Қоғамдық құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу
Жоспар
1 Қоғамдық құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу 3
1.1 Өзара байланыстар туралы ұғым және олардың түрлері 3
1.2 Регресиялық және корреляциялық талдаудың міндеттері және оның сатылары 5
Әдебиеттер 11
1 Қоғамдық құбылыстардың өзара байланысын статистикалық зерттеу
1.1 Өзара байланыстар туралы ұғым және олардың түрлері
Белгілер ортасындағы байланыстар сипатына қарай екі түрге бөлінеді: 1) функционалдық байланыс; 2) корреляциялық байланыс.
Фактор белгісінің әрбір мәніне нәтижелік белгінің бір яки бірнеше анық мәні әрқашан сәйкес келіп тұрса, бұндай байланыс функционалдық байланыс деп аталады. Функционалдық байланыстың маңызды ерекшелігі сол, онда барлық факторлардың толық тізімін және олардың нәтижелік белгімен байланысын толық бейнелейтін теңдікті жазуға болады.
Факторларының санына қарай функционалдық байланыстар бір немесе көп факторлы болып келеді. Олар әлеуметтік пәндерге қарағанда анық пәндер саласында көбірек қолданылады. Өйткені функционалдық байланыстар табиғи құбылыстар ортасында жиі кездеседі.
1.2 Регресиялық және корреляциялық талдаудың міндеттері және оның сатылары
Корреляциялық байланыстарды оқып-үйрену кезінде екі бағыттағы мәселеле туындайды. Біріншісі, қарастырылып отырған құбылыстар (белгілер) арасында қаншалықты тығыз (күшті не әлсіз) байланыс бар екенін бағалаудан тұрады. Бұл — корреляциялық талдау деп аталатын әдістің міндеті.
Корреляциялық талдау корреляция коэффициенттерін анықтау мен олардың маңыздылығын, сенімділігін бағалауға негізделеді.
Корреляция коэффициенттерінің екі жақты сипаты бар. Оларды есептеу нәтижесінде алынған мәндерді X және У белгілер немесе У және X белгілер арасындағы байланыс мөлшері деп қарауға болады.