.

Қаржылық шаруашылық іс-әрекеті туралы көрсеткіштер Кесте-1

1.3 Кәсіпорынның есеп саясаты
Есепке алуды және қайта есептеуді жүргізеді: мемлекеттік және жергілікті бюджетке және бюджеттен тыс қорларға, филиалдың қызметтеріне жалақыны, сондай-ақ басқа да қажетті төлемдерді, алғашқы құжаттардың және бухгалтерлік жазба мәліметтері негізінде бухгалтерлік есепті дер кезінде жасауды, оны белгіленген тәртіпте қоғамға және тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді. Ақшаны және тауар-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсауды болдырмау, қаржы және шаруашылық заңнамасын бұзу жөніндегі шараларды қабылдайды. Ішкі шаруашылық резервтерді анықтау, жоғалтулар мен өндірістік емес шығындарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің экономикалық талдауын жүргізуге қатысады. ҚР қолданыстағы еңбек заңнамасына қайшы операциялар бойынша құжаттардың орындалуын және рәсімделуін болдырмау жөніндегі шараларды қабылдауды жүргізеді.

ІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдар есебін ұйымдастыру тәсілдері
Негізгі құралдар – материалдық активтер олар:
а) компания немесе тауарлы материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылады;
б) Әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтер есеп жөніндегі 1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген №6 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес іске асырылады.
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары және еңбек құралдары болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы қызмет етеді.

1 сызба. Негізгі құралдардың жіктелу сызбасы
Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғындар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Мүлікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары жатады.

Мысалы: Үй бастапқы құны 5300800 теңге, есептелген тозу сомасы 2120320 теңге, тозу дәрежесі 40%. 2 графадағы коэффициенттерді қолдана отырып қайта есептейік:
- Ағымдағы құн 5300800 теңге * 1,054 =5587043
- Тозу сомасын түзетейік 2120320 теңге х 1,054 = 2234817 тенге.
- Бастапқы құнды қайтадан бағалау сомасы
2410 «Үйлер» шоты дебеті
541 «Негізгі құралдарды артық бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал» шот кредиті
5300800 тенге – 5587043 тенге = 286243 тенге
Тозуды қайта бағалау:
541 «Негізгі құралдарды артық бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал» шот дебеті.
2234817 тенге – 2120320 тенге = 114497 тенге.
№6 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес активті пайдалану шамасына қарай қайта бағалау сомасы амортизация есептеу тәсілінде қолданылуға сәйкес айқындалатын мөлшерлердегі бөлінбеген табысқа ауыстырылады.
Құнды ұлғайту сомасы (актив құнының өсуі):
(300800 тенге – 5587043 тенге) – (2234817 тенге – 2120320 тенге) = 171746 тенге.
Артық бағалаудың барлық сомасы тек активтің себебіне қарамастан істен шыққан сәтінде ғана бөлінбеген табысқа көшіріледі. Мұндайда мынандай жазба түседі:

Бухгалтерлік есептің жоғарыда аталған халықаралық стандарттарында негізгі құралдарды бағалаудың түрлері келесі 8 кестеде көрсетілген.
2 кесте
Негізгі құралдарды бағалаудың түрлері

2.2 Негізгі құралдардың түсу есебі
Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табына ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады. Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді.

Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты тұлғаға бекітіп мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу номерін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады. Негізгі құралдар келіп түскен кезде, мына төмендегідей шоттар корреспонденциясы жасалынады (9 кесте)
Кесте 3
Негізгі құралдарды кіріске алу операциялары бойынша шоттар корреспонденциясы

2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі
Кәсіпорын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне тиісті үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығарып тастауына болады.

Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға да, талдамалық есеп тізімдемесіне жазылады.
Негізгі құралдардың есептен шығарылуы жөніндегі шоттардың корреспонденциясын 11 кестеде қарастырайық.
Кесте 4
Негізгі құралдардың есептен шығарылуы жөніндегі
шоттардың корреспонденциясы

ІІІ Бөлім. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТАЛДАУЫ
3.1 Ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен құрылымын талдау
«АВК Капланбек» ЖШС- нің нарықтық қатынастардың дамуына байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер мүлкінің құрамында материалдық емес активтер деп аталатын активтердің жаңа түрі пайда болды. Олар субъектінің бухгалтерлік балансында ұзақ мерзімді активтер баптарының бірінші тобында көрсетіледі.
Экономиканың даму мүмкіндігіне қарай шаруашылық жүргізуші субъект мүңкіндегі материалдық емес активтердің маңызы мен үлесі арта түседі, ол техника мен технологиялардың дамуымен, ақпараттардың кеңінен таралуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты болады.

3.2 Негізгі құралдардың техникалық жағдайы мен тиімділік көрсеткіштерін талдау
Негізгі құралдардың тозуы табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы материалдық жағынан тозуы болып табылады. Негізгі құралдардың олардың барынша көп пайдалануға ғана байланысты емес, сонымен қатар басқа табиғи факторлардын әсерінен де болады. Негізгі құралдардың сапалық тозуы машиналармен құралдардың толық табиғи тозығы жетпей ақ құнсызданып, өндіріс процесінен шығып қалатындығы болып табылады. Бұл ең алдымен техникалық процесінің нәтижесі. Техникалық процестің нәтижесінде біршама арзан және өнімді машиналар пайда болып жұмысты арзан, шапшан және сапалы орындауға мүмкіндік береді. Мұның өзі бұрын қолданып келген машиналарды табиғи тозығы жетпей-ақ ескіріп, құнсыздануына әкеліп соқтырады.

Талдау бойынша өнімді өткізуден түскен түсім 4312000 мың теңгеге өткен жылмен салыстырғанда жоғарлады. Осының нәтижесінде таза табыс 50000 теңге жоғарлады. Және де негізгі құралдар 240649585 мың теңгеге жоғарлағаны байқалды. Қор қайтарымдылық коэффициенті 0,39 пайызға жоғарлады.
Кәсіпорынның қаржы – шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің Бас шоттар жоспарына сәйкес субъект меншігіндегі және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың тозу сомасын жинақтау үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» бөлімшесінің тиісті синтетикалық шоттары пайдаланылады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Дипломдық жұмысты қорыта келгенде, еліміздің экономикасында болып жатқан түбегейлі өзгерістер қатарына бухгалтерлік есепке алу жүйесінің халықаралық стандартқа көшуі де жатады. Оның ішінде еліміздің бухгалтерлік есепке алу жүйесі – халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуі. Сондықтан қоғамымыздың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдарды пайдалану шарларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2007-жылдың 28-ші ақпанындағы №234-ІП Қазақстан Республикасының Заңы,
2. «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» Заңы 1998-жылғы 20-қараша (2006 ж. 5-мамырдағы өзгертулер мен толықтырулармен № 139-1),
3. Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы бектікен 13.11.1996 №3 (өзгерістер мен толықтырулармен)
4. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексі 12.06.2001 жыл №209-11 (өзгерістер мен толықтырулармен),