Әлеуметтік білімдер жүйесінде әлеуметтанудың алатын орнын анықтау
Жоспар
1 Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері 3
2 Әлеуметтанудың құрылысы мен білім деңгейлері 7
3 Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы) 9
4 Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы 10
Әдебиеттер 12
1 Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері
Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді,оның объектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. "Әлеуметтану" ұғымы латын тілінің "Societas" қоғам және гректің lоgоs — ілім, ұғым деген сөзінен шығады.
Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелердің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
2 Әлеуметтанудың құрылысы мен білім деңгейлері
Бұл мәселе жөнінде әзірше әлеуметтанушылардың арасында белгілі бір ортақ пікір әлі қалыптаспаған.
Біріншіден, әлеуметтану әлеуметтік өмірді. бейнелеу, түсіндіру, ұғындыру білімдерін қалыптастырып, әлеуметтік зерттеу теориясын, әдістемесін, әдісін, талдау тәсілін жасап, қоғамның даму мәселелерін шешеді. Әлеуметтік өмір туралы әр түрлі деңгейде теориялық қорытындылар жасалады.
Екіншіден, әлеуметтану қоғамдық және әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді өзгерту, қайта құру үшін оларға жоспарлы, әрі тиімді жолдар, құралдар арқылы ықпал етіп әлеуметтік мәселелерді талдап зерттейді. Бұл әлеуметтанудың қолданбалы саласын құрайды.
3 Әлеуметтанудың атқаратын қызметі (функциясы)
Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады.
Бұл тұрғыдан ал ғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады. Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты - оның әлеуметтік құбылыстар мен процестердің болашақ дамуының бағыты анықтауында. Бұл жерде біз әлеуметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынас туарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері құбылыста; мен апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады.
4 Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен байланысы
Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланыстыратын негізгі нәрсе — ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қозғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады.