Бала құқықтары жөніндегі халықаралық құжаттар идеяларының тəрбие мазмұнында ескерілуі
Бала құқықтары, оның өміріне, дамуына, білімденуі мен тәрбиесіне қамқорлық қашанда бүкілəлемдік проблема болған. Қабылданған халықаралық құжаттарда (Бала құқықтары Декларациясы, 1959ж.; Бала құқықтары жөніндегі Конвенция, 1989ж.; Балалар тіршілігін сақтау, қорғау және оларды дамыту Декларациясы, 1990ж.; Ымырашылдық принциптері. Декларациясы 1995ж.; Әлем мәдениеті жөніндегі Декларация, 1998ж. Және т.б.) қоғамда бала құқықтарының үстемдігін, оларда ымырашылдық, басқыншылыққа бармау сезімдерін оятып, тыңдай білу мен зер салуға үйрету қажеттігі жария етілді. Бұл құжаттарда хатталған бағдарламалар барша аймақтардағы барлық халықтар үшін теңдей маңызды да олар тарапынан бірдей орындалуы міндетті.
Бұл құжаттың III бап (4-б.) тәрбие мазмұнының негізгі принциптері және аса маңызды мәселелері нақты көрсетілген:
- барша халықтарды, олар мәдениетін, өркениетін, құндылықтары мен өмір салтын ұлыстың мәдениетімен бірге және өзге адамдар мәдениетін түсіну, құрметтеу;
Бала құқықтары жөніндегі Конвенция және БҰҰ-ның басқа да тұғырлы құжаттарында жарияланған Ережелердің түпкі мәні – білім және тәрбие толығымен тұлға дамуына, сонымен бірге адамның құқықтарын және негізгі еркіндіктерін құрмет тұтуға бағышталуы.