Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 71 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Дебиторлық берешектердің есебі мен аудиті


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Нарықтық экономикадағы дебиторлық берешектің мәні мен маңызы 7
1.1 Дебиторлық берешектің мазмұны 7
1.2 «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» акционерлік қоғамының техникалық - экономикалық сипаттамасы. 13
1.3 Ұйымның есеп саясаты 18
2 Дебиторлық берешек есебі 27
2.1 Дебиторлық берешек есебінің ұйымдастырылуы 27
2.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу 34
2.3 Басқа да дебиторлық қарыздар есебі 36
3 Дебиторлық берешектің аудиті 47
3.1 Дебиторлық берешек аудитінің бағдарламасы, мақсаты 47
3.2 Дебиторлық берешектің аудиті 48
3.2 Қоғамның дебиторлық берешегін талдау 64
Қорытынды 70

Кіріспе
Инвесторлар мен тапсырыс берушілердің сонымен қатар құрылысшылардың қызметтерінің қарқынды дамуына байланысты Қазақстан Республикасының құрылыс жағдайында құрылыс ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп ақпараттарының дәйекті болуы мен оның тәуелсіз бақылануына сұраныс мердігерлер үшін де, тапсырыс берушілер үшін де өсіп келеді.

Дипломдық жұмыс АҚ «Қазқұрылыссервис» мәліметтері негізінде орындалған. Берілген дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты дебиторлық берешек есебі мен аудитінің және бухгалтерлік есеп және аудит жүйесінде құрылыс компаниялары мысалында анықтау және атқаратын ролін зерттеу.
Дипломдық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады:
- дебиторлық берешектің негізін ашу;
- АҚ «Қазқұрылыссервистің» өндірістік және экономикалық қызметінің мазмұнын қарастыру;
- Қоғамның дебиторлық берешек есебі мен аудитінің негізгі сұрақтарын қарастыру;
- дебиторлық берешектерді талдау;
- дебиторлық берешек бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға кеңестер беру.
Берілген мәселелерді шешуде бухгалтерлік есеп пен аудиттің бағалау, екі жақты жазу, сараптау, бақылау, салыстыру сияқты көптеген әдістері қолданылады.

1 Нарықтық экономикадағы дебиторлық берешектің мәні мен маңызы
1.1 Дебиторлық берешектің мазмұны
Дебиторлық берешек дегеніміз – белгілі бір ұйым алдындағы басқа бір ұйымның, жеке азаматтың, тағы басқа дебиторлардың ақшалай түрдегі берешегі. Дебиторлық берешек әр түрлі операциялардың жүруі барысында көбіне несиеге тауарлар алғанда, қызмет көрсеткенде пайда болады. Дебиторлық берешек – ол сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қарыздық міндеттемелері болып табылады. Олаға:
Алынуға тиісті қарыздар – сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің алынған тауар үшін, көрсетілген қызметтер үшін, жасалған жұмыстары үшін есеп айырысуы туралы ақпараттары.
Алынған вексельдер – белгілі бір соманы көрсетілген мерзімде, жөнелтілген тауарлар үшін төлеуді көрсететін жазбаша қарыз міндеттемелері.

1.2 «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» акционерлік қоғамының техникалық - экономикалық сипаттамасы.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық техникалық экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруін талдау маңызы өте зор . Шаруашылық техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдағанда айналым капитал айналымның,мүлік құнының үлесіне меншік және қарыз капиталдың қатынасына, сонымен қатар дебиторлық және кредиторлық қарыздың қатынасына көңіл бөлу керек. Қаржылық жағдайы қалыпты болған кезде кәсіпорында меншік капиталының үлесі динамикалық түрде өсу керек, және меншікті капитал қарыз капиталдан жоғары болу керек , ал дебиторлық және кредиторлық қарыз бір-бірімен теңесуі керек.

1.3 Ұйымның есеп саясаты
АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» жабық акционерлік қоғам ретінде Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсанда Азаматтық кодексі негізінде және 1998 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, тағы басқа да нормативті актілерге, қоғам Жарғысына негізделіп өз еркімен пайда табу мақсатында құрылған. Қоғамды мемлекеттік тіркеу жұмыстары 2003 жылы 14 мамыр айында жүргізіліп № 55537-1910-АО куәлігі берілген.
Қоғам Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес заңды тұлға болып саналады. Қоғамның негізгі мақсаты үлкен табыс алу болып табылады. Негізінен объектінің іргелі құрылысын салуға негізделген, бас офисі, тұрғылықты орны: Қазақстан Республикасы,Алматы қаласы, Масаншы көшесі 26 үйде орналасқан.Компания сонымен қатар құрылыс материалдарын жасап шығару және жүзеге саыру, жаңа технологияларды сатып алу, жасап шығару, жоба құрастыру және соның ішінде шел елдерде өндіріске енгізумен айналысады.

2 Дебиторлық берешек есебі
2.1 Дебиторлық берешек есебінің ұйымдастырылуы
Дебиторлық берешек Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 18.09.02 №432 бұйрығымен бекіткен бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарындағы 3 «дебиторлық берешек және басқа да активтер» шоттарында есептеледі.
Қоғамның сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу есебі бухгалтерлік есептің мынандай шоттарында жүргізіледі:

2.2 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады: Сатылған өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциялары жасалады:

2.3 Басқа да дебиторлық қарыздар есебі
Басқада дебиторлық қарыздардың есебіне келер болсақ, олар 33 «Басқалай дебиторлық қарыздар» бөлімшесіндегі шоттарда жүргізіледі. Бұларға мынандай шоттар кіреді:

3 Дебиторлық берешектің аудиті
3.1 Дебиторлық берешек аудитінің бағдарламасы, мақсаты
Дебиторлық борыштар (қарыздар) – бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқа заңды тұлғамармен және жеке азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.
Аудитор дебиторлық борыштар тексеруге кіріскен кезде тексеру барысында қаралатын және анықтауды талап ететін материалдарын жеке сұрақтарға бөліп, аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасап, тексеру барысында анықталған факторларға байланыста толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, басшылыққа алып қадағалап отырады. Дебиторлық борыштарды тексерудің аудиторлық бағдарламасы мынандай мәселелерді қамтуға тиісті:

3.2 Дебиторлық берешектің аудиті
Дебиторлық борыштар бойынша есеп айырысуды тексере отырып, аудитор олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін, жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтарының баланстың «Ұзақ мерзімді активтер» және «Ағымдағы активтер» бөлімдеріне дұрыс топталып көрсетілгендігін тексереді. «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде есеп беретін күннен бастап 12 айдан кейін төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетсе, ол «Ағымдағы активтер» бөлімінде – 12 айдың ішінде төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетеді.

3.2 Қоғамның дебиторлық берешегін талдау
Дебиторлық берешекті талдау қарыздарды басқару әдісінің бірі ретінде төлем қабілеттілік пен ұйымның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Бұл көрсеткіштер баланс өтімділігі көрсеткіштерімен тығыз байланысты.
Барлығымызға белгілі ақша қаражаттар сомалары ұйымның төлем қабілеттілік деңгейін көрсете алмайды және ол өтімділікті де бағаламайды; өйткені қай ұйымның болмасын қаржылық жағдайы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жетістіктерін комплексті бағалайды.

Қорытынды
Дебиторлық берешек - алынуға жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қарым қатынастарынан пайда болатын алынуға тиісті берешектері. Дебиторлық берешекті өз уақыттысымен өндіріп алу ұйымның қаржылық жағдайындағы жетістікті қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі болып табылады. Яғни дебиторлық берешек әр ұйымның қызметінің бірі ретінде өмір сүру мен тұрақты қызмет етуіне байланысты.
Бухгалтерия үшін әр түрлі жағдайға байланысты қарыздардың өтеуіне бақылау жасау мақсаты мен салықтық қателер мен есептегі операцияның сәйкессіздігін болдырмайтын бақылау ұйымдастыру керек.