Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкінің қызметі мен құрылым жүйесі
Жоспар
Кіріспе 3
І. Банк жүйесі: қалыптасуы және эволюциясы 5
1.1. Банктің мәні және пайда болуы 5
1.2. Банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері 8
1.3. Банк заңдылығының пайда болуы 12
ІІ. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің құрылымы және даму бағыттары 15
2.1. Ұлттық банк жүйесінің функциялары 15
2.2. Ұлттық банктің қызметі мен міндеттері 18
2.3 Ұлттық банктің операциялары 23
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк жүйесін дамыту мәселелері 26
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 30
Кіріспе
Нарықтық қатынастардың одан ары дамуының біріңғай кредит саясатын соның ішінде банк заңдылығын жетілдіруді талап етті. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12 –ші шақырылған 10 – шы сессиясында «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасы заңы қабылданды. Бұл заңды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің міндеттерін, қызмет үрдістері, құқық мәртебесі және өкілеттілігі, оның банк жүйесіндегі ролі, мемлекеттік өкімет органдарының өзара қатынастары анықталды. Заң Қазақстан Республикасының ақша және несие қорларына қажеттілігін қамтамасыз ету кепілдігін, салымшылар мүдделеріне қорғау және мемлекеттік кредит саясатын іске асыруды қарастырады.
І. Банк жүйесі: қалыптасуы және эволюциясы
1.1. Банктің мәні және пайда болуы
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелдік алғаннан соң КСРО Мембанкінің Республикалық еңсесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.
Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінің Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол нормативтік актілер "Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы", "Вестник Национального Банка Казахстана" атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын ресми басылымдарда жарияланады.
1.2. Банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған. Кодекс кредиторларын құқын қорғауды күшейтудегі принциптік ерекшеліктерден тұрады: құқықты бұзған емес, құқығы бар тарап қорғалады. Екінші ерекшелігі кодекс нормасы және олардың бұзылған нормаларымен коллизиясы мүмкін арақатынасты көрсетеді. Тағы бір ерекшелігі кодекс нормалары және басқа заң не нормативті құқық актілеріне енгізілген нормаларымен олардың коллизиясы мүмкін арақатынастар. Банк заңдылығы Азаматтық кодекстен, заң күші бар Қазақстан Республики президентінің жарлықтары “Ұлттық банк туралы” “Қазақстан Республикасы банктер және банк қызметі туралы” және басқа актілерден тұрады.
1.3. Банк заңдылығының пайда болуы
Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығына, жеке меншікті алғандағы меншіктің барлық нысандарының теңдігіне, кәсіпкерліктің еркіндігіне негізделген құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның негізін қалауға бағытталған экономикалық реформа жүргізілу үстінде.
ІІ. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің құрылымы және даму бағыттары
2.1. Ұлттық банк жүйесінің функциялары
Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-салумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
2.2. Ұлттық банктің қызметі мен міндеттері
Ұлттық банктің негізгі міндеті - ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету, сондықтан ол:
- акша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
- ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
- несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк жүйесін дамыту мәселелері
Біріншісі банк жүйесін сапалық жақсарту, бұл капиталдың бастапқы жинақталу сатысынан өтіп, қомақты жарғылық қор жинақталған ірі тұрақты банктер, олардың өздеріне елеулі меншікті қор қалыптастырды.
Қорытынды
Зерттеу жұмысының І- тарауында «Банк жүйесі: қалыптасуы және эволюциясы» мына мәселелер қамтылды:
1. Банктің мәні және пайда болуы
2. Банк жүйесінің қалыптасу кезеңдері
3. Банк заңдылығының пайда болуы
Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын төменгі бөлімшелерімен бірге тіке бағыныстағы біртұтас орталықтандырылған құрылым, іс әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде жүргізеді, әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, егер өзіне белгілі бір жауапкершілік алмаса, Ұлттық банк те үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Халықаралық тәжірибеде жеткілікті ірі меншікті капиталы бар банк ірі банк болып есептеледі.