Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 4 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Баян батыр (қазақша)

Баян батыр «Ақтабан шұбырындының» зарын көзімен көріп өскен, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай тәрізді қаһармандардың ерлік өнегесімен тәрбиеленген батырлардың екінші толқынында жатады. Біздің қолымызда батырдың нақты туған жылы туралы дерек жоқ. Батырдың ұрпақтарының айтуына қарағанда шамамен 1710 жылы мен 1715 аралығында туса керек. Осы жорамалды басшылыққа ала отырып біраз тереңдесек, соңғысы шындыққа бір табан жақын болар деген ой түйеміз. Бірінші дәлеліміз – Абылай хан өзінің атақты батырлары туралы айтқанда Қабанбай, Бөгенбайларды «менен ілгері» деп, Баян батырды өз тұстасы деп атайды.

Баян – Орта жүздің Уақ руынан. Уақ өз ішінен Бұйдалы, Жансары, Баржақсы, Шайгөз, Шоға, Мұрат болып бөлінеді. Шоға – Баянның арғы атасы. Уақ өте шашыраңқы орналасқан ру. Оның біраз тайпалары Семей, Кереку, Аягөз, Өскемен мандарын мекендейді. Тіпті Уақ Шу өзені мен Ақтөбе, қала берді Қытай мен Моңғолиядан да ұшырасады. “Ақтабанға” дейінгі негізгі мекені тегі Сыр бойы, одан беріде Ереймен, Семізбұғы, Қызылжар мен Қостанайдың аралығындағы Обаған өңірі болса керек.