Қазақстан Республикасының сыртқықауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Жоспар
1 Қазақстан Республикасының сыртқықауіпсіздігіне қарсы қылмыстар 3
1.1 Мемлекеттік опасыздық 3
1.2 Шпиондық 5
1.3 Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау 6
1.4 Өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру 8
1.5 Қарулы бүлік 9
1.6 Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақырулар 10
1.7 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар 11
1.7.1 Диверсия 11
1.7.2 Жұмылдыруға шақырудан бас тарту 12
1.8 Мемлекет құпияларын сақтауға қол сұғатын қылмыстар 13
1.8.1 Мемлекеттік құпияларды жария ету 13
1.8.2 Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту 14
Әдебиеттер 16
1 Қазақстан Республикасының сыртқықауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
1.1 Мемлекеттік опасыздық
Өз Отанына сатқындық жасау әр уақытта да ең ауыр мемлекеттік қылмыс ретінде қарастырылған, Қазақ КСР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде мұндай қылмыстың атауы- Отанға опасыздық деп көрсетілген еді. 1997 жылғы Қылмыстық кодекс бұл атауды Мемлекеттік опасыздық деп жаңа атаумен алмастырады. Өйткені Отан деген ұғым мемлекеттік емес аумақтық ұғымды, яғни адамның туған жерін бейнелейтін ұғым ғана еді. Қазақстан Республикасының азаматы болып оның аумағынан сыртқары жерде тұрған ҚР азаматтығын алған кез келген ұлттың өкілі танылатыны баршаға аян. Осыған байланысты дүниежүзілік құқық стандарттарына сәйкес Отан деген түсінік мемлекеттік деген түсінікпен алмастырылуы заңды құбылыс.
1.2 Шпиондық
ҚР Қылмыстық кодексінің 166-бабына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты, оларға бару мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді ҚР сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау, егер осы әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса шпиондық деп танылады. Шпиондықтың тікелей объектісі болып ҚР сыртқы қауіпсіздігі танылады.
Шпиондықтың затына екі түрлі мәліметтер жатады:
1.3 Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасау
Қылмыстық кодекстің 167-бабында Қазақстан Республикасы Президентінің өміріне қастандық жасағаны үшін жауаптылық белгіленген. Осы бапта: ҚР Президентінің өміріне оның мемлекеттік қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау- 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады делінген. Қылмыстың тікелей объектісі ҚР Президентінің қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар, қосымша тікелей объектісі ҚР президентінің өмірі болып табылады.
1.4 Өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру
ҚР Қылмыстық кодексінің 168-бабында ҚР Конституциясын бұзып өкіметті күшпен басып алуға немесе өкіметті күшпен ұстап тұруға бағытталған, сол сияқты ҚР конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге бағытталған іс-әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Қылмыстың объектісі- Республиканың саяси жүйесіне қылмысты қол сұғу болып табылады. Қылмыстың объективтік жағын:
1.5 Қарулы бүлік
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 169-бабына сәйкес ҚР конституциялық құрылысын құлату немесе күштеп өзгерту не ҚР аумақтық тұтастығын бұзу мақсатында қарулы бүлік ұйымдастыру не оған белсенді түрде қатысу қарулы бүлік деп танылады. Қылмыстың тікелей объектісі болып-ҚР Конституциясы белгілеген саяси жүйесіне, аумақтық тұтастығына қылмысты түрде қол сұғу болып табылады. Қылмыс объективтік жағынан: а) қарулы бүлік ұйымдастырудан немесе; б) қарулы бүлікке белсенді түрде қатысудан тұрады.
1.6 Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақырулар
Қазақ КСР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде бұл құрамдағы қылмыс «антикеңестік үгіт және насихат» деген атпен белгілі болды, оның диспозициясы кең мағынаны білдірумен бірге санкциясы өте қатал болған еді. Осыған байланысты өкіметке, оның органдарына қарсы кез келген көңіл толмаушылықтан шыққан ойлар, пікірлер антикеңестік үгіт немесе насихат ретінде бағаланады (Мысалы, антикеңестік идеяны, көзқарастарды тарату, кеңестік қоғамдық немесе мемлекеттік құрылысты жек көру т.б.).
1.7 Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар
1.7.1 Диверсия
Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтіруге, кәсіпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін қаратуға немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату диверсия деп танылады.
1.7.2 Жұмылдыруға шақырудан бас тарту
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ҚР қорғау-оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Жұмылдыруға шақырудан бас тарту қылмысының қоғамға қауіптілігі сол, мұндай ретте республиканың қорғаныс қабілеті әлсірейді. Қарулы Күштерді жасақтау ісіне кедергі келтіріледі.
1.8 Мемлекет құпияларын сақтауға қол сұғатын қылмыстар
1.8.1 Мемлекеттік құпияларды жария ету
Мемлекет құпия болып табылатын мәліметтердің жария болмауын, оның заңда белгіленген тәртіппен сақталуын талап етеді. Мемлекеттік құпияны заңсыз алу, жария ету ҚР қорғаныс және басқа да мүдделеріне ерекше қауіп туғызады. Қылмыстың тікелей объектісі мемлекеттік құпияларды сақтаудың заңда белгіленген тәртібіне қол сұғу болып табылады. Осы қылмыстың затына мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер жатады.
1.8.2 Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту
Мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды, мемлекеттік құпиясы бар заттарды, сондай-ақ қызметтік құпиясы бар құжаттарды немесе қызметтік құпияны құрайтын заттарды жоғалтудың да қоғамға қауіптілігі орасан, осыған байланысты ҚР қылмыстық кодексінің 173-бабында: