Математика мен физиканың пәнаралық байланысының кейбір мәселелері
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру, жоғары оқу орындарында, сондай - ақ орта білім беру мекемелеріндегі негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Әсіресе бұл міндетті шешу физика және математика пәндерінің оқытушылары үшін өзекті. Пәнаралық байланыс - педагогика ғылымында философиялық, психологиялық, дидактикалық және әдіснамалық жағынан қарастырылатын күрделі комплексті сала. Сонымен бірге, пәнаралық байланыс педагогика ғылымының басты мәселесі болуымен бірге қазіргі заманғы ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектеп жүйесінің білім беру мазмұнын айқындаудың басты ерекшеліктері болып саналады. Пәнаралық байланыстарды оқыту процесінде қазіргі заманғы ғылыми танымның маңызды белгілерін құрайтын ғылымаралық байланыстардың көрініс табуы ретінде қарастыру керек [1].
Оқу - тәрбие міндеттерінің ортақтығы оқытушыларды мақсаты бойынша ұқсастық, мазмұны бойынша пәнаралық сабақтарды ұйымдастыруға бағыттайды. Бұл міндеттер оқу бағдарламасының мазмұнын ашуда әр түрлі оқу танымдық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы мүмкін.
Пәнаралық байланысы бар сабақтардың тиімділігін бағалау мен анализдеу барысында табылған критерийлердің қысқаша тізімі:
Физика математикамен үзіліссіз байланысқан. Математика физикаға эксперимент және теориялық зерттеулер нәтижесінде алынған физикалық шамалар арасындағы тәуелділікті дәл бейнелеуді және жалпы тәсілдері мен құралдарын береді. Сондықтанда физиканы оқытудың әдістері мен мазмұны оқушылардың математикалық дайындығы деңгейімен тікелей байланысты. Физиканың бағдарламасы оқушылардың математикадан білімдерін ескеретіндей құрылған. Физиканың оқытушысына сабақтың жалпы «математикалық тілін» көрсетуі үшін, мектептік математика курсының мазмұнымен, ондағы терминологиялар мен оның түсіндірмелерімен танысуына тура келеді.
Біріншіден, аталған ұғымдарды жоғары сыныптарда оқып үйрену, физиканың механика курсында сабақ өту кезінде қиындық туғызады. Сондықтанда математикадағы математикалық анализдің негізгі ұғымдарын қарастыру физикада механика курсын өткенде бірмезгілде басталғаны жөн.
Екіншіден, математикалық аппаратты жеткіліксіз қолдану физиканың барлық курсын оқып үйренуде қиындық туғызады, ол математикалық ұғымдардың кешігіп оқытыла тындығына ,немесе физика және математика оқытушыларының жалпы физика - математикалық ұғымдарды қолдануда ортақтастырылған келісімінің болмауына байланысты.
Оқушылардың туынды және интеграл туралы білімі олардың физикалық шамаларды анықтаудағы және физикалық мазмұнды графикалық есептерді шешудегі жалпы қырын қалыптастырады. Осы мақсатта мысалы, математикалық және физикалық функционалдық тәуелділікті анықтау үшін алгоритмдік сызба - нұсқаларды қолдануға болады. Нақтылы айтсақ, туынды көмегімен физикалық ұғымдарды анықтаудың жалпы қырлары төмендегідей: