Экономикалық өсудің стратегиялық бағыттары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Экономикалық өсудің стратегиялық бағыттары 4
2. Ұзақ мерзімді экономикалық өсімнің кезеңдері 7
3. Экономикалық өсімді ынталандыру механизмі 12
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 16
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта елдің халықаралық бәсекеге қабілеттілігі елдің ұзақ мерзімді дамуындағы тұрақты экономикалық өсу қарқынымен анықталады. Елдің бұл экономикалық өсуіне макроэкономикалық жағдайдың тұрақтылығы, қызмет көрсету саласы мен өндіріс құрылымының технологиялық деңгейі, мемлекеттік институттардың сапасы сияқты факторлар әсер етеді.
Ғылым мен технология да елдің экономикалық өсуіне әсер ететін маңызды факторларының бірі болып келеді. Оны қолданыста жүрген ресурстарымыздың басым бағыттарының өзгеруінен, яғни шикізаттық бағытта ғана жүруден бас тартып, интеллектуалдыққа немесе білімге қарай ауысқанымыздан көруге болады. Әлемді шарқыған білімнің бәсекеге қабілеттілігі идеясы елдің даму стратегиясының негізі ретінде қалыптасты.
1. Экономикалық өсудің стратегиялық бағыттары
Өз алдында стратегия ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттеріне жету үшін басымды әрекеттің қабылданған бағыттары мен ресурстарын орналастыруды болжайды. Ұзақ мерзімді мақсатты анықтау – ол стратегиялық мақсаттың логикалық тұрғыда қол жетерліктей бір жүйеге келуін білдіреді. Әрекеттің қабылданған бағыттары – бұл алға қойылған мақсаттың басты бағыттын және жүзеге асыру әдістерін таңдау болып табылады. Ресурстарды тиімді орналастыру стратегияның жүзеге асыру үрдісін қолдаудың басты тетігі болып келеді.
2. Ұзақ мерзімді экономикалық өсімнің кезеңдері
Стратегияның институтционалдық-дайындау этапының (2003-2005ж.) жүзеге асырылуы заңдық актілерге өзгерістер енгізумен басталды. Нәтижесінде жобалардың бастапқы этапында мемлекеттің қатысуы, инновациямен айналысатын компанияларға салықтық жеңілдіктердің берілуі, даму инститтарының құрылуы анықталды. Сонымен қатар білім және ғылым жүйесіндегі реформаларында стандартизациялау және сертификациялау үрдісі жүргізілді. Бірінші этапта инновациялық қызметтің екі деңгейлі инфрақұрылымын құру басталған. Ұлттық және аймақтық деңгейдегі технопарктер жүйесі және венчурлық қаржыландыруы жүйесі бар қаржылық инфрақұрылымдарының құрылуымен толықтырылды.
Екінші этап (2006-2010 ж.) «индустриалдық жаңашылдандыруда» халықаралық стандарттарға сәйкес өнеркәсіптің инновациялық әлеуетін арттыру үрдісі басталды. Осының нәтижесінде өңдеу және ғылыми сыйымды секторлардың өндірістік қуаты құрылуы тиіс. Кәсіпорындардың инфрақұрылымдық қызметі әлемдік нарыққа шығу үшін IT секторларының бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталады. 2010-жылға дейін ЖІӨ-нің екі еселенуі туралы стратегиялық мақсатына тек мұнай және тау-кен саласының өсуі арқылы ғана емес, өңдеу өнеркәсібінің өркендеуі мен диверсификациялануы нәтижесі де арқылы қол жеткізуге болады.
3. Экономикалық өсімді ынталандыру механизмі
Ынталандыру жүйесінің дамуында Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары экономикалық ынталандыру жүйесінің келешегінде еңбекке ақы төлеуді жетілдірудің қажеттілігін ерекше бөліп атауға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының жедел дамуына, сондай-ақ өндірістің өнімділігіне экономиканың қазіргі жағдайы, яғни трансформация (түрлену) процесі әсер етіп отыр. Кез келген өтпелі кезеңнің негізгі белгілері: бұрынғы және жаңа жүйе элементтерінің қатар жүруі, қарама-қайшылықтың ерекше көрінісі – бой көтере бастаған және ескірген экономикалық механизмдер мен тетіктердің арасындағы сәйкессіздіктер, тұрақсыздық. Трансформациялық жағдайдың кері әсері, бір жағынан, қоғамдағы экономикалық және өндірістік күрделі өзгерістерге тәуелді болса, екінші жағынан, өз ішінде қайшылық пен проблемаға толы нарықтық механизмнің қалыптасуымен тікелей байланысты.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1) Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарған арналған стратегиясы. www.government.kz
2) Кэмпбелл Д. Стратегический менеджмент. М: Проспект, 2003 г. – 420
3) Томпсон А. Стратегический менеджмент: концепции и ситуации для анализа. М: Вильмас, 2008 г. – 928 с.
4) Муканов Д. М. Индустриално-инновационные развития Казахстана: потенциал и механизмы реализации. Алматы: М-Дайкер, 2004г. – 274с.