Инфляция себептері, зардаптары, оған қарсы шаралар
Жоспар
1 Инфляция себептері, зардаптары, оған қарсы шаралар 3
1.1 Инфляцияның мәні, себептері және зардаптары 3
1.2 Инфляцияның түрлері 6
1.3 Инфляцияны бәсеңдету шаралары 9
1.4 Сұраныс инфляциясы. Инфляция деңгейін өлшеу 14
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 20
11 Инфляция себептері, зардаптары, оған қарсы шаралар
1.1 Инфляцияның мәні, себептері және зардаптары
Соңғы уақытқа дейін біздің санамызда «инфляция» (латын сөзінен алғанда inflatio-қампию) деген ұғым капитализмнің келесі ретінде орнықты.Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар-ақша қатынасының болуы инфляциялық процестерді тудырады.Инфляцияның себебі, әрекет ету миханизмі, көрнуі және оның зардаптарымен күресу жолдары бұрын соңды біздің елде терең зерттелмеген.Инфляцияның басты ерекшелігі-қоғамдық ұдайы өндірістің барлық факторларына қатысты сан алуан себептерден туады.Басқаша айтқанда, инфляция бүкіл шаруашылық миханизмінің қызыметінен туындайды.
1.3 Инфляцияны бәсеңдету шаралары
Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен мемелекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді.Мемлекттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу,қаржыны сауықтандыру,несие экспансиясын тежеу,ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шаралады іске асыру арқылы жүргізеді.Ал аса төтенше жағдайда ақша реформасы жасалады.Инфляция экономикалық «аурудың» ерекше түрі.Ол бір мезгілде материалдық-қаржылық сәйкессіздіктің эрі салалары,әрі себептері ретінде көрінеді.Оны бүкіл шаруашылық механизмімен емдемей жеңуге болмайды,яғни,егер инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясаттың жүзеге асыруын қиындататынболса ,экономиканы сауықтыру нәтижесіз болуы мүмкін.Қазақстанда өндірісті дамытуға бағытталған экономикадағы
Сәйкессіздікткрді біртіндеп жоймай инфляцияға қарсы саясатты құру мүмкін емес.
1.4 Сұраныс инфляциясы.Инфляция деңгейін өлшеу
Инфляция дегеніміз бағалардың орташа деңгейінің өсу қарқыны, бірақ бұл жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды.Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта қалады, ал кейбір бағалар төмендейді. Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді.Есімізге түсірелік, жалпы базалық мерзім баға индексі арқылы анықталады. Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады.Осы жылдың (1999 жылдың) баға индексін алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексінен шығарып, айырмасын алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексіне бөліп, содан кеиін оны пайыз түрінде шығару үшін 100-ге көбейтеміз.Мысалы, 1998 жылғы тауарлар тұтыну баға индексі 154,5 тең болса, 1999 жылы-158,2 болды.Сонымен, 1999 жылдың инфляция деңгейі мына жолмен анықталады:
Қорытынды
Инфляция әрқашан және барлық жерде-ақша құбылысы, және оның үстінен бақыла жасауға жауапкершілік мемлекетке жүктеледі.Ресми мәжбүрлі бағалар мен халқының өсуі үшін белгіленген межелер (жоғары шекткрі) инфляцияның басталуын тоқтата алмайды. Ең әрісі-олар инфляцияны тұқыртатады.Ал тұқыртылған инфляция ашық инфляциядан да күйзелісті.Баға бағдарлары мен ерікті келісу туралы өтініштер салынып бітпеген үйге ұқсас,олардың бір-ақ артықшылығы бар:бағалар мен жалақының үстемін ресми енгізілген бақылу жүйесімен салыстырғанда оңай жойылады.Олар инфляцияны тежеу жөніндегі өзге шараларға балама болып табылмайды,дұрысы,іс-әрекеттің жоқтығын жасыратын бауалдыр бүркемесі.Баға бағдарлары зиян келтіреді және оларға неғұрлым адал сенген сайын, зияны соғұрлым көбейе түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Н. Ә.Назарбаев Қазақстан-2030. Алматы: 1997.
2. Современная экономика. Учебник Ростов-на-Дону: 1998.
3. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: 1999.
4. Курс экономической теории.Под ред. Чепурина М.Н. Москва: 1995.
5. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы: 1998