Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 11 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Ер Шотан

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына байланысты Маңғыстау ауданының қарашаңырағы болып есептелетін Тұщықұдық жерінде халықтың ұмытылмас тұлғаларының қатарындағы, жоңғарлармен шайқаста қазақ жерін қасықтай қаны қалғанша қорғаған халық батыры Шотан Назарұлына және Ұлы Отан соғысында бастан-аяқ болып, елге аман оралып, халық шаруашылығын қалпына келтіруде қажырлы еңбек еткен Иса Жанәділұлы, Қалмырза Жұмалыұлы, Шаңытбай Ибаұлына көше аттары беріліп, дүбірлі той өткізілмекші.

Әбілқайыр қалмақ қолымен Қара¬таудың Сұғындық асуында кездеседі.
Осы соғыста Шотан өзінің ерекше ерлігімен көзге түскен болатын. Соғысты алыстан бақылап тұрған Әбілқайыр астында жүйткіген шұбар аты бар, өте жылдам қимылдайтын бір жігіттің қалмақтың ұйыққан ортасына қойып кетіп, жайратып шығып жүргенін көріп және артындағы бес жүздей нөкерінің одан екі елі қалмай жауға үлкен шығын келтіріп, жапырып бара жатқанына қуанып, қасындағылардан сұрағанда, қасында тұрған Мырзатай: «Ол Назар ағаның баласы Шотан ғой, үлкен ұрысқа бірінші кіруі», – дейді. Сонда Әбілқайыр: «Бірінші соғысып тұрғаны мынадай болса, бұдан кейінгі соғыстарда аман болса қалмақтарға жіберген Алланың жаналғышы десейші», – деп басын шайқап, күліп ризалығын білдіреді.

Шотан бұл соғыста да он екі ата Байұлы жасақтарын бастап, қалмақ қолын бөліп, қоршап алып қырып тастайды. Бұланты соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін барлық әскерді сапқа тұрғызып, алдына Саңырық шығып, Шотанға: «Өркенің өссін, інім, жаудан сағың сынбасын, даңқың арта берсін», – деп күмістелген ер-тоқымды күрең арғымақты және алтын балдақты алмас қылышты сыйға тартыпты.
1730 жылғы соғыста да Шотан ерекше көзге түседі. Қалмақтар тау шатқалында бекініп алып, қазақ қолы жазық далада, күннің астына қалған жерде Шотанның ақылымен жауды жеңіп шығады.

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұ¬ламаның кезінде Маңғыстауға Адай елін бастап келген батырлардың басында да Шотан тұр.
Осы елдің Маңғыстау жеріне алғаш қоныстануын ақын Түмен Балтабасұлы «Маңғыстау» атты дастанында былай деп жырлапты:
Маңғыстау – үш қиянның өткен жері,
Жерленбей жеті жұрттың кеткен жері.
Елеспен есі кеткен иесіз жерді,
Халқымыз Адай мекен еткен жері.
Суы сүт, шөбі шүйгін, бал татиды деп,
Төлдейтін төрт түліктің өскен жері.
Бөлініп босқан елден қоныс қарап,
Ел болып ірге қоныс тепкен жері.
Ер Шотан шұбар атты ұстап мініп,
Аға деп Әжібайға бата айтқызып,
Той жасап Адай туын тіккен жері…
Немесе кейбір жазбаларда:
Жолдасы Есболай мен Есек мерген,
Өңшең батыр қайыспас көпті көрген.
Еліне қоныс іздеп шыққаннан соң,
Би Әжібай Шотанға бата берген, – депті.
Мұрат Мөңкеұлының, Қалнияз Шопықұлының кейбір айтқандарына қарағанда да елді бастап келіп, қондырған батырлардың алдында Шотан айтылады. Немесе жергілікті азаматтардан жасақ құрып, Сағызда отырған қалмақтармен, түрік¬мен¬дермен, Хиуаның сарттарымен соғысып, жерді иеленген Шотан деп әңгімеленеді. Ең бірінші

Соңынан он екі ата Байұлынан үш мыңға тарта жасақ ұйымдастырып, Жем, Сағыз, Жайық бойындағы торғауыттарға қарсы соғыс ашып, оларды Еділ бойына толықтай ығыстырып барып, елін қоныстандырғаны жазба деректерде сақталған. Шотанның құба қал¬мақ¬тармен соңғы соғысы 1771 жылы болды. Онда Еділ қалмақтары толықтай жойылды. Қазақ тарихын зерттеуші, ғалым, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің зерттеуінде былай деп көрсетіледі: «Қалмақтардың басым бөлігін құрайтын торғауыттар Еділдің сол жағасын, яғни шығыс бетін қоныстанатын. Дүрбіттер мен Хоша¬уыттар оң жағада жатқан

Қазірде Шотан шымырауы деген бар. Күні кешеге дейін отар-отар мал суарып, қалың ел жайлап отырды. Жекешелендіруден кейін мал басы күрт азайып, қырдың үстіндегі шымырауларға баратын мал болмай, құлазып қалды. Мал басы тағы да өсіп келеді, болашақта Шотанның шымырауынан малдарымызды суарып, жаз жайлауға қайтадан шығарамыз деген үміт бар.
Шотанның әкесі Назар Жарыұлы 1684 жылы туып, 1771 жылы өлген. Қазіргі Құлсары кентінен