Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Полный просмотр работы

Негізгі құралдары түгендеу

ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕП ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ 5
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны 5
1.2 Негізгі құралдардың жіктелуі 8
2 КӘСІПОРЫНДАРДА НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮГЕНДЕУДІҢ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ 14
2.1 Кәсіпорындарда негізгі құралдарды түгендеудің маңызы 14
2.2 Негізгі құралдарды түгендеудің есебі және оның нәтижесі 21
2.3 Негізгі құралдарды түгендеудің синтетикалық есебі 25
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

КІРІСПЕ
Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір ұйымның қызмет ету процесіне нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар үлкен көңіл аударатыны белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның қаржылық жағдайын бағалауға ұмтылады.
Бухгалтерлік есеп нарықтық экономика жағдайында ұйым жөнінде жан–жақты қамтылған ақпарат алудың бірден–бір көзі болып табылады. Оның көмегімен ұйымның төлем қабілеттілігін, өндірістік қызметінің тиімділігі мен табыстылығын, даму перспективаларын сипаттауға мүмкіндік мол.

Негізгі құралдар есебінің бірлігі болып мүліктік объект, яғни өзінің барлық құрылымдары мен құрылғылары бар аяқталған құрылыс, заттар немесе заттардың кешені саналады. Мүліктік объектілер жай (бірліктік) және бірнеше заттардан тұратын күрделі болып бөлінеді. Бір негізгі құралдар объектісінің екіншісінен айырмашылығы олардың атқаратын қызметтеріне және әртүрлі пайдалану мерзіміне байланысты болады. Жоғарыда аталған мәселелер курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Курстық жұмысының мақсаты ұйымдағы негізгі құралдар есебі мен оларды түгендеудің мәні мен маңызын анықтау болып табылады. Осы қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін курстық жұмыстың жазу барысында төмендегідей міндеттер қойылды:
-Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны және олардың жіктелуі, бағалау және ҰҚЕС сай ұйымдастырылуын зерттеу;
-Негізгі құралдардың тозу есебі, кейінгі бағалау және шығындар есебін зерттеу;
-Негізгі құралдарды түгендеудің маңызын ашу;
-Негізгі құралдарды түгендеудің синтетикалық есебін қарастыру;
Негізгі құралдар есебінің міндеттеріне, сондай-ақ негізгі құралдардың пайдаланылмай тұрған және тиімсіз пайдаланылып жатқан объектілерін анықтау, олардың сақталуын қамтамасыз ету жатады.

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕП ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мазмұны
Негізгі құралдар кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі саласындағы қызмет істейтін ұйымдардың активтерінің негізгі бөлігін құрайды. Негізгі құралдарға материалдық, яғни материалдық-заттық формасы бар активтер жатады, мысалға жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылыс-жайлар және жермен байланысты басқа да объектілер), машиналар мен құрылғылар, көлік құралдары және т.б., яғни төмендегі талаптарға жауап беретіндер[2]:

1.2 Негізгі құралдардың жіктелуі
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді[6].
Өндірістік негізгі құралдар деп - өндірісте пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал–саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатқызылады.

1 сурет Негізгі құралдардың жіктелу сызбасы
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек материалдық жағдайын жасайды. Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

2 КӘСІПОРЫНДАРДА НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮГЕНДЕУДІҢ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
2.1 Кәсіпорындарда негізгі құралдарды түгендеудің маңызы
Егер түгендеуді тұрақты түрде жүзеге асырылып отырса, шаруашылық операцияларына күнделікті бақылау жасауға және басқа да іс әрекеттерді орындауға мүмкіндік мол.
Негізгі құралдардың нақты бар жоғын анықтау және олардың сақталуына ішкі бақылау жасау мақсатында субъекті басшылары нормативтерді, заңдарды және басқада актілерді, сондай-ақ есеп саясатын басшылыққа ала отырып негізгі құралдарға мүліктік түгендеу жүргізіп отырады.

Қазақстан Республикасында актив эксплуатациясына қарай қайта бағалау сомасы бөлінбеген табысқа қолданылатын амортизацияны есептеу әдісіне сай анықталатын көлемде өткізіледі. Кайта бағалаудың барлық сомасы себебіне қарамастан объектінің есептен шығарылған кезінде ғана бөлінбеген табысқа жатқызылады.
Амортизация мерзімін анықтау кезінде кәсіпорын техникалық немесе салық нормалар негізінде немесе күтілген табиғи тозудан шыға отырып белгіленген тиімді негізделуі керек.

2.2 Негізгі құралдарды түгендеудің есебі және оның нәтижесі
Түгендеу кезінде есепке алынбай қалған, сондай-ақ есеп регистрлерінде жоқ болған немесе оларды сипаттайтын мәліметтер дұрыс көрсетілмеген объектілерді комиссия түгендеу тізімдемесіне жетіспеушілік ретінде көрсетеді. Осы объектілер бойынша дұрыс анықтамалар және техникалық көрсеткіштер, мысалы: ғимараттар бойынша – олардың пайдалану бағытын, қандай материалдардан салынғанын, көлемін (сыртқы және ішкі өлшемі бойынша), алаңын (жалпы пайдалы алаңы), қабаттардың санын (жер асты алаңын, жартылай жер асты алаңын (подвал)), салынған жылын және т.б.; каналдар (арна) бойынша – ұзындығын, тереңдігін және енін (түбі және беткі жағы бойынша), жасанды құрылғыны, түбін және жандарын бекіту материалдарын; көпірлер бойынша – орналасқан жерін, материалдар түрлерін және негізгі көлемін; жолдар бойынша – жолдың түрін ( пішінді), қашықтығын, төселім материалдарын, беткі жағының енін және т.б. көрсету қажет.

