Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 68 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияларды реттеу: жағдайларымен мәселелері


Мазмұны
Кіріспе 3
Тарау І. Шетел инвестицияларының ұлттық экономиканың дамуындағы рөлі 6
1.1 Шетел инвестицияларын тартудың негізгі нысандары және механизмдері 6
1.2 Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеу 19
Тарау ІІ. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау 31
2.1 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың хал-ахуалының жағдайы 31
2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсуіне талдау 40
Тарау ІІІ. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың болашағы 49
3.1 Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері 49
3.2 Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары 57
Қорытынды 65
Қолданылған әдебиеттер тізімі 68

Кіріспе
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тәуелсіз сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік алды. Бірақ, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметті жүргізуде жеткілікті тәжірибесі жоқ және сондықтан белгілі бір проблемалар туындайды. Қазақстан Республикасының үкіметінің маңызды проблемаларының бірі шетелдік инвестицияларды тиімді түрде тарту мен бөлу болып табылады. Ең алдымен инвестициялар бұл экономикалық маңызды фактор, оның көмегімен алдыңғы қатарлы технологиялар меңгеріледі, нарықтардың отандық тауарлармен толуы жүреді, экспорттық өнімнің бәсеке қабілеттігі көтеріледі.
Қазақстан экономикасының қазіргі дамуында шетелдік инвестициялардың маңыздылығы сөзсіз. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуынан бастап шетелдік инвестициялардың көлемі екпінді өсуін байқаймыз. Әлемдік шаруашылық дамуының, қазіргі деңгейінде шет инвестициялардың өсуінің күшеюі байқалады, оның қарқыны халықаралық сауда өсуінің қарқынынан асып түседі. Барлық елдер экономикалық даму дәрежесіне қарамастан экономикалық өсімге жету үшін шетел инветицияларын тартудың әдістері мен жолдарын жетілдірумен айналысады. Сауда ағымдарының, шетел инвестицияларының ағымдарының және технологияның айырбасының либерализациясы жағдайында компаниялардың нарықтағы күресі одан әрі агресивті болып жатыр.

Тарау І. Шетел инвестицияларының ұлттық экономиканың дамуындағы рөлі
1.1 Шетел инвестицияларын тартудың негізгі нысандары және механизмдері
Қазіргі уақытта капиталдың халықаралық қозғалысы, әлемдік шаруашылықтың және ұлттық экономикалардың дамуында маңызды роль атқарады.
Әлемдегі нарықтағы инвестициялық капиталдық сұранысымен ұсынысына шиеленіскен баланста Қазақстан мен ТМД-ның басқа мемлекетінің позициялары өте төмен болып саналады. Бұл мәселелерге енді тек қана өз араларында, әлемдік капитал нарығының өте шағын сегментінде бәсекелесуге ғана болады. Ал тікелей және портфельді инвестицияларға келсек, бұл аймақта олардың ликвидтіліктері экономиканың құрылымдық өзгермелі мәселелерімен, ішкі қаржылық нарықтық көбірек болуымен шектелуі.
Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы халықаралық сауданың себептері өндіріс факторлары мен қамтамасыз етілуінде айырмашылықтар болатын жағдайда сауданы алмастырады.

1.2 Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеу
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызмет жалпы мемлекеттік және шаруашылық заңдармен, сонымен қатар республикалық және аймақтық деңгейлерде арнайы нормативтік актілер жүйесімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, жер, кен, кәсіпорын және кәсіпкерлік қызмет туралы, акционерлік қоғамдар, біріккен кәсіпорындар туралы, банк және банктік қызмет туралы заңдар, салық салу, сыртқы экономикалық қызмет, кендік бақылау және валюталық реттеу, қарыз туралы, арендалық қатынас және сақтандыру туралы заң ережелері, нормативтік актілер және жекешелендіру бағдарламасы және т.б. бірінші топқа жатады.

Тарау ІІ. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау
2.1 Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың хал-ахуалының жағдайы
Демократиялық, қоғамдық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру үшін, негізінде, мемлекеттік - басқару қатынастарын және олардың құқықтық реттеуін жетілдіру, осы қатынастарға қатысушылар статусын жоғары тиімділігі бар икемді нарық экономикасын құру кезінде мемлекеттік басқару механизмдерінің алдында тұрған жаңа міндеттермен сәйкестендіру қажет.
Қазақстанда экономикалық және құқықтық реформаларды жүзеге асыру жағдайында мемлекеттік - басқарушылық қатынастарын құқықтық реттеудің маңызды мәні бар. Мемлекеттің бұл қызмет саласы оның басты міндеттерінің бірі болып табылады. Тәжірибеде мемлекеттік басқару ақпаратының қызметінің көп жақтары толық реттелмеген, ал, ол басқарылатын объектілердің қызметіне тым араласуын жеңілдетеді.

2.2 Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсуіне талдау
Қазіргі кезде ел макроэкономикалық көрсеткіштерінің салыстырмалы тұрақталуына жеткен кезде экономиканы өсімге жету бойынша шараларды жүзеге асыру маңызды міндет болып отыр. Экономикалық өсім концепциясы, шетел капиталын кең тартуды болжайды. Капиталды жинау мен инвестициялаудағы екпін шетел инвестициясын тартуды қоса алғанда бірнеше проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Бірінші кезекте бұл экономикалық өсім факторы, оның көмегімен алдыңғы қатарлы технологиялар меңгеріледі, нарықтардың отандық тауарлармен толуы жүреді, экспорттық өнімнің бәсеке қабілеттілігі көтеріледі. Қазіргі кезеңде Қазақстан ірі нарықтық потенциялы табиғи ресурстардың түрлілігі мен стратегиялық тиімді кен орындарының болуына қарамастан экономикасы шетел кәсіпкерлеріне тікелей салымдары үшін онша тартымды емес. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы жаңа заңды қолдану арқылы жағдай қолайлырақ бола бастады. Сондықтан қаржыландыру көздері бойынша инвестиция құрылымында едәуір өзгерістер пайда болды, әсіресе 1995-1996 жылдары бастап. Қазақстанның Азиялық аймақтағы стратегиялық орны, бай кен орындары, үлкен ауыл шаруашылық потенциялы сонымен қатар еңбек ресурстарының жоғары білім деңгейі шетел тікелей инвестицияларының сыртқы қаржы ресурстарының жалпы ағымдағы үлкен үлесін алдын ала анықтады.

Тарау ІІІ. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың болашағы
3.1 Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері
Қазақстанда соңғы жылдары инвестициялық жағдайдың жақсаруына қарамастан, инвестициялар бойынша шетелдік кеңесшілер аудиторлық және заң фирмаларын қоса алғанда, коммерциялық және экономикалық сұрақтар бойынша шетелдік елшіліктердің атташелері (олар қызығушылық білдіріп, бірақ инвестициялауға толық шешім қабылдамаған мүмкін инвесторлармен тікелей таныс) қазіргі күнге дейін республикада келіссөздер жүргізу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін сәйкесінше жағдайлар жасалмаған деп есептейді. Олар инвестициялық жағдайлар бойынша халықаралық индекстерді дәлелге алады, мысалы, ЕБРР (Европалық қайта құру және даму банкі), ол бойынша Қазақстан қолайлы емес инвестициялық жағдайлары бар елдер қатарына жатады.

Қорытынды
Әлемдік шаруашылық қызмет интеграциясының қазіргі деңгейінде шетел инвестициялары өсімінің күшеюі байқалады, оның қарқыны халықаралық сауда өсімінің қарқынынан асып түседі. Шетелдер экономикалық даму дәрежесіне қарамастан экономикалық өсімге жету үшін шетел инвестицияларын тартудың әдістері мен жолдарын жетілдірумен айналысады.
Қазіргі көзқарастарға сәйкес шетел инвестицияларының келуі шектелген инвестициялық потенциалы бар, қарыз капиталының әлемдік нарығына еркін кіру мүмкіндігі жоқ елдерге өте қолайлы әсер етеді.