Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 31 стр.

Год: 2005

Полный просмотр работы

Кәсіпкерлік тәуекелді төмендетудің негізгі механизмдері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І-ТАРАУ. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері 5
1.1 Кәсіпкерлік тәуекелділіктің классификациясы 9
1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші факторлар 11
ІІ-ТАРАУ. «Алматы №1 Сыра өндіру зауытының» қызметін талдау 13
2.1 Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық сипаттамасы 13
2.2 Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау 17
2.3 Кәсіпкерлік тәуекелді басқару 23
ІІІ-ТАРАУ. Кәсіпкерлік тәуекелді төмендетудің негізгі механизмдері 26
ҚОРЫТЫНДЫ 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 31

КІРІСПЕ
Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда белгісіздіктің үлкен немесе кіші деңгейімен байланысты болады. Белгісіздіктердің қайнар көздері болып өндірістің барлық сатылары саналады,яғни қажетті құрал-жабдықтарды сатып алудан тауар өндіру мен өткізуге дейін. Мұндай жағдайда кәсіпкердің әрбір іс-әрекеті қолайсыздықтардың пайда болуына,әр түлі жоғалтулардың болуына (қаржылық,материалды,еңбек және т.б.) әкелуі мүмкін.
Нарыққа қозғалыс ең алдымен экономикалық еркіндікке жол болып табылады,ал тәуекелді күшейту — кәсіпкерлік еркіндіктің кері жағы және ол үшін өтелетін өзіндік төлем. Дер кезінде тәуекелге бара алатын кәсіпкер табысқа жете алады.Кәсіпкер саналы түрде өзінің іс-әрекетінің рационалды стратегиясын таңдауы қажет: жоғалтатынын біле отырып, тәуекелге бару немесе тәуекелмен байланысты қызметтен бас тарту . Тәуекел бұл кәсіпкерлік жоспарды және бюджетті орындауда қолайсыз жағдайлардың болу мүмкіндіктері.

І-ТАРАУ. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
Нарықтық жағдайда тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі болып табылады. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай , кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру –құқықтық нысаны шегінде мүліктік жауапкершілігіне негізделген. Тәуекелділік ұғымы кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдылығын (қаупі), қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.

1.1 Кәсіпкерлік тәуекелділіктің классификациясы
Тәуекелділік классификациясы әр түрлі критерийлер (классификациялық белгілер) бойынша жүзеге асырылады : шығу тегі бойынша; функционалдық түрлері мен кәсіпкерліктің салалары бойынша; сақтандыру деңгейі бойынша,жіберілу деңгейіне байланысты және т.б. Әрбір нақты жағдайда қойылған мақсатқа байланысты классификация түрі таңдалады.Көрнектілік үшін кәсіпкерлік тәуекелділіктердің түрлерін кестеде бейнелеуге болады.
1-кесте. Кәсіпкерлік тәуекелділіктердің түрлері

1.2 Кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейіне әсер етуші факторлар
Кәсіпкерліктегі тәуекел факторлар деңгейімен шартты түрде байланысты болады, яғни әр түрлі іс - әрекеттердің белгісіздік, сенбеушілік , күтпегендік жағдайлар жоғалтулар мүмкіндігін жоғарылатады.
Бұл шарттар кәсіпкердің өз нақты іс - әрекеттерінің нәтижесінде кәсіпкерлік фирманың ішкі қызметінің сферасында да , сонымен қатар бизнестің сыртқы ортасының әсерінен пайда болуы мүмкін, яғни бәсекелестердің, жеткізіп берушілердің,мемлекеттік органдардың және т.б. іс әрекеттері.
Бірінші жағдайда кәсіпкер тәуекел көлемін төмендету мақсатында бұл факторларға белсенді басқарушылық әсер етуі керек,ал екінші жағдайда, әрине ол бұл шарттарды өзгертуге немесе олардың деңгейіне әсер ете алмайды.
Осылайша, кәсіпкерлік қызметінің тәуекел факторлары кесте түрінде көрсетіле алады (2-кесте).

ІІ-ТАРАУ. «Алматы №1 Сыра өндіру зауытының» қызметін талдау
2.1 Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық сипаттамасы
«Алматы №1 Сыра өндіру зауыты» ертеден жұмыс істеп келе жатқан, сыра өндіруге мамандандырылған кәсіпорындардың бірі болып табылады. Алкогольді сусындармен бірге алкогольсіз сусындарды өндірумен айналысады.