2.3 Негізгі құралдарды түгендеудің синтетикалық есебі
Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарына сәйкес негізгі құралдардың синтетикалық есебі 2410 «Негізгі құралдар» шоттарында жүргізіледі. Оған келесідей инвентарлық шоттар ашуға болады:
2411 «Жер»
2412 «Ғимараттар мен құрылыс жайлары»
2413 «Машиналар мен жабдықтар»
2414 «Көлік құралдары»
2415 «Басқа да негізгі құралдар»
2930 «Аяқталмаған құрылыс»
Бухгалтерлік балансқа қатысты бұл шоттар активті, сондықтан дебеті бойынша негізгі құрал объектілерінің бар болуы мен келіп түсулері, ал кредиті бойынша шығуы көрсетіледі.

жобалық-зерттеу ұйымдарына жобалық құжаттар үшін есептелуіне бухгалтерлік есеп шоттарында келесі жазу жүргізіледі:
Дт 2930 «Аяқталмаған құрылыс»
Кт 3310 «Төленуге тиіс шоттар».
- объектінің құрылыс-жөндеу жұмыстарына жұмсалған негізгі, көмекші, құрылыс материалдары, отынның және т.б. іс жүзіндегі құны сомасына келесі жазу беріледі:

ҚОРЫТЫНДЫ
Өндіріс процессі еңбек құралдарына бөлінетін өндіріс құралдардың қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Еңбек құралдарының құрамына қандай да бір затты қосу сыртқы белгілермен емес, өндіріс процесінде атқаратын рольмен анықталады. Негізгі құралдардың есебі 16 «Негізгі құралдар» халықаралық стандартымен реттеледі, оның мақсаты субъектінің меншігіндегі шаруашылық жүргізу немесе оперативті басқару құқығында, сонымен қатар уақытша иелену және пайдалану құқығында жататын құралдарды есептеу әдісін анықтау болып табылады. Негізгі құралдарды есебінде маңызды сұрақтар болып келесі көрсеткіштерді: мойындау сәтін, маңызды қызмет ету мерзімін, амортизацияны есептеу әдістерін, кезекті капитал салымдарын, бағалау әдістерін дұрыс анықтау табылады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының 28.02.2007 ж № 234-ІІІ «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» заң
2. Қаржы есептiлiгiн әзiрлеу және ұсыну тұжырымдамасы
3. Халықаралық қаржылық есеп стандарттары-
4. Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті жасайтын ұйымдар үшін бухгалтер лік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз)
5. ҚР Қаржы министрлігімен бекітілген Типтік шоттар жоспары 23.05.2007 ж №185 іске 1 қаңтар 2008 жылы енгізілген
6. Бухгалтерлік есептің регистрлер нысанының бекіту туралы, бұйрық 21.06. 2006 жылы №2 15
7. Алғашқы есеп құжаттарының нысандарын бекіту туралы 21.06. 2006 жылғы № 216 бұйрығы;
8. ҚР 21.06.2007 жылғы , №218 «ҰҚЕС бкіту туралы бұйрығы»;
9. Кеулімжаев К.К., Ажибаева З.Н. Қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2003
10. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері, Экономика, Алматы , 2006 жыл
11. Палий В.Ф., Соколов Я.В. Бухгалтерлік есептің негіздері, -М.: Қаржы және статистика, 1984. -279с.
12. Друри К. Басқару және өндірістік есеп: Пер. с англ.Учебник.-М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003.-1071 с.
13. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі таңдағы бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. 2- данада. Ч.1/Жалпы басылым. НАН РК, д.э.ғ., проф. Н.К. Мамырова.-Алматы: Экономика, 2000.-336б.
14. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл. Бухгалтерлік есеп принцмптері /Пер.с англ. Под ред. Я.В.Соколова.-2-е изд.., стереотип.-М.: Финансы и статистика,1999.-496б.
15. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау, Экономика, Алматы, 2001 жыл,
16. Дюсембаев К.Ш. Аудит негіздері. –Алматы: Экономика, 1998. -245с.
17. Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит: Оқу құралы. — М.: ИНФРА-М, 1995.-240с.
18. Тулегенов Е.Т., Габбасова Ш.М. Кәсіпорынмен басқару жүйесіндегі ішкі аудит // Ьухгалтерлік есеп және аудит. - 2002. Х21. - 52-55бб.
19. Казақстандағы аудиттің халықаралық стандарттары - Алматы: Раритет,
2001ж.Т. 1,2.—260бб.
20. Суйц В.П., Ахметбеков А.Н., Дубровина Т.А. Аудит: жалпы, банктік және сақтандыру бойынша: Оқу құралы.-М.: ИНФРА-М,2002.-302с.
21. Скобара В.В. Аудит: Методология мен ұйымдастыру.-М.: Дело и сервис, 1998жыл
22. Макальская А.К. Ішкі аудит: Оқу- тәжірибиелік құралы. - Москва «Дело и Сервис», 2000. —80 б.
23. Сотникова Л.В. Ішкі бақылау мен аудит. Оқу құралы. - М.: ЗАО «Финстатинформ», 2000. — 239 б.