Экспортты мемлекеттік реттеу ҚР
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 ЭКСПОРТ ПЕН ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА 6
1.1 Халықаралық сауда теорияларының дамуы және экспортты реттеуде қолдану 6
1.2 Экспортты мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі 12
1.3 Экспорт пен Ұлттық экономика 17
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКСПОРТЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ 23
2.1 Қазақстанның экспортына талдау 23
2.2 Қазақстанның экспорттық өндірісін дамыту 26
2.3 Экспортты ынталандыру және дамыту жолдары 32
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКСПОРТТЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫ 41
3.1 Тарифтік және бейтарифтік реттеу 41
3.2 Экспорттық бақылау 50
3.3 Экспортты реттеудегі мемлекеттің атқарып жатқан іс-әрекеттері 55
ҚОРЫТЫНДЫ 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
КІРІСПЕ
1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Еліміздің тәуелсіздігінің айтарлықтай қысқа мерзімінде өзінің сыртқы экономикалық қызметінің географиясын біршама кеңейтті. Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қауымдастыққа ықпалдасуы барысында тауарлардың экпорттық легінің, қызметтер мен капиталдардың бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен дамыған елдердің рыногына қарай жаппай бағытталуы болып кетті.
1993-2001 жылдары аралығындағы сыртқы сауданың статистикасына жүгінетін болсақ, экспорт пен импорттың, жалпы тауар айналымының бірте-бірте ақырындап өсіп отырғандығын байқаймыз. Осы жағдайда негізгі экспортталатын тауарлар болып мұнай, газ конденсаты, қара және түсті металл, ауылшаруашылығы өнімдері қалып отыр. Яғни еліміздің экспорты шикізаттық бағытта болып отыр. Жалпы шикізат пен алғашқы өңдеуден өткен өнімдердің үлесіне тұтас экспорттың 80%-ы тиеді. Мұндай жағдайды тек қана отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігінің төмендігімен ғана емес, сонымен қатар экспортты ынталандырудың тиімді саясатының қолға алынбауы арқылы түсіндіруге болады.
Осы мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттер қойылған:
─ мемлекеттердің қазіргі таңдағы экспорттық саясатының шет елдердің тәжірибесін ала отырып теориялық аспектілерін қарастыру;
─ өтпелі кезең экономикасы жағдайындағы экспорттың ерекшелігін және оның ұлттық экономикаға, әсіресе салалық құрылымды оптимизациялауға қол жеткізуге әсер етуін табу;
─ ұлттық экономиканың сыртқы факторларға тәуелдігінің дәрежесін анықтау мақсатында республиканың экспортының қазіргі жағдайына аналитикалық баға беру;
─ экспортқа бағытталған өндірістің қазіргі таңдағы жағдайы мен мәнін және оны дамытудың қиындықтарын зерттеу;
─ экспортқа бағытталған өндіріске анықтама беріп, айтарлықтай приоритетті экспортқа бағытталған өндірісті анықтау үшін салыстырмалы артықшылықтарға талдау жүргізу;
─ экспортты дамытудың жолдарын көрсету;
─ экспортты мемлекеттік реттеудің негізгі проблемаларын тауып және осыған байланысты мемлекеттің атқарып жатқан іс-шараларына баға беру;
Дипломдық жұмыс кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан тұрады. Экспорт пен ұлттық экономика деген бірінші тарауда, халықаралық сауда теорияларының экспортты реттеудегі маңызы мен ұлттық экономиканы дамытудағы рөлі сөз болады. Сонымен қатар экспортты реттеудің шетелдік тәжірибесі қарастырылады.
1 ЭКСПОРТ ПЕН ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА
1.1 Халықаралық сауда теорияларының дамуы және экспортты реттеуде қолдану
Халықаралық сауда бүгінгі елдердің өндірісін дамыта отырып, өзінде бар ресурстарды тиімді пайдаланып, осылайша тауарлар мен қызмет түрін ұлғайтатын, халықтың әл-ауқатын арттыратын құралға айналып бара жатыр.
ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемдік сауданың орташа жылдық өсу қарқыны әлемдік жалпы ішкі өнімд өсу қарқынынан 1,5 есеге асып кетті. Бұл көптеген елдердің өмірінде әлемдік рыноктың рөлінің артқанын, олардың арасындағы байланыстың артқанын, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдегенін көрсетеді. Осылайша әлемдік экономикаға тартылған елдерге қатал халықаралық бәсекелесті жағдайында өзінің рыноктық үлесін алуға тура келеді.
Сол себепті де сыртқы сауда бір жағынан экономикалық өсудің қуатты факторы болып табылса, ал екінші жағынан елдердің халықаралық сауда айырбасына тәуелділігін арттырады. Сыртқы сауданың пайдасы, ол іскерлік белсенділікті жандандыру арқылы әр түрлі елдердің экономикалық дамуын теңестіруге мүмкіндік береді.
1.2 Экспортты мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесі
Сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің қазіргі таңдағы тәжірибесінен мынадай негізгі қағидаларды бөліп қарауға болады:
─ алдымен шешілуге тиісті приоритетті мәселелерді табу;
─ басқару иерархиясының барлық деңгейіндегі шаруашылық жүйелердің тиімді пропорционалдығы және тепе-теңдігі;
─ мемлекеттік реттеудің мәселелерінің деңгейіне және сипатына сәйкес әдістерді іріктеу;
─ макроэкономикалық тұрақтылықтың жекелеген жағдайына, ал қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсер ететін объектіні реттеуге жан-жақты кірісу;
─ шешім қабылдауға жүйелі түрде кірісу.[26]
1.3 Экспорт пен Ұлттық экономика
Экспорт пен ұлттық экономиканы дамытудағы мемлекеттің ролін бүгінде экономикалық ғылымда ешкімде жасырмайды. Өйткені Ұлттық шаруашылықты дамытуда халықаралық сауда оның ішінде экспорт ерекше әсер етеді. Бұл жағдай экономикасы дағдарыс жағдайында тұрған елдерге қатысты болып келеді.
Сыртқы сауданың құрамдас бөлігі болып, динамикасы сыртқы сауда айналымының өсуін немесе азаюын көрсететін экспорт пен импорт табылады. Атап айтсақ экономикалы тиімділік нені сыртқа шығару, нені ішке кіргізу керектігін анықтайды. Сауда теорияларына сәйкес айтарлықтай тиімді болып экспорт табылады, өйткені ол елімізге табыс, валюта әкеледі, жұмыс ен қамтиды тағы басқалар. Аталған артықшылықтар оның қызметіне байланысты. Анықтаушы қызметі болып табылатындар:
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКСПОРТЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ
2.1 Қазақстанның экспортына талдау
Соңғы он жылда Қазақстанда болған экономикалық қайта құрулар өзінің нәтижелерін беруде. Жаңа жүз жылдықтың басталуымен экономикалық өсім сәйкес келіп, еліміз жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалардың жемісін көре бастады.
Егер де 1993-2001жылдар аралығындағы сыртқы сауданың статистикасына жүгінетін болсақ, экспорт пен импорттың, жалпы тауар айналымының бірте-бірте (ақырындап) өсу тенденциясын байқаймыз. Бұл жағдайда экспорт пен импорттың құрамы сыртқы тауар рыногының жағдаяты деңгейінің маңызды индикаторы ретінде табылады. Сонымен қатар сыртқы сауданың жағымды сальдосы 1995 жылы бастап сақталынып, 2000 жылы 4,1млрд. долларды құрап өзінің шырқау шегіне жетті (4-кестені қараңыз).[11]
2.2 Қазақстанның экспорттық өндірісін дамыту
Мемлекеттің экономикалық стратегиясында маңызды орынды алыс және таяу шетелдермен сыртқы экономикалық қатынасты реттеуге және дамытуға, елдің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысуына бағытталған, экспортқа бағытталған саясат алады. Экспортқа бағытталған стратегияның негізгі мәселесі ретінде келешегі зор экспорттық салаларды табу, экономикалық өсімнің жоғарғы қарқыны мен үнемі сұранысқа ие болатын бәсекеге қабілетті, сапалы өнімді шығару жолымен өндірістің тиімділігіне қол жеткізу болып табылады. Тек қана экспорттық потенциалды дамыту ұлттық валютаның айналуы мен нығаюының экономикалық қиындықтарын түпкілікті шешеді және отандық экономика мен халықтың әл-ауқатының артуын қаржыландырудың сыртқы көздерін құрады.
2.3 Экспортты ынталандыру және дамыту жолдары
Дамыған нарықтық экономикалы елдердің сыртқы сауданы реттеу жүйесіндегі негізгі орынды ұлттық экспорттаушыларды ынталандыру тәсілдері алады. Бұл тәсілдер әр түрлі болып келеді.
Экспортты көтермелеудің негізгі құралы болып: субсидиялау, экспорттық-импорттық операцияларды сақтандыру мен несиелеу; салық жеңілдіктері, сонымен қатар капиталдарды әкету мен әкелуді ынталандыру, тауарларды өндіру мен өткізуге мемлекеттің белсенді қатысуы, экспорттық өндіріске ұзақ мерзімді капиталдар салу.[20]
Экспорттаушыларға қаржылық көмек беру кеңінен таралуда. Бұл экспорттаушы фирмаларға әртүрлі қаржы қызметтерін көрсету, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу арқылы қамтамасыз етіледі. Халықаралық ұйымдардың тиым салуына қарамастан, кейбір елдер экспорттаушыларға мемлекеттік бюджеттен ішкі рыноктағы жоғары бағамен әлемдік рыноктағы сол тектес тауарларға деген төменгі бағаның арасындағы айырмашылықты жабу үшін субсидия беруге ұмтылады. Субсидия экспорттаушыларға шығарылатын тауарлардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді және осындай жолмен өз экспорттарын кеңейтуге, ал жеке фирмаларға қиындық туғызатын рыноктарға енуіне мүмкіндік береді. Осы тәжірибені антидемпингтік конвенциялар да ұстанады. Сондықтан да оған қол қойған елдер басқа тәсілдерді іздейді.
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКСПОРТТЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Тарифтік және бейтарифтік реттеу
Еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде экспортты реттеу мәселелері маңызды және өзекті болып табылады. Бұл жайында мынандай фактіге сүйенсек 2002 жылы жалпы ішкі өнімдегі экспорттың үлесі 40% құраса, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 44% құраған.[12]
Осы жағдайда негізгі экспортталатын тауарларға мұнай, газ конденсаты, қара және түсті металл, ауылшаруашылығы шикізатын жатқызамыз. Жалпы шикізат пен алғашқы өңдеуден өткен өнімдердің үлесіне тұтас экспорттың 80% тиеді. Бұндай жағдайды тек қана отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігінің төмендігімен ғана емес, сонымен қатар экспортты ынталандырудың тиімді саясатының қолға алынбауы арқылы түсіндіруге болады.
Республиканың қазіргі сауда режимінде экспорт тарифтік (экспорттық баж) және бейтарифтік (лицензиялау, квоталау, тыйым салу тағы басқалар) шаралармен реттелінеді.
Кеден кодексіне сәйкес тауарлардың экспорты мен импорты бейтарифтік реттеу шаралары сақталған және кеден баждары төленген жағдайда жүзеге асырылады.
3.2 Экспорттық бақылау
Экспорттық бақылау – бұл экспорты экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда мемлекетке белгілі бір зиян келтіретін, мемлекеттің стратегиялық және саяси мүдделеріне қайшы келетін өнімдердің экспортын бақылауға, тыйым салуға, шектеуге байланысты ұйымдастыру – құқықтық және экономикалық іс-шаралардың жүйесі.
Таратпау саясатын ұстану Қазақстанның сыртқы саясатының негізі болатын қағидаларының бірі болып табылады. Қазақстан жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтуға байланысты әлемдік қауымдастықтың іс-әрекетіне өзінің қолдан келген көмегін көрсетуге әзір. Осы жағынан келгендк Қазақстан жаппай қырып-жою қаруларын таратпау саласында, экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері саласында нақты халықаралық міндеттерге ие. Қазақстан өзінің іс-әрекетін халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлес ретінде қарастырып, қатаң экспорттық бақылау жаппай қырып-жою қаруымен, терроризмнің таралуының жолын кеседі деп санайды.[2]
ҚОРЫТЫНДЫ
Соңғы он жылда болған Қазақстанның экономикасындағы қайта құрулар өзінің айтарлықтай нәтижелерін беруде. Тәуелсіздігіміздің он жылында сыртқы сауданы мемлекеттік реттеу түпкілікті өзгерді. Сыртқы сауда саясатындағы болған өзгерістер еліміздің шаруашылық танудың жаңа жағдайларына бейімделу, әлемдік экономикаға ықпалдасу мен жаһандану, әлеуметтік-экономикалық дамудың өзіндік жолын таңдау қажеттілігінен туындаған.
Қазіргі жағдайда сыртқы сауда көптеген елдер үшін экономикалық өсімнің қуатты және маңызды факторы болып отыр. Сонымен бірге халықаралық тауар айналымының дамуы арқасында әртүрлі елдер арасындағы экономикалық өзара байланыс күшеюде.