2.2 Кәсіпкерлік тәуекелділікті бағалау
Тәуекелді талдауды бір-бірімен өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтыратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық.
Тәуекелді сапалық талдау тәуекелді басқарудың екінші кезеңі түрінде көрінеді.Ол мүмкін болатын барлық тәуекелдерді теңестіріп салыстырады.
Ол салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін.Оның басты міндеті – жұмыс пен кезеңдердің орындалуы кезіндегі тәуекелдің себептерін анықтау,яғни тәуекел мүмкін болатын аймақты айқындау,содан кейін барып,барлық тәуекелдерді анықтау болып табылады.
Тәуекелділікті талдауды жүргізу реті төмендегі суретте көрсетілген.

Осылайша, мәміленің екі нұсқасы үшін тұрақты ауытқуды және шоттың орташа төлеу мерзімін есептедік. Мұнда «Алматы №1 Сыра өндіру зауыты» үшін В фирмасымен мәміле жасасу аз тәуекелді болады, яғни төлеудің орташа мерзімінің нәтижесі бұл фирма үшін кіші болып табылады.
Күтілетін нәтижесі әртүрлі мәмілелердің екі нұсқасын салыстыру және тәуекелділігі әртүрлі нұсқаларды салыстыру қажет болған жағдайда вариация деп аталатын ерекше көрсеткішке көңіл бөлінеді. Аталған көрсеткіш күтілетін нәтиженің бірлігінің тәуекел көлеміне мінездеме береді және ол келесі формула арқылы есептелінеді:

2.3 Кәсіпкерлік тәуекелді басқару
Кәсіпкерлік қызмет көп жағдайда негативті салдардың пайда болу мүмкіндігімен, жағымсыз нәтижелердің шығуымен байланысты болғандықтан, олардың шығуы мүмкіндігін төмендететін немесе қарсы салдардың пайда болуын жою үшін әр түрлі әдістердің және құралдардың жасалу қажеттілігі туындайды.Мұндай түрдегі іс - әрекеттер экономикалық жүйеде тәуекелдерді басқару деп аталады. Бұл тәуекелдің кәсіпкерлік фирма қызметінің соңғы нәтижесіне жеңілдетілген әсер етуіне бағытталған қызметтің ерекше түрі.
Тәуекелді басқару концепциясы үш негізгі позицияны қамтиды:

ІІІ-ТАРАУ. Кәсіпкерлік тәуекелді төмендетудің негізгі механизмдері
Өзінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру үрдісінде кәсіпорын кездесуі мүмкін тәуекелдерді анықтағаннан кейін,тәуекелділік деңгейіне әсер ететін факторларды көрсеткеннен кейін, және де тәуекелділікті бағалау мен олармен байланысты мүмкін болатын жоғалтуларды анықтағаннан кейін, кәсіпорын алдында, анықталған тәуекелділіктерді минимизациялау бағдарламасын жасау мәселесі қойылады,яғни тәуекел бойынша маман кәсіпкерлік тәуекелдерді төмендетудің қажетті механизмін таңдау туралы шешім қабылдауы қажет.
Кәсіпкерлік ұйым өндірістік шаруашылық - қызметін жүзеге асыру үрдісінде тәуекелдің үлкен деңгейімен байланысты қызмет түрінен немесе қаржылық операцияларды орындаудан бас тарта алады,яғни тәуекелділікке бармау. Тәуекелділікті төмендетуге бағытталған мұндай жол ең жай әрі радикалды болап есептеледі.Бұл кәсіпкерлік тәуекелмен байланысты болатын барлық мүмкін жоғалтулардың болуынан қорғайды, бірақ тәуекелділік қызметпен байланысты табыс алуға мүмкіндік бермейді.Сонымен қатар жеке жағдайларда тәуекелділікке бармау тіпті мүмкін емес болады тәуекелдің бір түрінен қашу екіншісінің пайда болуына әкеледі. Сондықтан аталып отырған тәсіл тек ірі және өте күрделі тәуекелдерге қатысты қолданылуы мүмкін.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде,нарықтық қатынастар жағдайында тәуекелділік кәсіпкерліктің шешуші элементі болып табылады. Тәуекелділіктің келесі ерекшеліктері бар: кәсіпкерлік істегі белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік, болжамдық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. Тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер қолдану керек: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді ,мамандарды тарту , жобалау алдында мүмкін болатын қиындықтарды жете білу, өндірілетін өнімге сұранысты болжау, тәуекелділікті жобаға қатысушылардың өзара бөлісуі, сақтандыру, болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Бусыгин А.В. Предпринимательство.М.,ЮНИТИ,1998.
2. Окаев К.О.Предпринимательство в Республике Казахстан. Алматы: –Экономика, 1999.
3. Горфинкель Е.В. Основы предпринимательства.М., Вестник,1996.
4. Дүйсенбаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау.Алматы:Экономика , 2001.
5. Лапуста В.Л. Предпринимательство.М., Инфра, 2005.
6. Мамыров Н.К., Смагулова Н.Т. Основы предпринимательства. Алматы:Экономика,2001.