Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан тарихы

Тип: Реферат

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

Асан қайғы – жырау, данышпан ойшыл

Сәбитұлы Асан қайғы (14—15 ғғ.) — жырау, философ, қоғам қайреткері.
Еділ бойында дүниеге келген. Құрбанғали Халидұлы өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асан қайғының арғы атасы еді дейді.
Берке хан дүниеден қайтқан соң (1359) Алтын Орданың тағына жанасқан хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлығ Мұхамед болса, Асан қайғы сол Ұлығ Мұхамед ханға сөзін өткізетін билерді бірі болған. 15 ғ. 1420 жж. Ұлығ Мұхамед Сарайдан қуылып, Қазанды паналағанда, Асан қайғы жасының егде тартқанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған.

Ал енді “Ойыл көздің жасы еді” деген тіркесте не сыр бар? “Ойылдың суы көздің жасы сияқты мөлдір” дегені ме? Мұғалжар сілемдерінен, таудың мөлдір қайнарынан қайнап шығып, негізінен құмдауытты жерлерді қуалай, қазір атақты Нарын құмына барып жоғалатын, академиялық басылым¬дар¬да айтылғандай сегіз жүз шақырымға созылып Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын бойлай өтетін Ойыл¬дың суы, мамандардың айтуынша, шынында өте сирек кездесетін мөлдір су. Ойыл көз суырар енділігімен, суының арнасына сыймай, жағасын ұрар молдығымен емес, ең алдымен тып-тыныш ағып, түбіне дейін жарқырап көрінетін ерекше мөлдірлігімен тамсантып келеді.
Бірақ, Асан Ата сұлулыққа ғана тамсанатындардан бөлек, әр құбылыстың адамзаттық мағынасына тереңдей мән беретін ерекше тұлға. Асанның қайғысы көкке ұшып кеткен ғашығын аңсаудан туған қайғыдан, яғни “пенделік қайғыдан” мүлдем бөлек қайғы. Ендеше, “Ойыл көздің жасы еді” дегенді абыз ата өзінің сырттай сүйсінуі емес, көз алдында өтіп жатқан өмірлік болмыс астан-кестең еткен жан-дүниесінің ішкі күйзелісімен айтып отыр. Өйткені, ол өзінің ұзақ ғұмырында көпті көрді, көбінен кейінгі ұрпақ ұлағат етер ой түйді. Ал мұндай ой түю үшін оған бастау болатын, толқытып, сыртқа жарып шығаратын тосын күш, тосын оқиға болуы керек. Қырым хандығының астанасы Бақшасарай қаласындағы “Көз жасы” деген әйгілі атаумен белгілі фонтанға Александр Пушкиннің поэма арнауын ақынның оның сыртқы сұлулығына жалаң тамсануы емес, Алтын Орда кезіндегі ұлы шайқастарда талай рет алдаспанын суырған батырлармен ақындық бәсекеге түсуі, оны көз жасындай мөлдір тамшылармен астарластыра білдіруі немесе еуропалықтар мен азиялықтардың алапат айқасы астында түте-түтесі шыққан Қырым түбегінің ішкі ышқынысына ақындық үн қосуы деп қана бағалау қажет.

Жақында Қобыланды батырдың кесенесі тұрғызылды, соның құрметіне Ақтөбе қаласында республикалық деңгейде ғылы¬ми-практикалық конференция және батыр сүйегі жатқан Жиренқопа жерінде сал¬та¬натты жиын өтті.