Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 15 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Табиғи орта жағдайының экологиялық мониторингісі


Жоспар

1 Табиғи орта жағдайының экологиялық мониторингісі 3
1.1 Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау 3
1.2 Су сапасының мониторингі 4
1.3 Су объектілерінің ластануын нормалау 5
1.4 Су сапасының негізгі көрсеткіштері 10
1.5 Су үлгілерін дайындау және іріктеу 13
1.6 Қорғау (консервация) және сақтау 14
Әдебиет 15

1 Табиғи орта жағдайының экологиялық мониторингісі

1.1 Су объектілерінің экологиялық жағдайын бағалау

Табиғи сулардың құрамына тұщы (жер үсті, жер асты, су түбі және т. б.) және теңіз сулар кіреді. Ауыз сулар алдын ала тазартылған және залалсызданған табиғи (өзен және жер асты) сулардың туындысы болып табылады. Ақаба сулар, өз алдына, адамдардың шаруашылық әрекетінің нәтижесінде лайланған, лас сулар болып келеді. Сөйтіп, әртүрлі құрамды сулардың белгілі бір анализ деңгейі, табиғи сулардың анализ мәселелерімен тікелей байланысты.
Төменгі атмосфералық қысымда буландыру, мұздату, вакуумды қайнату жолымен негізгі компонентті кәдімгі жою мүмкіндігінің арқасында, су, анализдің қарапайым объектісі ретінде көрінеді. Бірақ құрамында элементтік позициясы жағынан су – элементтер арасындағы әсерге байланысты, бір-бірінен он мың есе айырмашылығы бар мәселе тудыратын, құрамына әртүрлі концентрациялы элементтер кіретін, өте күрделі жүйе.

1.2 Су сапасының мониторингі

Су мониторингі жүйесінің шегінде жер үсті су көздерінің сапасын бақылаудың төмендегі түрлерін келтіруге болады:
- жер үсті суларының ластану деңгейін физикалық, химиялық, гидрологиялық және гидробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау;
- арнайы міндеттерді шешу үшін арналған бақылау.
Осы бақылаулардың әрқайсысы келесі қызметтердің нәтижесінде жүсеге асады:
1) су нысандарында немесе олардың бөліктерінде алдын-ала бақылау және зерттеу жүргізу;
2) алдын-ала таңдалып алынған пункттердегі су объектілеріне жүйелі түрде бақылау жүргізу, яғни:су сапасы туралы мәліметтерді жекелеген бөліктерден жүйелі алу және белгілі бір мезгіл немесе кеңістікте алынған мәлімет; шаруашылық ұйымдарды, сонымен қатар, қызығушылығы бар мекемелерді жүйелі ақпараттармен және су көздеріндегі немесе суаттардағы су сапасы, гидрохимиялық режимнің өзгеріс болжамымен таныстырып, су ластануының тез өзгерісі туралы төтенше ақпараттармен қамтамасыз ету.
Әрбір нақты жағдайда анықталатын арнайы заңдылықтармен зерттеулердің міндеттерін құрайтындар мыналар:

1.3 Су объектілерінің ластануын нормалау

Қоршаған ортаның сапасын бағалау мақсатында қоршаған орта сапасының стандарттары жасалған. Стандарт экологиялық және өндірістік –шаруашылық болып бөлінеді.
Экологиялық стандарт қоршаған ортаға шекті рауалы нормаларын белгілейді. Егер де осы экологиялық регламенттер негізінде есептелген және құқықтық статус алған антропогендік жүктеме шамасы белгіленген мөлшерден асатын болса, адам денсаулығына қауіп төнуі, ал өсімдіктер мен жануарлар әлемін құртатын әсер орын алуы мүмкін. Осы нормалар сақталған жағдайда экожүйелердің тозуы болмайды, биологиялық алуантүрлілік пен халықтың экологиялық қауіпсіздігі сақталады.
Қоршаған табиғи орта сапасының барлық нормативтері үш түрге бөлінеді: санитарлық-гигиеналық, экологиялық (өндірістік-шаруашылық) және қосалқы.

1.4 Су сапасының негізгі көрсеткіштері

Әртүрлі көздердің су сапасының көрсеткіштері: физикалық, химиялық, биологиялық және бактериологиялық болып табылады.
Физикалық көрсеткіштерге жатады:
1) өлшенген заттардың құрамы (құм, тұнба, планктонның
өлшектері). Тұнбаның булануынан кейін өлшеніп анықталады (мг/л);
2) шартты бірліктерде түстің (бояудың) бағалануы;
3) дәмі және иісі баллмен бағаланады (органолептикалық).
Химиялық көрсеткіштер шартты түрде бес топқа бөлінеді: негізгі иондар, еріген газдар, биогенді заттар, микроэлементтер және органикалық заттар.

1.5 Су үлгілерін дайындау және іріктеу

Келесі анализдің едәуір деңгейінде дұрыстылығын анықтайтын су үлгілерінің іріктемесін стадия ретінде қарастыру қажет және үлгіні іріктеу процесінде жіберген қателіктерді келешекте, тіпті квалификацияланған анлитик те түзете алмайды.
Су үлгісінің орнын және іріктеу жағдайын әр кезде зерттеудің нақтылы ережелермен анықтайды, бірақ үлгіні іріктеудің негізгі ережелері жалпы түрде болады:
- анализ үшін алынған судың үлгісі іріктеудің орнын және
жағдайын көрсетуі қажет;
- үлгінің іріктемесі, сақталуы және тасымалдануы, оның
алғашқы құрамының өзгермеуін қамтамасыз ету керек (анықталатын компоненттердің немесе су қасиеттерінің болуы);
- үлгінің көлемі әдістемеге сәйкес аналитикалық процедураны
өткізу үшін жеткілікті болу қажет.

1.6 Қорғау (консервация) және сақтау

Анализді іріктеу күнінде жүргізу мүмкіндігі болмаса, ауыз су үлгісін сол кезде ғана консервациялайды.
Бөтелкелер саңлаусыз жабық болуға тиісті. Қажеттілік туғанда, тығындардың үстінен парафин және канифолидің қоспасын (80 – 90 пайыздық парафин және 10 – 20 пайыздық канифоли) ерітіп құюға болады. Егер су ұзақ сақталатын болса, онда 1л суға 2 мл хлороформ қосып консервациялайды.

Әдебиет

1 Алексеев С.В., Груздева Н.В., Муравьев А.Г., Гущина Э.В. Практикум по экологии: учебное пособие. – М. : АО «НДС», 1996. – 210 с.
2 Афанасьев Ю.А., Фомин С.А. Мониторинг и методы контроля ОС: учебное пособие в двух частях. – М. : Изд-во МНЭПУ, 1998. – 185 с.
3 Бурдин К.С. Основы биологического мониторинга. – М., 1988. – 168 с
4 Контроль химических и биологических параметров окружающей среды (Энциклопедия «Экометрия») / под ред. Л.К. Исаева. – СПб. : Крисмас +, 1998. – 250 с.