Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 67 стр.

Год: 2006

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының әлеуметтік салымдары және зейнетақы төлемдерін есепке алудың ақпараттық жүйесін тұрғызу


Жоспар
Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алуды негіздеу 6
1.1 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 6
1.1.1 Орталықтан зейнетақы төлемдерін алу құқығы 6
1.1.2 Орталықтан зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажы 8
1.1.3 Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу 11
1.1.4 Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру 13
1.1.5 Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру 20
1.1.6 Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы 28
1.2 Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығын сипаттау 33
1.3 Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудағы ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты мен тағайындалуы 38
1.4 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы және әлеуметтік салымдардың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар 42
1.4.1 Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 43
1.4.2 Программалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 45
1.4.3 Ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 47
1.4.4 Математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 48
1.5 Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы 49
2 Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесін жобалау 53
2.1 Есептерді орнату 53
2.1.1 Есептер кешенінің мінездемесі 53
2.1.2 Кіріс ақпараттары 53
2.1.3 Шығыс ақпараттары 54
2.2 Ақпарат базасы 55
2.3 Программалық жабдықтау 57
2.3.1 Зейнетақы және әлеуметтік салымдардың есептер кешенін орындау үшін қолданылатын бағдарламалық құралдардың сипаттамасы 57
2.3.2 Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды талдау және болжау есептер кешенін шешуге арналған бағдарламаға сипаттама 58
2.3.3 Бағдарламалық жабдықтау құрылымы 61
2.3.4 Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы 64
Қорытынды 66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67

Кіріспе
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады.

1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алуды негіздеу
1.1 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы
Азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтік негіздерін, мемлекеттік органдардың, меншік нысандарына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын іске асыруға қатысуын Қазақстан Республикасының Заңы белгілеп, реттеп отырады.

1.1.1 Орталықтан зейнетақы төлемдерін алу құқығы
Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқылы.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады.
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

1.1.2 Орталықтан зейнетақы тағайындауға арналған еңбек стажы
Орталықтан зейнетақы тағайындау үшін еңбек стажын есептеу кезінде мыналар есепке алынады:
1) еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жеке және заңды тұлғалар ақы төлейтін жұмыс;
2) әскери қызмет;
3) құқық қорғау органдарындағы қызмет;
4) мемлекеттік қызмет;
5) кәсіпкерлік қызмет;
6) бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке және өзгенің жәрдем көрсетуіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ 80 жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;

1.1.3 Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы орган анықтайтын тәртіппен белгіленеді. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қажетті еңбек стажынан тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 процентке өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 процентінен аспауға тиіс.

1.1.4 Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсыздандыру
Міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын осы Заңда белгіленген ставкалар бойынша төлеуге тиіс. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы міндетті зейнетақы жарналарын төлеу үшін бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға міндетті. Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысына міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бір мезгілде екі және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының міндетті зейнетақы жарналарын іс жүзінде екі және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгізуіне, не жарнаны бір қорға төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бір бөлігін басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берілмейді.

1.1.5 Жинақтаушы зейнетақы қорларын ұйымдастыру
Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлері: ашық және корпоративтік болуы мүмкін.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше ашық тұлғалардың алушы - қызметкерлері үшін құрылады.

1.1.6 Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы
Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталы - құрылтайшылар мен акционерлердің жарғылық капиталға салған салымдары; комиссиялық сыйақылар; Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де көздер есебінен құралады
Жинақтаушы зейнетақы қорларының өз капиталы — жинақтаушы зейнетақы қоры міндеттемелерінің сомасын шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтерінің құны.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақысының шекті шамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1.2 Зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығын сипаттау
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны халықты әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде 1997 жылғы 20 маусымдағы №136-1 «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қызмет етеді. Оның 16 облыстық, Алматы, Астана қалалық филиалдары, барлық қалалар мен аудандарда бөлімшелері бар. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы жүйесінде бүгінгі күні 2500-нан астам адам еңбек етуде, олар негізінен банктік, қаржы және әлеуметтік салаларда жұмыс істеген, тәжірибиелі, білікті мамандар, көпшілігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы құрылған күннен бастап жұмыс істейді.

