Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 5 стр.

Полный просмотр работы

15-18ғ. Қазақ хандықтарының қоғамдық-саяси құрылысы

Жоспар
1 Қазақ хандығының құрылуы 3
2 Қазақ хандығының әлеуметтік топтары 5

1 Қазақ хандығының құрылуы
ХVғ. ортасында Қазақстан территориясында Қазақ хандығы пайда болды және осы мемлекеттің негізі тұрғындары қазақ халқы этнос ретінде ретінде қалыптасты.. Қазақ халқы да осы өңірде өмір сүрген ондаған рулар, тайпалар мен халықтардың “қазақ” деп аталатын этносаяси топқа қайтадан топтасуынан құралды.
Қазақ хандығының негізін қалаушылар Керей мен Жәнібек хандар болды. 1456 жылы Керей мен Жәнібекке қараған 200 мыңдай адам Әбілхайыр хандығынан іргесін бөліп, Моғолстанға қарасты Шу мен Қозыбасы өңіріне орда тікті. Қазақ хандығы өзінің дамуында екі кезеңді өткізді.

2 Қазақ хандығының әлеуметтік топтары
Ханнан кейінгі жоғарғы мемлекеттік билік сұлтандардың қолында болды және ханның тірегі болып саналды. Сұлтандардың ортасынан хан сайланды. Сұлтан деген құрметті атақ тек шыңғыс ханнан тарағандарға берілді. Олар өздерінің артықшылығын заңдастырып ақсүйек деп аталды.
Ақсүйектердің екінші тобын қожалар құрады. Қожалар қоғамдағы рухани сала – ислам дінін алғашқы таратушылардың ұрпақтары. Қожалар саяси билікке араласпады.
Билер- қазақ қоғамында ерекше рөл атқарған топ болды. Би аса маңызды лауазым иесі, беделді адам болды. Қазақ билері қарасүйектен шыққан аса беделді қоғамдағы биліктің үлкен бөлігін ұстап тұрған әлеуметтік топ.