Біржан сал Қожағұлүлы (1834-1897)
Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі түлғаның бірі XIX ғасырдағы қазаң ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағүлүлы. Ол 1834 жылы қазіргі Аңмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жаңғасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата ңонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертіс-тен Аңшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқүл, Қожағүл, Қожағүлдан Түрлыбай, Нүралы, Ералы туады. Біржан Түрлыбайдың баласьь Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағүлдың Біржан салмын» деп жар салатын содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан түрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді. Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен ән салуға, өлең сөз қиыстыруға бейімдігін байқатады. Өлеңге қүмар жас тар аяда ңалмай, ошақ басы, от ңасы әңгімелерінен биік түрып, ел тамсаидырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік ңүра бастайды.
Көңіл хошы түскен кезінде, жан рахатын кешкен сәтінде осындай «Жаймашуақ» секілді қай кезде де алып қарасаңыз өз биігінен түспейтін әдемі әнді шығарып кете береді. Осы секілді өндердің тағы бірі «Айтбай» деп аталады. Айтбай бүл қыздың аты. Қазақ келесі туатын бала үл болсын деп ырымдап, қыз балаға кейде ер адамның есімін қоятын әдеті бар.
Мамекем Айтбай десем күлімдейді,
Сүр жорга астындағы сүрінбейді.
Аққудай аспандағы жүз қүбылып,
Сал Біржан ән салуға ерінбейді, -
дейтүғын түстарында Айтбайдың әдемілігі, Айтбайдың сүлулығы айтылады.
Атымның қақ түрады сауырына,
Қос тепкі салып екі бауырына,
Қолынан бір шай ішіп кетейін деп,
Келемін Айтбай сүлу ауылына.
Бүл да сол кездегі Біржанның халінен, Біржанның жағдайынан ауыл аралап, ел аралап ән салып жүрген салсерінің сайран күндерінен, сол кездегі қазақтың еркін көңілінен, сол шаңтағы қазаң халқының бостандықта жүрген кезі ән салып, әнге елтіп жүрген кезінен бізге дерек беретіндей.