1.3 Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудағы ақпараттық жүйені тұрғызудың мақсаты мен тағайындалуы
Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпаратты жүйені тұрғызудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс ұстап тұратын ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады. Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесінің негізгі мақсаты –зейнетақы және жәрдемақы төлеуге, зейнетақы аударымдарын жинақтауға байланысты деректерді электрондық өңдейтін орталық болғандықтан ақпараттық жүйені енгізудің басты міндеті әлеуметтік төлем алушыларға қызмет көрсету барысында жаңа тәсілдерді, технологияларды енгізуде көптеген жеңілдіктер мен ыңғайлықтарға қол жеткізу, сонымен қатар осыған байланысты қажетті ақпараттарды беру, жинау, сақтау, іздеу болып табылады.
Экономикалық ақпараттар жүйесінің негізгі мақсаттарына байланысты оның негізгі есебі төмендегідей:

1.4 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы және әлеуметтік салымдардың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе – жеке бөлім мен элементтерге бөлуді қажет ететін күрделі жүйе. Толық жүйеге істей алмайтын нәрсені жеке элементтерге бөліп істей алуға болады. Жүйе элементтері мен бөлімдері неғұрлым нақты әрі толық бөлінсе, бөлім қатынасы анық болса, соғұрлым жүйені функциялау мен құру үрдісі тиімді болады.
Ақпараттық жүйені құраушы элементтер, өзінің алатын орнына қарай функционалдық және жабдықтайтын болып екіге бөлінеді. АЖ-нің функционалды бөлімі – ішкі жүйе мен кешен жиынынан және басқарудың маңызды бөлімін құрайтын құрылымнан құралған жиынтық. Функционалды бөлім ішкі жүйе қамтылған кешен жиынынан тұратын функционалды ішкі жүйе кешенін құрайды. Функционалды ішкі жүйе – нақты белгілер бойынша бөлінген жүйенің салыстырмалы тәуелсіз бөлігі.

1.4.1 Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Техникалық қамтамасыз ету – АЖ функционалдылығы үшін қолданудағы техникалық құралдар кешені.
Басқарудағы ақпараттық үрдісі жеке операциялармен орындау, оның шешімдерінен тұрғызылады.Барлық операция үш саты бойынша топталады: ақпаратты алу, түрлендіру және тұтыну. Бірінші саты экономикалық объект шартындағы үрдісінде пайда болатын алғашқы ақпаратты жинау мен тіркеу тобынан тұрады. Қайта өңделген ақпарат тобы уақыт пен кеңістіктегі мәнін, формасын, құрылымын, өзгеру операциясын орындайды. Үшінші саты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолданатын ақпаратты біріктіруге арналған операциялар тобы.
Ақпаратты басқару үрдісінің негізгі сатыларына сәйкес келесі техникалық құралдар қолданылады: ақпаратты жинау мен тіркеу, ақпаратты жіберу; машиналық тасығыштарды дайындау, ақпаратты өңдеу техникасын ұйымдастыру. Ақпаратты жіберу құралдары кеңістіктегі мәліметті өңдеу ортасы мен оны қолданатын жерге өткізуде қолдану.

1.4.2 Программалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Программалық қамтамасыздандыру – АЖ мен техникалық құралдар кешенін функционалдығын қамтамасыздандыру мақсатында өңдейтін программа жиынынан тұрады. Программалық қамтамасыздандыру математикалық негізінде құрылады да нақты «жұмыс істейтін» форма болып табылады.
Программалық қамтамасыздандыру келесі талаптарды қанағаттандыру керек:

1.4.3 Ақпаратты қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Басқару кезеңі ақпаратсыз жүзеге асырылмай тындықтан, АЖ-дағы ақпаратпен жабдықтауды ұйымдастыру өте қажет. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.
Ақпаратты қамтамасыз ету болып экономикалық ақпаратты кодтау және біркелкі жүйенің бірлігі болып табылады. Ақпаратты қамтамасыз ету төмендегі талаптарды қанағаттандыруы керек:

1.4.4 Математикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
Математикалық қамтамасыздандыру – АЖ есептерін шешудегі, АЖ өңдеудегі математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер жиыны.
Математикалық қамтамасыздандыруға келесілер жатады:

1.5 Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы
Концептуалды схема ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқаруында басты әдістемелік тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттың жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік аспектілерін бейнелейді, және негізгі құралдарды анықтайды.
Ақпараттық жүйелер - бұл күрделі жүйе болып келеді.

2 Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесін жобалау
2.1 Есептерді орнату
2.1.1 Есептер кешенінің мінездемесі
Осы жұмыстағы ақпараттық жүйе тұрғызу барысындағы есептер кешені зейнетақы және әлеуметтік салымдар туралы мәліметтерді алуға, өңдеуге, өңделген мәліметтерді сақтауға, осы мәліметтер негізінде есеп беру, сонымен қатар шығыс құжаттар формасын алуға арналған. Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесінің есептер кешені төмендегідей көрсетілген:

2.1.2 Кіріс ақпараттары
Кіріс ақпараты – бұл клавиатурадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.
Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.

2.1.3 Шығыс ақпараттары
Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.

