Әлеуметтік философия
Әлеуметтік философия предметі. Қоғам феномені. Қоғам пайда болуы (генезисі). Антропосоциогенез. Қоғам өмірінің күрделіленуі. Саясат. Мемлекет. Қоғамдық келісім идеясы. Азаматтық қоғам. Биліктерді бөлісу идеясы. Мемлекет пен қоғамның ажырасуы. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қоғам динамикасы. Қоғамның экономикалық негіздемелері. Әлеуметтік модернизм. Еңбек қажеттілік ретінде. Адам болмысын еңбекке телу (редукциялау). Еңбек қабілет ретінде. Өндірмелі және өндірімсіз еңбек. Әйел еңбегі. Еңбекті бөлісудің гендерлік аспектілері.
Еңбек құралдарының дамуы нәтижесінде техника пайда болды. Техника- жасанды органдар жүйесі, оған адам өзінің көптеген функцияларын сеніп тапсырады. Қазіргі замандағы техника – адамға таусылмас энергия мен шексіз мүмкіндік беретін ерекше әлем.
Еңбек құралдары мен техника өндірістің құралдары болып табылады. Оларды материалдық өндірістің заттық бөлшегі деп қарастыруға болады.
Өндіріс тәсілінің құрылымында адам ерекше орынға ие. Адамның жан қиярлық еңбегі, қажымас қайраты, кәсіптік шеберлігі, ұйымдастыру қабілеті кез – келген материалдық өндірістің дамуындағы аса маңызды фактор. Адам - өндіріс тәсілінің тұлғалық бөлшегі.
Әрине, мұндай түбегейлі өзгерістер дәуірінде адам да оған әруақытта дайын болуы қажет. Демек, ендігі жерде күнделікті күйбең тіршілікке алданып, уақыт өткізбей, ең болмаса, бір мамандқыты игеріп алудың қамына кірісу керек, меңгеріп қана қоймай, оның ұңғыл – шұңғылын жетік біліп, өз ісінің шебері болған адам ғана заман талабына сай еңбек ете алады.
Ғылыми техникалық революция қоғамға кері де әсер ете алады. Өйткені ол адам баласындағы табиғи бьастаулар мен қоршаған ортаның әдемілігін, үйлесімділігін бұзады.
Саяси сана қоғамның саяси өмірінің рухани жағын бейнелейді. Оған саясат пен мемлекект туралы қарапайым көзқарастар мен ілімдер, теориялар жатады. Саяси сана жоқ жерде толық қанды саяси өмір де болуы мүмкін емес. Саясат туралы білім мен көзқарастарына сүйене отырып, адамдар оған саналы түрде ат салысуға, саяси фактілер мен құбылыстарға баға беруге мүмкіндік алады.
Қоғамның саяси өмірін зерттей отырып, философия саясат субъектілерінң саяси мәдениетіне, лидерлер мен бұқараның өзара қарым – қатынасына, саясатқа қатысушылардың рухани деңгейіне ерекше көңіл аударады. Философия саяси өмірдегі субъективті бастаманың жоғары деңгейін атап көрсетеді. Ол, сонымен қатар, қоғамның қаншалықты деңгейде демократиялық, яғни саясатқа қатысушылардың мүмкіндіктері бірдей ме, бірдей емес пе деген мәселелерге көңіл қояды. Саяси өмірідің институттарына әртүрлі партиялар, қоғамдық ұйымдар мен ассоциялар жатады. Дегенмен, саясаттың негізгі құралы мемлекет болып табылады.
Қауым – адамзат басынан өткерген дүние жүзі халықтарының бәріне ортақ алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі экономикалық ұясы. Онда өндіріс құрал – жабдықтарына қоғамдық меншік болған. Еңбек ерлер мен әйелдер, еркектер мен балалар арасында табиғи түрде бөлінді. Өндірілген өнімді бірлесе отырып, бөліп, тұтынып отырды.
Қауымның дамуы – қауым мүшелері тұрақты атқаратын еңбек түрлерінің күрделеніп, көбейе түсуімен және осы түрлердің өзара байланысының күшеюімен сипатталады.
Үшіншіден, экономикалық өмірдің ортақтығы. Ол елдің әртүрлі аймағының белгілі бір кәсіпке бейімделуі мен олардың арасындағы сауда – саттық қатынасының нығаюымен тығыз байланыста болады.
Әр ұлттың өзіне тән менталитеті болады. Менталитет – қазақша, «діл» деген ұғыммен барабар. Менталитет дегеніміз – ұлттың «қоршаған әлемді белгілі бір кейіппен, қалыпта сезіну, түйсіну, түсіну және іс - әрекеттер жасау мақсатында қордаланған табиғи – тарихи дайындықтары мен ыңғайларының жүйесі» деп жазды С.Е.Нұрмұратов.