Қазақстанның салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері
Мазмұны
Кіріспе 3
I Нарықтық экономикада салықтың алатын орны 4
1.1 Салық ұғымы, тарихы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні 4
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы 7
1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері 11
II. Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру 15
2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері 15
2.2 Салық алуды ұйымдастыру 21
2.3 Қазақстан Республикасының салық түрлері 24
2.4 Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу
жолдары 29
Қорытынды 34
Қолданылған әдебиеттер тізімі 36
Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
I Нарықтық экономикада салықтың алатын орны
1.1 Салық ұғымы, тарихы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Ұйымдық–құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
1.2 Салықтар: типтері және эволюциясы
Салық, алым, баж және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес, төлеушілердің бюджетке, немесе, бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы бола отырып, салықтар мына жағдайларды жүзеге асырады: бөлу жүйесінде пайда болатын қателіктерді жоюға мүмкіндік туғызады, адамдардың осы немесе басқа әрекеттердің дамуын ынталандырады.
1.3 Салық салудың принциптері мен түрлері
Салық салу жүйесінің басты буыны – бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған корпорациядан алынатын салық. Салық акционерлік қоғамның таза пайдасынан алынады, яғни жалпы пайдадан басқаларды шегергеннен кейін мысалы, жедел амортизация, табиғи кендердің азаюы, қайырымдылық қоры төлемдері және т.б. шығындар.
II. Қазақстан Республикасындағы салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру
2.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетке алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылдаған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
2.2 Салық алуды ұйымдастыру
Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылды.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
2.3 Қазақстан Республикасының салық түрлері
Қазақстан Республикасының салықтары екі түрге бөлінеді. Олар: жергілікті және мемлекеттік. Салықтар: жанама салығы, корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, әлеуметтік салық, меншікке салынатын салық, жер салығы, мүлікке салынатын салықтар,.
Жанама салықтар – жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін.
2.4 Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер және оны шешу жолдары
Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлің мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады.
Қорытынды
Сонымен тақырыбымды қорыта келсем, салық – мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі. Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Сонымен қатар салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.
Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. А.Д.Байдүйсенов. // Қаржы және қаражат // 2001, №4, 32-36-беттер.
2. Ә.Е.Өтембаев. “Экономикалық өсімге кепіл болатын құжат” // Егемен Қазақстан // 2001, 22 қараша 2-бет.
3. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов. //Нарықтық экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.
4. Б.Медешов. //Нарықтық экономика теориясына кіріспе // Алматы, 1998 ж.
5. Г.Д.Митюгина. “Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша жеңілдіктер ” // Бухгалтер бюллетені // 2000 ж., №47 қараша 6-7-беттер.
6. Е.Б.Жатқанбаев. //Аралас экономика негіздері// Алматы, 2000 ж.
7. Е.Смайлов. “Салық мәдениеті – салықты дұрыс төлеп, адал өмір сүру” //Егемен Қазақстан // 2002 ж., 7 маусым 3-бет.
8. З.Кәкімжанов. “Салық кодексіндегі соңғы өзгерістер еліміздің экономикасына оң әсер ететін болады” // Егемен Қазақстан // 2002 ж., 22-қаңтар, 2 бет.
9. Н.Чернягина. “Көлікке салынатын салық” // Бухгалтер бюллетені // 2000 ж., №9 ақпан 5-7-беттер.
10. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының кодексі //Салық кодексі// Алматы, 2004.
11. С.Құлпыбаев, Қ.Қ.Ілиясов. // Қаржы // Алматы, 2003 .
12. Я.Әубәкіров, К.Нәрібаев, М.Есқалиев. //Экономикалық теория негіздері// Алматы, 2004, 391-395-беттер.