2.2 Ақпарат базасы
Ақпарат базасы – бұл ақпараттық жүйенің жұмыс істетуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі. Ақпарат базасы машинадан тыс ақпарат базасы және машинада ішіндегі ақпарат базасы бөлімдерінен тұрады.
Машинадан тыс ақпарат базасы – ақпараттық жүйемен жұмыс істетуде қолданылатын құжаттар мен белгілердің (сигналдардың), мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат базасының бөлігі. Машинадан тыс ақпарат базасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері, мөлшерлік – анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бір мәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады. Ал мөлшерлік – анықтама құжаттар (МАҚ) – шартты - тұрақты ақпарат қатарына жатады және ұзақ уақыт бойы есеп айырысуда өзгеріссіз қолданылатын әр түрлі тәртіптегіш мөлшерлеулерді, мөлшерлерді және басқа да мәліметтерді құрайды.

2.3 Программалық жабдықтау
2.3.1 Зейнетақы және әлеуметтік салымдардың есептер кешенін орындау үшін қолданылатын бағдарламалық құралдардың сипаттамасы
Программалық жабдықтау дегеніміз – экономикалық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін программалардың жиынтығы. ЭЕМ бағдарламалық қамтамасыз ету программалар кешенін ұсынады, яғни мәліметтерді өңдеу процедурасын қамтамасыз ету – бағдарламалау, салық есебін басқару, есептерді шығару және мәліметтерді өңдеу жүйесін жобалау болып табылады. Программалар қамтамасыз ету арнайы және жалпы жүйелік болып бөлінеді.
Программалық жабдықтау құрамына әмбебап құралдар, пакеттер және бағдарламалар кіреді, бұлар бөлек проблемалар облысына бейімделген. Бұл жерде 3 негізгі программалық құралдар класын ерекшелеуге болады:

2.3.2 Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды талдау және болжау есептер кешенін шешуге арналған бағдарламаға сипаттама
Зейнетақы және әлеуметтік салымдарды талдау және болжау есептерін Delphі қосымшасында МББЖ Paradox 7 негізінде шығаруға болады.
Delphі –ол программалау ортасы, жоғарғы нәтижелі құрал.
Delphі-ең дұрыс жөндеу ортасы, бәрінен бұрын бөлек жұмыс станцияларымен қатар серверлер үшін жөндеу және қолғабыста қолдану үшін арналған.
Delphі 7 Wіndows 2000 немесе Wіndows XP professіonal операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істеуге болады.

2.3.3 Бағдарламалық жабдықтау құрылымы
Бағдарламалық жабдықтау құрылымы жалпы жүйелік және арнайы Бағдарламалық жүйеден тұрады.
Жалпы жүйелік Бағдарламалық жүйе – ол есептеу процестерін ұйымдастыруға немесе ақпарат өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге арналған,үлкен тұтынушылар шеңберін жабдықтай алатын бағдарламалар жинағын көрсететін бағдарламалық жүйелердің бір бөлігі
Есептеу жүйесінің бүкіл ресурстарын басқарады. ОЖ әдетте қызметші бағдарлама толықтырады. Бұл бағдарламалардың көмегімен дискінің бастапқы белгісі, сыртқы құрылыстық параметрлері, оперативті жадының тестісі, ақпаратты басуға беру, басқа машинамен немесе локольды жүйемен байланысу жұмыстары жүргізіледі.

2.3.4 Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрылымы
Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету – бұл ұйымның шығару процесіне қатысты және ақпаратты қайта өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешу, кең ауқымды пайдаланушыларға есептелген және бағдарлама жиынтығын ұсынатын бағдарламалық қамтамасыз ету бөлігі. Бұған операциондық жүйелер, кестелік процессорлар, бағдарлама генераторлары, графикалық және мәтіндік редакторлар, ҚПП, МББЖ және т.б. жатады.
Операциондық жүйелер барлық басқару шығару жүйелерінің қорларына жауап береді. Бірақ жүйелік қамтамасыз етудің бірнеше аспектілері бар, шығару жүйелерінің типімен сәйкес болмайды. Операциондық жүйе персоналды компьютердегі аппарат құрал оболочкасының ең төменгі деңгейдегі дәрежесін құрайды.

Қорытынды
Қазіргі кезде жүйелерді автоматтандыру өте күрделі үрдіс болып табылады, ол білікті білімді мамандар қажет етеді осы мамандар арқылы аталған мәселелерде шешуге болады деп есептеймін.
Бұл жұмысты жазу нәтижесінде басты мақсатқа қол жеткізу – зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алудың ақпараттық жүйесін құру. Бұл жүйе оның жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Бұл жұмыста Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік салымдарды есепке алу автоматтандырылған. Яғни мәліметтерді алуға, өңдеуге, өңделген мәліметтерді сақтауға, осы мәліметтер негізінде есеп беру, клиенттермен ыңғайлы әрі тез жұмыс істеу негізінде жасалған жұмыс.
Барлық ақпарат мәліметтер базасында сақталады, бұл жағдай ақпаратты іздеуді жеңілдетеді және алдағы көрсеткіштерді көруге, салыстыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық жүйеге байланысты жұмысты тез игеруге жағдай жасайтын инструкция пайдаланушы үшін келтірілген.